Сабақ What’s your name?

Раздел Иностранные языки
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№2

Пәні: Ағылшын тілі

Күні:

Сыныбы: 1 « »

Сабақтың тақырыбы: Unit 1. Lesson 2. What's your name?

Сабақтың мақсаты:«What's your name?» сұрағын қоюды үйрету. Оқушылардың ағылшын тілінің [θ], [w] ерекше дыбыстарымен таныстыру. 1 - ден 5 - ке дейін сан есімдерін үйрену

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: фонетикалық ойын - жаттығу арқылы фонетикалық дағдылар мен білімді дамыту, «What's your name? My name is Kate. Good morning children» сөйлемдерін меңгеру және сөйлеу тілдерінде қолдана білу; қарапайым сыпайы сауал - диалог жүргізу дағдысы. 1-5 сандарын енгізу;

Тұлғалық: Оқушының ағылшын тілін тіліне қызығушылығын дамыту, зейіні мен жадын дамыту; өзге адамдарды құрметтеуге және сыпайы болуға үйрену.

Жүйелік - әрекеттік:«What's your name?» сұрағына дұрыс реплика қайтара білу және дұрыс сұрақ қоя білу, ағылшын тілінде 1 - ден 5-ке дейін санауды үйрену.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызыметін ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, сандар бейнеленген флэш - карталар.

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка («We say hello» әнін орындау), математика (1 - ден 5 - ке дейін санау).

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру сәті.

Сәлемдесу:

Мұғалім: Hello children! I'm (мұғалім өзін таныстырады). Мұғалім ишарат жасап, балаларды орындарына отыруға шақырады. Sit down, please.

ІІ Тірек білімді белсенділеу.

Фонетикалық ойын - жаттығу

Балалар, бүгін біз тағы да Mr.Wise Crow келді. Онымен амандасайық: Hello Mr.Wise Crow! Оың халі қалай екен: How are you, Mr.Wise Crow!

Мұғалім дауысын сәл өзгертіп, Қарғаның орнына жауап береді: I'm fine, thank you, children!

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Балалар (children), бүгін біз: «Атың кім?» - «What's your name?» сұрақтарын қоюды және оларға жауап беруді үйренеміз: "My name is…." Ағылшын тілінде 1 - ден 5 - ке дейін санауды үйренеміз.

IV Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім өзі «What's your name?» деген сұрақты қойып және оған жауап береді: "My name is….".

Мұғалім оқушылардың назарын ағылшын тіліндегі [w] ерекше дыбысының дұрыс артикуляциясына аударады.

Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу.

Look, listen and repeat.

Track 4

Teacher: hello, children

What's your name?

Alibek: My name is Alibek.

Anar: My name is Anar

1 - жаттығу.Listen and sing

Балалармен бірге ән тыңдаңыз. Балалар фразаларды дұрыс естіп, қайталай алуы үшін әр жолды бәсең қарқынмен айтыңыз.

4 - жаттығу. listen and learn.

Оқушыларды 1 - ден 5 - ке дейін сандармен таныстыру. Мұғалім оқушыларға 1 - ден 5 - ке дейін сандарды көрсетіп, ағылшын тілінде атауларымен таныстырады.

Сергіту сәті:

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерінде берілген материалды бекітуге арналған жаттығулар беріледі.

1 - жаттығу: Find and tick.

Бұл жаттығу балалар бірінші сабақта танысқан лексикалық бірліктерді қайталайды. Балалар ер баланы, қызды және мұғалімді тауып, тиісті төртбұрышты қанатша белгісін қоюға тиіс.

2 - жаттығу: count and trace over the number

V. Сабақты қорытындылау.

- Сендердің әрқайсысың не үйрендіңдер? Бүгін үйге барғанда ата - аналарыңа достарыңа сендер не айта аласыңдар? Бүгінгі сабақ үшін кімді мақтай аласыңдар?

Ата - аналарға арналған тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін сандар белгіленген карточкалар дайындау.




© 2010-2022