Ағылшын тілі пәнінен My Country - My Land тақырыбы бойынша сыныптан тыс шара

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: студенттердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттырып,

ағылшын тіліне деген қызығушылығын ояту және тілге құрмет көрсетіп, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық слайд, қанатты сөздер, видеофильм және интерактивті құрылғы.

Барысы:

I. Кіріспе

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқытушылар және студенттер! Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер. Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Good afternoon dear guests, teachers and students! Good afternoon everybody who has come to our party. We are very glad to see you here. Today is the day of languages and we have the guests. We hope that it will be interesting for you. 1-жүргізуші: 22 қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. Республика халықтарының ұлттық байлығы - Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланған еді.

2-жүргізуші: Every day, on the 22nd of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English,

because the knowing of languages is our treasure! II. Негізгі бөлім 1-жүргізуші: Армысың, ардақты анам-қазақ тілім,

Бір өзіңнен тараған өнер-білім.

Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы,

Жарқын болсын әрқашан келер күнің.

2-жүргізуші: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.

Today we are talking about our Republic - Kazakhstan.

Motherland is the place, where we had our first friends and listened to mother's songs. Thoughts about my land always make me feel happy, heat me and they are so sweet, when I am far from my Motherland. (Now I want to show you presentation about Kazakhstan)

1-жүргізуші: Шет тілдерінің арасында ағылшын тілі баяғыда-ақ алғашқы орынды иеленді. Бұл әлемдік тілде миллиондаған адамдар сөйлейді. Ағылшын тілі қазірде кез келген салада қолданылады. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру жүйесі, интернет және т.б.

2-жүргізуші: Today we'll have a game. It will be in a form of competition. We'll need 3 teams. The theme of our competition is "My country-My land". 1-жүргізуші: Ендеше біз сайысымызды бастаймыз. Сонымен сайыскерлерімізге қошемет көрсетейік.

(Сайысқа қатысушы топ студенттері мен әділ қазылар мүшелері таныстырылады).

2-жүргізуші: I want ask you attention to these rules, you should follow them. The golden rules: Be active. Be attentive. Don't interrupt each other. Don't say "I don't". First think, then speak.

III. "Let me introduce myself" Әр қатысушының өзін қысқаша таныстыруы.

ІV. "Do you know?" (қазақ тілінде берілген сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аудару)

1) Ел - country- страна
Астана - capital - столица
Өмір сүру - live -жить
Елтаңба - State Emblem - герб
Әдемі - beautiful - красивый
Орталық - central - центральный

Бейбітшілік - peace - мир

Ұлт - nationality - национальность

Республика - Republic - Республика

Батыс - west - запад

2) Халық - people - народ Ту - flag - флаг
Қала - city - город
Әйгілі - famous - знаменитый
Үлкен - large (big) - большой
Достық - friendship - дружба
Мақтан ету - proud - гордый Көптеген - many - много Солтүстік - north - север Көрікті жер - sightseeing - достопримечательность

3) Шығыс - east - восток Әнұран - anthem - гимн Орналасу - situate - расположен Табиғат - nature - природа Ғимарат - building - здание Халқы - population - население Тіл - language - язык Отан - Motherland - Родина Климаты - climate - климат Жер көлемі - area - площадь

V. "Who is the fastest?" (Берілген сөйлемдерді ретімен қойып, мәтін құрастыру) We live in Kazakhstan. Our Republic is very big. It is situated in Central Asia. Kazakhstan has got its flag and national emblem. The capital of our country is Astana. It stands on the Ishim river. The city is very beautiful. Besides Astana there are many big cities in our Republic. They are Almaty, Shymkent, Aktau, Semei, Atyrau and others. The most ancient city is Taraz. It is more than 2000 years old. Taraz is situated in the south of Kazakhstan. Our country is famous for its people who live in piece and friendship. There are many nations in Kazakhstan. The official language is Kazakh. We are proud of our country.

VI. "We are proud of our country" (Отан туралы өлеңдер оқу) VII. "Give it with one word" (Берілген тұрақты тіркестердің қандай мағына беретінін бір сөзбен атау)

1) Төбе шашы тік тұрды (шошыды).

2) Гнаться за двумя зайцами (делать одновременно несколько дел)

3) On thin ice (risky position)

4) Ит арқасы қиянда (алыс)

5) Зарубить (себе) на носу (запомнить крепко-раз и навсегда)

6) Under the weather (unwell)

7) Жұмған ауызын ашпау (үндемеу).

8) Прожужжать все уши (надоедать постоянными разговорами об одном и том же)

9) Walking on air (very happy).

VІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, қош, сау болыңыздар! 2-жүргізуші: Dear teachers and students, our competition is over. Thanks for your

visit and attention. The students of group №41 are the winners of our competition.

You have shown good knowledge of three languages. You have improved your knowledge in other subjects. You have learnt many interesting things about our Motherland. Now I want to show you a video about our Republic.


© 2010-2022