Тақырып: Салауаттылық –өмір негізі 9 сынып

Сабақ мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін дұрыс әрекет  жасауға үйрету.   Міндеттері: ü  Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. ü  Оқушылардың денсаулықтын  күтудегі  ұқыптылық, тәртіптіліктерін нығайту.   ü  Салауатты өмір сүруге,  төзімділікке тәрбиелеу.Сабақ барысы:   Ұйымдастырукезеңi.   Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.       Үй тапсырмасын тексеру.    Зиянды заттардын адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы туралы постер қорғау. Дәйексөз.   Денсаулық-зор байлық.                 ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: ЖББ Амангелді ОМБ

Сабақ:№3

Тақырып:Салауаттылық -өмір негізі

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер:Ұқыптылық,тәртіптілік,төзімділік,өз уақытын дұрыс пайдалану

Мұғалiм:Уразалиева Айман Нургалиевна

Сынып: 9

Оқушылар саны: 20

Сабақ мақсаты:

Денсаулықты сақтау үшін дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

  • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Оқушылардың денсаулықтын күтудегі ұқыптылық, тәртіптіліктерін нығайту.

  • Салауатты өмір сүруге, төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Зиянды заттардын адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы туралы постер қорғау.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Денсаулық-зор байлық.

Халық мақалы

Пікірлесу:

1."Денсаулық- өмір негізі" дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

3.Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?

4.Дені сау адам қандай болады?

5.Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?


  1. Әңгiмелеу.

Денсаулық дәрісі.

(аңыз әңгіме)

Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде «Денсаулық» салатын жасап жеуді ұсынады. Ал, салат құрамы мынандай екен: «Тыңдай білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде пайдаланыңыз»- деген екен.

1.Емшінің сөзінен кейін патша емді өмірінде қалай қолданады деп ойлайсыңдар?

2. Ал, балалар, қалай ойлайсыз, бұл салат пайдалы ма екен?

3. Ал, балалар, бұл салатты өз өмірімізде пайдалансақ, бұл біздің дұрыс жасағанымыз ба?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма

1-топ Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды айту

2-топ Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлалды айту

2-тапсырма Сөз ұйқастары беріледі,өлең құрастыру керек.

1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

3-тапсырма Жағдаяттар талдау

1-жағдаят:

Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

 Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

2-жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

 Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.


  1. Топпен ән айту.

«Балдаурен» Музарт тобы


  1. Үй тапсырмасы.

1-тапсырма

Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтыру.

«Біз салауатты өмірді қолдаймыз» тақырыбында сурет салу

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай әуен қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттеріңді жүрегіңізге түйіп алыңыздар...


© 2010-2022