Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытуды жетілдірудің бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени орт...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

31 орта мектеп

Жақсылықова Марина

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын функционалды сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.
Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытуды жетілдірудің бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол - ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету - қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.

Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.

Әдебиет - оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.

Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы әркімде де толғандыруы тиіс.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.

Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі - баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру.

Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту арқылы қазақша тілдік тұлға қалыптастыру - қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады .

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі әлі де болса, формалдық грамматика логикасы негізінде оқытылып келеді. Оның салдары - меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда - бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы - өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

© 2010-2022