Урок по казахскому языку на тему: Тілім барда айтылар сөз ойдағы/4 класс/

Тақырыбы: Тілім  барда айтылар сөз ойдағы Мақсаты:   Оқушылардың  тіл туралы білімдерін жетілдіру,мемлекеттік  тілге  Мемлекеттік тілге ,өз  тілін туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Көрнеклігі : қанаты сөздер Барысы : ашылуы: «Шашу »биі І бөлім: Көрініс 1-оқушы:Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Серпіп тастап мұңды жүрек түндігін   Тіл туралы заңым енді күшіне Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, «Сүйінші !»-деп ақын ұлың жырласын 2-оқушы:-Сәлем досым! 1-оқушы: -Жақсы ! Достым бүгін не үшін жинал...
Раздел Иностранные языки
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру,мемлекеттік тілге Мемлекеттік тілге ,өз тілін туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Көрнеклігі : қанаты сөздер

Барысы : ашылуы: «Шашу »биі

І бөлім: Көрініс

1-оқушы:Қуан далам!

Қуанатын күн бүгін,

Серпіп тастап мұңды жүрек түндігін

Тіл туралы заңым енді күшіне

Қуан халқым!

Күшіне енді тіл заңы,

«Сүйінші !»-деп ақын ұлың жырласын

2-оқушы:-Сәлем досым!

1-оқушы: -Жақсы !

Достым бүгін не үшін жиналып жатырмыз?

1-оқушы:-Бүгін ! «Тілім барда айтылар сөз ойдағы » атты сынып сағаты болады.

2-оқушы: -Осы тіл не үшін керек?

  1. оқушы: -Достым -ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу,түсіндіру үшін қажет қой

Мұғалім:«Тіл-қарым -қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?

2-оқушы: Жарайды,тіл қарым -қатынас ққралы ақ болсын,онда адамдардың барлығы бір тілде сөйлеп,түсіне бермей ме?

Ана тілі деп бөлгені несі?

3-оқушы Ой-ай, тапқышбегім-ай!

Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы,өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

4- Оқушы: Ана тілі дегеніміз ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой . Ал ана деген -бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан:

5-Оқушы :Ендеше ,мен сендерге С. Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін.

Сол бір тілмен дүниені аттадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинаптым.

Сол тіліммен сәбілерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім,аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

1-оқушы:Керемет екен. Ал,Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім ,мен де бірге өшемін

2-оқушы

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірім,

Тілсіз нені білдіре алам ,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,Кілтін табар саналысы сезінем

О. Адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілің -анаң ,сыйлап өтіңдер!

  1. Оқушы:Дұрыс ақ ,бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?

5-оқушы : Әрине,адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас. Ондайлар жайлы қырғыз,ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желіебас

Ана тілін сүймеген -

Халқын сүйіп жарытпас:

4-оқушы :Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» - деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық достар!

5-оқушы: Қазақ тілі- ол тек отбасы, ошақ қасының тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.

3-оқушы: Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30-тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал, 1997 жылы 11- шілдеде «Тіл туралы » заң қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі- қазақ тілі » екенін жазды.

4-оқушы: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның билігіне жетіп, қазақ халқының өткен- кеткенін зерделеп, оны жете тани аламы. Өз тілімізді құрметтеу арқылы, басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламы.

6-оқушы: Бәрекелді, достар! Тіл туралы қаншама пікірталастар, әңгімелер жүргізіп отырсыңдар. Оларың дұрыс екен. Менде қалыс қалмай сіздерге жақсы бір ән орындап берейін.

ІІ бөлім

  1. Әдеби монтаж

  2. Би

  3. Ән. Француз тілінде

  4. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Құрметті ( ата-аналар, ұстаздар,) оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қаншама пікірталастар жүргізілді, әңгімелер айтылды, өлеңдер оқылды, ән шырқалып, би биленді.

Ал мен сендерге тіл туралы қосымша мәлімет бере кетейін.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп, ұлттарды бір-бірінен ажратып бөлетін де жақындаттырып турыс ететін де басты белгісі оның тілі.

Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

  • Айтыңдаршы, қандай тілдерді білесіндер?

  • Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев үш тілді де меңгер-дейді:- Ол қандай тілдер? (қазақ, орыс, ағылшын)

  • Өте орынды айтқан. Қадір Мырза-Әлі айтпақшы, өзге тілдің бәрін үйреніңдер, ал өз тілдеріңді құрметтеңдер.

Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерге. Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді. Орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, жапон, испан тілі.

Кез-келген ұлт, халық ең бірінші рухани өрісімен, жан байлығымен өлшенеді.

Ал халықтың өнері, мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз ата-баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу.

Осыны естеріңе сақтаңдар.

Құрметті көрермендер алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызды көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет.

Әдеби кешімізді әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән:

  • Сау саламатта болыңыздар.

Тіліміз бен дініміз жоғалмасын!



© 2010-2022