Презентация по казахскому языку на темуОқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындау жолдары

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:















Оқушыларды қазақ тілі пәнінен

ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Баяндама



























Оқушыларды қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі болып қоймай, бірыңғай ұлттық тестілеудің балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушының төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық.Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады.Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екенін көрсетеді.Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық: 1. Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек.Ілгерінді, кейінді ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттаған дұрыс. Ережені жатқа білген оқушы мысалды есіне сақтай алады. 2. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыпқа 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады. Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс. 3. Морфологияны талдау барысында Н.Оразахынованың «Сатылай кешені бойынша» талдауын пайдалану, әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді. 4. Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек. Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасату арқылы, сұрақ қою арқылы айыра біледі. Жалаң түрде ережені айтып, лекция түрінде мысалдар жазғызу жеткіліксіз. 5. Тыныс белгілерін қайталаған кезде, тыныс белгілерінің ережесін жаттатқан соң, тыныс белгілерінің сызбасын ғана беріп, мысалдар құратып жазғызу керек. Сонда оқушы тыныс белгілерінің ережесін есте сақтайды. Әр тараудан кейін тест жұмысын алып, қандай сұрақтардан қателер жібергенін анықтап, сол тақырыпты оқушыға қайтадан түсіндіру керек. Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Мысалы, мына тұрақты тіркесінің антонимін табыңыз: ат ізін құрғатпады- ат ізін салмады. Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білуі шарт. Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен отырғызып дайындау да тиімді. Дегенмен жекелеген оқушылармен арнайы жұмыс жасасаңыз нәтижеге жылдам жетесіз. Айталық, құрмалас сөйлемді қайталағанда, бірінші топ салаластың түрін қайталайды, екінші топ сабақтастың түрін қайталайды, үшінші топ араластың түрін қайталайды. Тақтаға шығып сызба немесе модель сызу арқылы түсіндіреді. Келесі жолы ауысып түсіндіреді. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түсіндіріп, оқушыға мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп, өзіне қайталата отырып қорыту керек. Ережелерді мысалдармен қоса жатқа білетін оқушы тапсырманың кез келгенін дұрыс орындайды. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі. Мұғалім бағдарлама құрып, жиі қосымша сабақ беріп отырса, жетістікке жетеді.

























© 2010-2022