Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.2. Тәрбиелік: Еліміздің рәміздеріне саналы патриоттық көзқарасты қалыптастыру,отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың эпиграфы: «Мемлек...
Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласы
«№ 19 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сапарғалиева Жанар Ибрагимовна

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.

3. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

2. Тәрбиелік: Еліміздің рәміздеріне саналы патриоттық көзқарасты қалыптастыру,отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер, түрлі слайдтар

Сабақтың түрі:аралас сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөйлесім, жазылым

Сабақтың кезеңдері:

І-кезең «Қазақша тамаша»

ІІ-кезең «Еліміздің рәміздері - тәуелсіздік белгісі»

ІІІ-кезең «Бәйге»

IV-кезең «Үйге тапсырма алу»

V-кезең «Қорытындылау, бағалау»

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу, оқушыларды тілдік ортаға кіргізу үшін сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу:

  • ауа райы туралы мәлімет;

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

  • кезекшінің рапорты;

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

  • Қазақстан туралы.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақ халқы өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең - таңба ?! - деп ақындарымыз жырлаған екен.

Сондықтан, балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағында біз сендермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелесеміз.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін нышандар болып саналады. Мемлекеттік рәміздер - ұлтымыздың зор мақтанышы.

Балалар, бүгінгі сабақ 5 кезеңге бөлінеді.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

1 - кезеңді бастаймыз.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 классРазработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

ІІ-кезең «Еліміздің рәміздері - тәуелсіздік белгісі»

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Тапсырма. Жаңа кезеңге көшу үшін тақтада берілген сын есім мен зат есімнің морфологиялық талдауын жасаңдар. (Қосымша)

  • Өте жақсы, грамматикалық тапсырманы орындадық та, енді жаңа сабағымызды бастаймыз.Н.Назарбаевтың сөзін оқыту, аударту.(Қосымша)

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы мәтінді оқыту, туының негізгі элементтерін, авторын айту.(Қосымша)

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 классРазработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы мәтінді оқыту, елтаңбаның негізгі элементтерін, авторларын айту.(Қосымша)

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 классРазработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны туралы мәтінді оқыту, авторларын айту.(Қосымша)

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Өлеңмен жұмыс: оқыту, аудару, мағынасын түсіндіру, тәуелдік жалғауларды анықтау.

Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Сергіту сәті.

ІІІ-кезең «Бәйге» ойынын ойнату.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

IV-кезең «Үйге тапсырма алу»

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

V-кезең «Қорытындылау, бағалау»

-Балалар, Отан сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Сондықтан барлық уақыттарда мемлекеттік рәміздер - бұл ұлттық мақтаныштың және оларға деген ерекше көзқарастың белгілері.

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс

Сендердің білімдерің мен жігерлерің, күш-қуаттарың мен жақсы атаулыға ұмтылыстарың біздің Отанымызға қажет. Ал енді бәрінен бұрын оған сендердің сүйіспеншіліктерің қажет. Өз еліңе деген терең сүйіспеншілік сезімі, шынайы патриотизм болмайынша нағыз азамат та, нағыз адам да жоқ.

Қазақстандағы әр азаматтың туған ел мен жерге деген жүрек түпкіріндегі ыстық сезімі отансүйгіштік қасиетті қалыптастырады. Өйткені, егемен елімізде ұлтымыздың рухын көтерген көгілдір Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны бар.

Отан сендерге өте зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін!

Разработка урока по теме Мемлекеттік рәміздер 5 класс



© 2010-2022