Диктант на тему Домбыра

–классный руководитель 8 класса. Коллектив моего класса выступает на открытых классных часах Веду в классе мониторинг успеваемости учащихся по месяцам, предметы, четвертям. Мной проводит родительские собрания, индивидуальные беседы, знает условия жизни каждого жизни каждого ребенка, посещает неблагополучные семьи. Родительское собрания: «Семья и общество». Пользуюсь авторитетом среди общественности, детей, родителей и учителей, школьных праздниках. Воспитательная работа с учащимися основана на у...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №16

Сабақтың тақырыбы: Диктант. « Домбыра».

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларды мәтінді бейімделе тыңдай отырып, грамматикалық сауаттарын арттыру.

Дамытушылық: Оқушыларды таза , ұқыпты және тез жаза білуге дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды қазақтың ұлттық өнерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме-сұхбат

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

Жаңа сөздер:

Үрмелі аспап- духовой инструмент

Ішекті аспап- струнный инструмент

Соқпалы аспап- ударный инструмент

Мүсін- скульптура

Көшпелі- кочевой

Ысқы- смычок

Мүйіз- рог

Мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқып беру.

Сұрақтарға жауап беру.

Қазақтың ұлттық аспабы не?

Домбыраның қандай түрлері бар?

Ұлттық аспаптардың бір- бірінен айырмашылықтары барма? Қандай?

Музыкалық аспаптардың түрлері қандай?

Диктант жазу.

Домбыра.

Қазақ халқының ең кең тараған аспабы- домбыра. Оның шығу тегі ғасырлар терңіне кетеді. Ежелгі Хоррезм қаласынеың археологиялық қазба жұмыстары кезінде шертпелі аспапта ойнайтын музыканттардың күйдірілген саздан жасалған мүсіндері табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, Хоррезмдік мұндай қос ішекті аспапта 2000 жылы бұрын қолданысқа енген. Олар көшпелі сақтардың музыкалық аспаптарының бірі болған.

Домбыра екі түрге бөлінеді: батыстсқ және шығыстық.

Қазақстанның баыс аймақтарында кездесетін домбыраның мойны ұзын, жіңішке және сопақ , ал шығыс аймақтарында кездесетін домбыраның мойны қысқа, жалпақ және жайпақ болып келеді. Бұл Қазақстанның батыс аймақтарында төке күйдің, ал шығыс аймақтарында шертпе күйдің орындалу табиғатына байланысты.

Төкпе күйдің өкілдеріне: Құрманғазы, Дәулеткерей ,Қазанғап, Абыл , Есір, Есбай, Дина, Сейтек, ал шерпе күйдің өкілдеріне : Байжігіт, Тәттәмбет, Тоқа, Дайрабай, Сүгір, Раздық және тағы басқалар жатады.

Талдау жұмысы:

«Домбыра» сөзін септеу.

Ү. Үй жұмысы.

Сөздерді қайталап жаттау.

ҮІ. Бағалау.



8 сынып. № 13.

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. №1.

«Ел ордасы - Астана»

Сабақтың мақсаты: Астана туралы мәтінмен танысып, мазмұндама жазу.

Мәтінді терең түсініп, оның мазмұнын өз сөзімен дұрыс жеткізе білу

дағдыларын дамыту. Қазақ тілін меңгергенін, қазақша сөз байлығының

мол екенін көрсету. Патриоттық сезім тәрбиелеу.

Ұқыпты тыңдауға, есте сақтауға, сауатты жазуға баулу.

Көрнекілік: Астана көрінісі. Мәтін.

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың түрі. Бақылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Мазмұндама жазуға дайындық:

1. Сөздік жұмыс.

2. Мәтінді оқу.

Астана.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана. Бүгінге Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір - талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндрдың батыстағы бір ордасы болған.

Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.

Астана - болашағы үлкен қала. Мұнда әсем зәулім ғимараттар салынып жатыр.

Астана іскерлік және мәдени орталығына айналды.

2. Мәтінді оқып ауызша әңгімелеп беру.

3. Мәтін бойынша сұрақтар қою. Астана қандай қала? Бұл қандай өңір? Астананың болашағы қандай?

Мазмұндама жазып, тексеріп тапсыру.





Үй жұмысы: 2.5.7. - тақырып. 24 бет.



© 2010-2022