Нәтиже сабақ

Тақырыбы: Нәтиже сабақ. (Қазақ тілі 3 «Б» орыс сыныбында)Мақсаты:Білімдік: «Ана тілі» тарауы бойынша өтілген материалды пысықтау, бекіту.Дамытушылық: дұрыс сөйлеу, ойлана білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, тілге деген қызығушылықты арттыру.Тәрбиелік: жылдам ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру. Тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ояту.Түрі: «Алтын қақпа» ойын-сабағы.Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын элементтері. Көрнекілігі: суреттер, төл дыбыстар, үнтаспа, тас, күміс, алтын қақпа және «Алтын сандық» суреттері, доп.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нәтиже сабақПойма бастауыш мектебі










Орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ. 3б сыныбы

Нәтиже сабақ







Дайындаған: Айткалиева Ж.А.












Тақырыбы: Нәтиже сабақ. (Қазақ тілі 3 «Б» орыс сыныбында)

Мақсаты:

Білімдік: «Ана тілі» тарауы бойынша өтілген материалды пысықтау, бекіту.

Дамытушылық: дұрыс сөйлеу, ойлана білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, тілге деген қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік: жылдам ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру. Тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті ояту.

Түрі: «Алтын қақпа» ойын-сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын элементтері.

Көрнекілігі: суреттер, төл дыбыстар, үнтаспа, тас, күміс, алтын қақпа және «Алтын сандық» суреттері, доп.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

1.1. Сәлемдесу.

1.2. Ауызекі сөйлесу.

  • Біздің туған еліміз қалай аталады? (Қазақстан)

  • Қазақстан жері қандай? (үлкен, кең-байтақ)

  • Еліміздің мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)

  • Ал, ресми тілі қандай? (орыс тілі)

  • Қазақстан жерінде қандай ұлт өкілдері тұрады? (қазақ, орыс, татар, кәріс, ұйғыр, түрік, өзбек, украин, белорус, неміс, тәжік, шешен, қырғыз, т.б.)

  • Олардың барлығы қандай тілдерде сөйлеседі? (өз ана тілінде, қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі)

  • Ал, сенің ана тілің қайсы? -деп әр оқушыдан сұрап, жауап алу.

  • Иә, бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа» ойынын ойнап, білімімізді көрсетеміз.

ІІ. Нәтиже сабақ.

  • Алдымен ойын шартын түсініп алайық. Алтын қақпа ішінде «Алтын сандық» бар, сол сандықтың ішінде қазына жатыр. Алтын қақпаға жету үшін тас қақпа мен күміс қақпаны ашуымыз керек. егер ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастайық:

1-қақпа. «Тас қақпа» тапсырмасы: 2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Үлгі: 1. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. 2. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

Оқушылар жаттығуды орындап болғаннан кейін «Тас қақпа» ашылады.

  • Өте жақсы, балалар, енді екінші қақпаны яғни «Күміс қақпаны» ашуға кірісейік.

2-қақпа. «Күміс қақпа» тапсырмасы: 3-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

  1. (Ученик) мектепке келді.

  2. Балалар сабақта (текст) оқыды.

  3. Қазақстан үлкен (государство).

  4. Сыныпта (дети) отыр.

  5. (Казахский язык) - мемлекеттік тіл.

Үлгісі:

  1. Оқушы мектепке келді.

  2. Балалар сабақта мәтін оқыды.

  3. Қазақстан үлкен мемлекет.

  4. Сыныпта балалар отыр.

  5. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

  • Өте жақсы, міне, екінші «Күміс қақпа да» ашылды.

ІІІ. Сергіту сәті.

  • Енді «Алтын қақпаны» ашпас бұрын, біраз сергіп, бой жазып алайық. Ол үшін мынадай ойын ойнайық. Ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл ойын үшін бізге доп қажет болады. Міне, осы допты бір-бірімізге бере тұрып, сыныптағы бар заттарды қазақ тілінде атауымыз керек.

Мысалы: допты алып: «Тақта», - деп, екінші балаға береді, ал ол: «Үстел», - деп жалғастыруы керек.

  • Біздер бойымызды жазып алдық, ең күрделі «Алтын қақпаны» ашуға кірісейік.

3-қақпа. «Алтын қақпа» тапсырмасы: үнтаспадан Р.Рымбаеваның «Қазақ елі» әнінен үзінді (2 мин) тыңдалады.

Сұрақтар:

  1. Бұл ән қай тілде жүргізілді? (қазақ тілінде)

  2. Бұл әншінің аты-жөні кім екен? (Роза Рымбаева)

  3. Ұлты қандай? (қазақ)

  4. Отаны қай ел? (Қазақстан)

  5. Оның ана тілі - қандай тіл? (қазақ тілі)

Екінші үнтаспадан А. Пугачеваның «Россия» әнінен үзінді (2 мин) жүргізіледі.

Сұрақтар:

  1. Бұл ән қай тілде жүргізілді? (орыс тілінде)

  2. Бұл әншінің аты-жөні кім екен? (Алла Пугачева)

  3. Ұлты қандай? (орыс)

  4. Отаны қай ел? (Ресей)

  5. Оның ана тілі - қандай тіл? (орыс тілі)

Оқушылардың назарларын 4-жаттығуға аудару. Сұрақ-жауап әдісі арқылы суретпен жұмыс жүргізу.

  1. Сенің атың кім?

  2. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  3. Сенің достарың бар ма?

  4. Олардың аттары кім?

  5. Сен қай тілде сөйлесесің?

  6. Достарың қай тілде сөйлеседі?

Жаттығу орындалған соң «Алтын қақпа» ашылады. Одан «Алтын сандық» көрінеді, бірақ ол ашылмайды.

  • Балалар, «Алтын сандықты» ашуымыз үшін тест сұрақтарына жауап берейік.

Тест тапсырмалары орындалады. «Алтын сандық» ашылып, ішінен сары қағаздан жасалған 4 пен 5 бағалары бар «жұлдызшалар» шығарылады.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма:

Сөздік қайталау.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  • Оқулық «Қазақ тілі» 3 - сынып. 55 бет. Ермекова Т.Н., Сатбекова А.А. Алматыкітап баспасы 2010 жылы

  • Ғаламтор желілері


© 2010-2022