Поурочный план по казахскому языку Ұлттық валюта (6-сынып)

Оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы:   Ұлттық валюта. Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: берілген тақырып аясында оқушылармен сұхбаттасу. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу. ә) Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, тілдесім әрекетін жанданды...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по казахскому языку Ұлттық валюта (6-сынып)Поурочный план по казахскому языку Ұлттық валюта (6-сынып)Поурочный план по казахскому языку Ұлттық валюта (6-сынып)Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық валюта.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: берілген тақырып аясында оқушылармен сұхбаттасу. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

ә) Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру.

б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сынып сабаққа дайын ба?

-Көңіл-күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па?

-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Қазақстанның ұлттық валютасы не?

- Қазақстанда ұлттық теңге қашан айналымға түсті?

IY. Жаңа тақырып:

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

ұлттық валюта-национальная валюта пайдалану-пользоваться

қолдану-применять тарату-раздавать

1. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін белгілердің бірі- ұлттық ақша. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығарды.

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі шықты. 1993 жылғы 15 қарашадан теңге айналымға енді.

Бірінші шыққан ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою- өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою- өрнектер, табиғат көріністері бейнеленген, елтаңбамыз салынған.

2006 жылы шыққан 200 теңгенің бір бетінде Қазақстанның елтаңбасы, туы, Астана қаласының «Бәйтерек» кешені, елбасының қолтаңбасы бейнеленген. Екінші бетінде Қазақстан картасының бейнесінде жаңа архитектуралық ғимараттар, мүсіндер берілген.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

-Мәтінге ат қойдырту.

Топпен жұмыс.

1-тапсырма.

I топ. Мәтін ішіндегі 1- сөйлемді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажырату.

II топ. Мәтін ішіндегі 2- сөйлемді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажырату.

III топ. Мәтін ішіндегі 3- сөйлемді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажырату.

2-тапсырма.

I топ. Ақша сөзін тәуелдеу.

II топ. Теңге сөзін тәуелдеу.

III топ. Тәуелсіздік сөзін тәуелдеу.

3-тапсырма.

I топ. 1-2- абзацқа сұрақ дайындау.

II топ. 3- абзацқа сұрақ дайындау.

III топ. 4- абзацқа сұрақ дайындау.

V. Бекіту.

-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылды?

VI. Бағалау.

YII. Үйге тапсырма:

-Буын түрлерін, жалғау түрлерін қайталау.

-34-бет 4-тапсырма.

4-тапсырма.Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.

Мысалы: Қарашадан қараша түбір, дан - жалғау, шығыс септік.

YIII. Рефлексия:

Сабақ керемет өтті Сабақ жақсы өтті Сабақ нашар өтті


IX. Сабақ соңы.































© 2010-2022