Урок казахского языка по теме Ас мәзірі

Сабақтың тақырыбы: Ас мәзіріСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ас мәзірі туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс. Сабақтық ...
Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ас мәзірі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ас мәзірі туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: бейнеролик, презентация

Пәнаралық байланыс: тарих,
Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, кезекші рапорты.

ІІ. Ынталандыру кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық: : «Бас бармақ» тәсілі - Көңілдеріңіз қандай?

«Жүректен жүрекке» тренингі.

  1. Топтарға бөліну

Тренинг: Үш жақсы оқитын оқушы шақырылады, олар өзімен алатын оқушыларды таңдайды: Мен Женямен бірге асханаға барғым келеді.(арғарай Оля таңдайды...).

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушылар бір біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды( топтар шеңбер бойынша).

  • Тест орындау. Бір- бірін тексеру.

. Тест

  1. Тәуелденген есімшені тап

    А) отырармыз

    В) келетін

    С) келмектің

    Д) көрер

    Е) барғаны

  2. Қою тағамды тап

    А) палау

    В) борщ

    С) құрт

    Д) шай

    Е) шырын

  3. -нда,-нде, -да, -де, - та, те қай септік жалғауы

    А) Кс

    В) Шс

    С) Іс

    Д) Жс

    Е) Тс

  4. Кіреберісте

    А) ас

    В) ас мәзірі

    С) лағман

    Д) сүртті

    Е) қорлама

  5. Ауыспалы есімшені көрсет

    А) табақтың

    В) көнбекпін

    С) санайтын

    Д) қорлама

    Е) таңертең

  6. «Біз жеу үшін өмір сүрмейміз

өмір сүру үшін жейміз»- кімнің сөзі

А) Сократ

В) Алтынсарин

С) Абай

Д) Гюго

Е) Қастеев

  1. Тиісті жалғауды тап Менің сүйікті ас...

    А) -ы

    В) -м

    С) -сы

    Д) -ің

    Е) -ым

  2. Әр темекі адам өмірін ... ... қысқартады.

    А) 15 минутқа

    В) 15 сағатқа

    С)20 минутқа

    Д) 15 секундқа

    Е) 25 минутқа

  3. Жасағансыз

    А) т.ж.,ІІ ж. есімше

    В) ж.ж.,І ж. есімше

    С) ІІІ ж. көпше есімше

    Д) ж.ж., ІІж.сыпайы, есімше

    Е) ІІ ж. етістік сыпайы

  4. Мақалды жалғастыр: Бас сау болса...

А) жаны сау

В) байлық негізі

С) басқа бөрік табылады

Д) көңілің жай болар

Е) барында кім оны аңдайды

Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою.

  • «Бұл не?» ойыны (үстел, қырыққабат, кастрюль). Әр топтан бір оқушы шығады.

  • Бұл заттар қайда болады?

  • Бейнеороликті көріп, тақырыпты анықтау.

  • Тақырып бойынша үш қатарға зат есім, сын есім, етістіктерді жазғызу (жеке және сосын топта әңгімелесу)- 2 мин.

ІІІ. Мағынаны ажырату кезеңі:

Мәтінмен жұмыс:

  • Тізбектеп оқыту

  • Бейтаныс сөздерді сөздікке көшіріп жазыңдар

  • Сұрақтарға жауап беру:

-Қазіргі кезде қайда тамақтануға болады?

-Тәртіп бойынша дастарқанға бірінші қандай тағамдар қойылады?

-Ас мәзірінде қандай тағам түрлері көрсетіледі?

Топтық жұмыс: Әр топ өз асханаға жарнама жасайды және өз ас мәзірін дайындайды(А4 парағына). Уақыт- 10 мин.

Тексеріс: қалауы бойынша оқыту.

«Ең мықты аспазшылар» байқауы:

Топта рецепт жазу - 5 мин.

Тексеріс: топтар кезекпен оқиды.

Ой толғаныс: Деңгейлік тапсырма:
Синквейн «Ас мәзірі»- 2 мин.

Тексеріс: «Авторлық орындықта» оқыту

1-тапсырма.Бағандағы сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар. Сөйлемдеріңді келер шақта жазыңдар.

Таңертең Ет Же.....

Мен Түсте Сорпа Іш....

Кешке Май

Ұйықтар алдында Шай

Нан

Айран

Картоп

Шұбат

Қымыз

Шырын

Көже

Жұмыртқа

Сүтті шай

2-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңдер.

1. Мәнті қою

2. Сусын кесу

3. Жұмыртқа жасау

4. Тамақ буға пісіру

5. Дастарханға пісіру

6. Кеспе қуыру

7. Ет ішу

  • Тексеріс: әр топ кезекпен бір сөзден оқиды «Ой қозғау» Бұл тақырып бойынша біз не білеміз? Әр топ жауап береді.

Ү. Кері байланыс: «Бас бармақ» тәсілі.

VI. Үй тапсырмасы: сөздер, ережелерді қайталау,

«Мейрамханада» тақырыбына сөйлесу құрастыру, презентация н/е бейнеролик

VIІ.Білімді бағалау: оқушылардың білім сапасы мен тіл байлықтарына, ой-пікірлерінің құндылықтарына, жауаптарына орай, білім деңгейін бағалау.



© 2010-2022