Эссе Жаңа әлемдегі жаңа ұстаз

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы Айша бибі атындағы НОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Рустемова Нилуфар СамасурхановнаЭссе Жаңа әлемдегі жаңа ұстаз

Жаңа әлемдегі жаңа ұстаз!

Ұстаз! Жай ғана қарапайым сөз... Бірақ, болашақ ұрпақтың жеке болып қалыптасуы - осы ұстаздың қолында.

Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Біріншісі - адал еңбек. Екіншісі - мінсіз ақыл. Ал үшіншісі - таза жүрек.

М.Әуезовтің:Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім деп атап көрсеткеніңдей, білімді ұрпақ тәрбиелеу, терең, білімді, дарыңды ұстаздың ғана қолынан келеді.

Мен де білімімді арттыру мақсатында үш айлық курстің үшінші деңгейлік оқуына келдім. Бұл оқу-дың түрі қандай, өзгешелігі неде және неліктен шет мемлекеттің тәжірибесінен алынған?-деген сұрақтар мазалады. Келген күні өзімді жайсыз сезіндім. Себебі, басқа ортаға түстім, мүлдем таныс емес адамдар. Әрине қорқынышты болды. Себебі сенімсіздік болды. Топымыз 26 адамнан еді. Бір ай қалай өткенін байқамай қалдым. Себебі әр күнде сабақты тренеріміз түрлендіріп отырды және тренингтерді қызықты өткізді. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені, әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік. Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында.

Осы курста біраз мағлұмат алдым. Ең маңыздылығы сабақ беруде жеті модульді пайдалану, яғни жаңа әдіс - тәсілдерді. Нақтылығын айтқанда, оқушы өзінің түсінетінін өзі зертеп білімді жинайды, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды, өзінің оқуына қатысты таңдау жасап, басқаларының ойымен күмәнмен қарау, өзін, достарын бағалай үйренеді. Ал АКТ-ны қолдану барысында ізденіс қалыптасады, ұсынады, сақтайды және бірлесіп жұмысқа қатысады. Талантты және дарынды баланың қажеттіліктерін түсінуге және әр түрлі жастағы балаларға диалогті ынталандыру мүмкіндігіне сай берілетінін. Осының нәтижесінде бала еркіндікті сезінеді, өзіндік дәлелі болады, ынталы оқушы қалыптасады. Осы курста алған білімімді практикада қолданамын.

Мен сындарлы оқыту Бағдарламасындағы жаңа әдіс - тәсілдерді үйрене отырып,жаңа әлемдегі жаңа мұғалімді бейнеледім:

Ұлағатты ,ұстамды

Сабрлы да салмақты

Тапқыр да талантты

Адал да ақылды

Зерек те зейінді ұстаз!

© 2010-2022