- Преподавателю
- Иностранные языки
- 4 сынып «Жануарлар әлемінде»
4 сынып «Жануарлар әлемінде»
Раздел | Иностранные языки |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Абилова Г.Б. |
Дата | 05.05.2014 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Ашық сабақ 4 сынып
Жануарлар әлемінде
Мұғалім Әбілова Г.Б.
№31 мектебі
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға үй жануарлары мен дала жануарларын айыра білуге үйрету, жануарлар туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылығы: Граматикалық тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру, суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелігі: Жануарлардың пайдасын түсіне отырып оларға қамқор болуға тәрбиелеу .
Әдісі:
көрсету, түсінік беру, ойын жаттықтыру, сұрақ-жауап, жұмбақ, сөз жұмбақ шешу, жеке жұмыс.
Көрнекілігі:
интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар, сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
Үй-тапсырмасы
Етістіктің осы шағына сөйлем құрастыру.
Ережені еске түсіру.
Етістік дегеніміз не?
Етістікті жікте
Өткен шақ
Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс- қимылды білдіреді.
Жасалу жолы: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалады.
Мен айт -ты -м
Сен айт -ты - ң
Сіз айт - ты - ңыз
Ол айт -ты
Сөздікпен жұмыс
Әлем - мир
Ірі - крупный (-ая, -ое)
Ғаламшар - планета
Керік - жираф
Зіл - бегемот
Қоңыз - жук
Оқулықпен жұмыс
1 - тапсырма.
Диалогты оқу.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
Венн диаграммасы
Адасқан сурет
Дауыстар әлемі
Жұмбақтар шешу.
Келеді бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
Жем - шөптен бір тартынбайды,
Сабаса да сарқылмайды.
Мұрны насос, кран да,
Таңғаламын бұл аңға.
Тарғыл түсті,
Ерен күшті.
Аяғы сырықтай,
Мойны құрықтай
Оқулықпен жұмыс.
5 - тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқы.
Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің ғаламшарымыздағы ең ірі жануар - көк кит.
Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар - піл. Зіл - пілден кейінгі ең алып жануар.
Оның салмағы - 3,5 тонна, күндік азығы - 70 кг. Әлемдегі ең биік жануар - керік, оның бойы 5-6 метр. Ең жүйрік аң - гепард. Әлемдегі ең үлкен құс - африкадағы түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы - колибр. Оның салмағы - 1,5 гр. Әлемдегі ең ірі қоңыз - дровосек, ең ірі көбелек - агриппина.
Сабақты бекіту:
Тест сұрақтары.
1.Сөздердің аудармасын тап, сызықпен көрсет
1.Әлем жираф
2.Піл тигр
3.Шөл слон
4.Жолбарыс пустыня
5.Керік мир
2. Жуан буынды сөзді тап.
А) көбелек; Ә) керік; Б) жолбарыс; В) әлем.
3. Көк киттың ұзындығы неше метр?
А) 25 м; Ә) 33 м; Б) 40 м; В) 45 м.
4. Өткен шақ калай аударылады?
А) настоящее время; Ә) прошедшее время; Б) будущее время.
5.Түйенің сүтін қалай атайды?
А) қымыз; Ә) айран; Б) шұбат; В) кілегей.
6. Сөйлемді аяқта. «Жолбарыс ө өте күшті жыртқыш...»
А) құс; Ә) аң; Б) жәндік; В) жануар.
7. Артық сөзді тап.
А) аю; Ә ) торғай; Б) жолбарыс; В) қасқыр;
8. Тиісті жалғауды таңда. «Мен жазда лагерьге бар...»
А) -дым; Ә) -дың; Б) -ды; В) -тым.
9. Тәуелденген сөзді тап.
А) екеу; Ә) жолаушылар; Б) киноға; В) добым.
10. Тиісті септік жалғауын жалға. Цирк... бардым.
А) -ге; Ә) -ке; Б) -пен; В) -те;
Үй тапсырмасы
3 - тапсырма, 175 бет.