Открытый урок по казахскому языку

Бүгін сабақта біз қазақ отбасының рухани құндылығымен танысамыз СЛАЙД 1.     Жаңа сөздермен жұмыс, сөз тіркестерін құрастыру Тікілей – прямой Үрім –бұтақ – поколение Қартайғанда – когда постареют Қамқорлық – защита Міндетті – обязаны Өркениет – цивилизация 2.     «Ата - ана» мәттінмен жұмыс (мәнерлеп оқу, аудару) Әңгімелесу: а) Қазақ отбасы кімдерді ерекше құрметтеген?   ә) Тікелей үрім – бұтақтардың қандай міндеттері болған?       3. Ділмарлық. СЛАЙД Отбасында тұратын отбасы мүшелерімен таныст...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cолтүстік-Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

«Целинный орта мектебі» ММ





Отбасымның салт-дәтүрлері

(9сынып)















Мұғалім:А.Ғ.Тапенова



















Сабақтың тақырыбы: Отбасымның салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптасыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: оқушылардың отбасы туралы білімдерін пысықтау,әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін байқау.

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын дамыту, ойлау, сауатты жазу және сөйлеу қабілеттерін арттыру.

  3. Тәрбиелік: отбасын қадірлей білуге тәрбиелеу, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, мақал-мәтелдер, сөздік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) сыныпты түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Диалог

ІІІ. Жаңа сабақ:

Бүгін сабақта біз қазақ отбасының рухани құндылығымен танысамыз СЛАЙД

  1. Жаңа сөздермен жұмыс, сөз тіркестерін құрастыру

Тікілей - прямой

Үрім -бұтақ - поколение

Қартайғанда - когда постареют

Қамқорлық - защита

Міндетті - обязаны

Өркениет - цивилизация

  1. «Ата - ана» мәттінмен жұмыс (мәнерлеп оқу, аудару)

Әңгімелесу:

а) Қазақ отбасы кімдерді ерекше құрметтеген?

ә) Тікелей үрім - бұтақтардың қандай міндеттері болған?

3. Ділмарлық. СЛАЙД

Отбасында тұратын отбасы мүшелерімен таныстыру.

СЛАЙД

Ата - өз отбасының ғана емес, ел ұйтқысы. Ол отбасы бірлігін, тұрмысын, болашағын байқап отыратын дана, көреген қария. Атаның айтқаны кішілерге заң.

СЛАЙД

Әже - әкесінің шешесі.

Ол ел ішінің, отбасының тыныштығын ойлайтын көптің сыйлысы, анасы. Ол қазақтың салт - дәстүрін сақтап, отбасының бірлігін сақтайтын тәрбиеші, ақылшысы.

СЛАЙД

Әке - ұрпақ иесі, үй басшысы, асыраушы. Қазақ отбасында әке орны ерекше.

СЛАЙД

Ана - өзіңді өмірге әкелген, түн ұйқысын төрт бөлген, ақ сүт берген кісі. Ол отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы.

СЛАЙД

Бала - ата - анадан тараған ұрпақтар. Ол «қыз» бен «ұл» болып бөлінеді. Ұл - шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.

СЛАЙД

Қыз - ата - ананың мақтанышы, сәні, көркі, еркесі, оған қатты сөз айтпаған.

  1. «Сөз асылы - мақал». СЛАЙД

а) Ата - бәйтерек;

ә) Ата - анаңды құрметте;

Үлкендерді құрметте;

б) Ана - бұлақ

Әке - асқар тау

Бала - жапырық;

г) Отбасы шағын мемлекет;

д) Отан отбасынан басталады.

ОЖСБ-ға ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

  1. Синонимдік қатарларды табыңыз: шеше, ата - ана;

  2. Антонимдік қатарларды табыңыз: қыз - ұл, әке - шеше, әже - ата, іні - қарындас.

ІІ деңгей.

  1. «Отбасы» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз

  2. «Отбасы» сөзін септеу.

І деңгей.

  1. «Қазақ отбасы» мәтінін оқып, жай сөйлемнен себеп - салдар, құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

  2. «Қарындас», «Отбасылар» сөздерінен сөйлемдер құрау.

а) қар, ар, қас, ас, нан;

ә) от, бас, сыр, бар, ала;

IV. Сабақты бекіту.

Отбасы, әке - шеше туралы қандай мақалдар білдіңдер?

Отбасы деген не?

РЕФЛЕКСИЯ:

Нені білдік?

Нені үйрендік?

СЛАЙД

Егер отбасында жылылық, түсіністік, сыйластық болса, балалары ата - аналарын тыңдаса, ата - аналары балаларына қамқорлық жасаса, жарасымды отбасы болады.

V. Үй жұмысы:

Отбасы тақырыбына мақал - мәтелдерді жатқа білу.

VІ. Сабақтың қорытындысы.

Оқушыларды бағалау, жұмыстарына қысқаша талдау жасау.





© 2010-2022