Сөз тіркесі

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі туралы жалпы түсінік беру. Білімділігі: Оқушыларға сөз тіркестірінің бір-біріне бағына байланысқан толық мағыналы сөздер екенін ұғындыру. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын,сөз тіркесін құрауға  тіл байлығын дамыту. Тәрбиелігі: Ойланып жауап беруге,сауатты ,ұқыпты,таза ,көркем жазуға  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: пысықтау Сабақтың әдістері: сәйкестендіру,тест Сабақтың көрнекілігі: ребус,суреттер,түрлі тапсырмалар Сабақтың  барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу                                                     Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз  Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. Оқу құралдарын тексеру,оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы

М.Шаханов жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Елекеева Зоя Кеңесбайқызы

Күні: 18.10.2013 ж.

Пән аты: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі туралы жалпы түсінік беру.

Білімділігі: Оқушыларға сөз тіркестірінің бір-біріне бағына байланысқан толық мағыналы сөздер екенін ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын,сөз тіркесін құрауға тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: Ойланып жауап беруге,сауатты ,ұқыпты,таза ,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау

Сабақтың әдістері: сәйкестендіру,тест

Сабақтың көрнекілігі: ребус,суреттер,түрлі тапсырмалар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Оқу құралдарын тексеру,оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Қазақ тіліне арналған өлең оқу.

Абай,Мұқтар жырлаған дана тілім.

Қазақ тілін оқытудағы мақсат-міндеттерімен таныс болайық.

Қазақ тілі қандай пән?

Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат қандай?

Қазақ тілінің негізгі міндеттері қандай?

Оқушы зейінін сабаққа аударуға арналған жаттығу.

Қазақ тілін меңгеремін

Бір,екі,үш.

Жаңа сөздер үйренемін,

Бір,екі,үш.

Мен оқушы білімді,

Құрметтеймін тілімді.

Топқа бөлу және олардың топбасшыларын сайлау,ұрандарын тыңдау.

«Жас қыран» тобы 2. «Достық » тобы 3. «Болашақ» тобы.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

25-жаттығудың «Мейірімді аңшы» тақырыбында жазған шығармаларының орындалуын тексеру,қателіктерін ескерту,бағалау.

3.Өткен сабақтарды қайталауға арналған сұрақтар:

1.Қазақ тілі алфавитінде қанша әріп бар? (42 әріп)

2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге: жуан және жіңішке)

3.Жуан және жіңішке дыбыстарды ата .(Жуан:а,о,ұ,ы Жіңішке:ә,ө,ү,і,е,е,э,ю,я)

4.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. (қатаң,ұяң,үнді)

5.Көптік жалғауларын ата.(-лар,лер,дар,дер,тар,тер)

6.Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.)

7.Мәтіннің қандай түрлері бар? (әңгімелеу,сипаттау,пайымдау)

Оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру.

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

1-жаттығудың суреті арқылы түсіндіру. Қарбыз сөзі мен үлкен қарбыз сөздерін салыстыру.

Ережені түсіндіру.Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз: тұнық су,екі оқушы,сауатты жаз.

2-жаттығуды ауызша түсіндіру.

3-жаттығуды жазбаша орындау.

4-жаттығу көру диктанты есебінде жүргізіледі.

5-жаттығу ауызша талданады.

Семантикалық картамен жұмыс.

Сәйкестендіру тесті

Бекіту.Электронды оқулық арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды. Біз не үйрендік?

Үйге тапсырма беру: 6-жаттығу «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрау.
















© 2010-2022