Поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему Жаз

Раисова Ж. Ж.Қостанай қ. №1 мектеп – лицейіқазақ тілі пәнінің мұғалімі Қазақ тіліСынып:4Лексикалық тақырып:Жаз. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету .Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, с...
Раздел Иностранные языки
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Раисова Ж. Ж.

Қостанай қ.

№1 мектеп - лицейі

қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Қазақ тілі

Сынып:4

Лексикалық тақырып: Жаз.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың білімдерін арттыру.
Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету .
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс ұстауға, сыпайылыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: жаңа сабақ, білім, білік, дағдыларын жинақтап қолдану сабағы
(урок комплексного применения знаний и умений)


Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, интерактивті тақта


Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, аудару,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру өтілген сөздерді қайталатып, сұрау
ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту . (Тақтада жаз суреті бейнеленген)

ІҮ.Жаңа сабақ

  1. Лексикалық тақырып.

а)Жаңа сөздермен жұмыс

жүземіз- плаваем көбелектер- бабочки

шомыламыз- купаемся ең ыстық- самый жаркий

соңғы- последний

- Жаңа сөздерді мұғалім оқып таныстырады

-оқушылар сөздерді қайталайды,сөздік дәптеріне жазады

- жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.

Ү. Презентациямен жұмыс.

ҮІ. Кітаппен жұмыс

-Тапсырмаларды орындату:

2- тапсырма 199 бет. Оқы, әңгімеле

Маусым (июнь) -жаздың бірінші айы. Маусым айында күн жылы болады. Шілде (июль) -жаздың екінші айы. Шілде айы -ең ыстық ай. Тамыз (август) -жаздың соңғы айы. Тамыз айында көп жемістер, көкөністер піседі.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

-Жұптық жұмыс.

Оқушылар өзара жаз туралы диалог құрастырап, диалогты досымен оқиды.

-Мәнерлеп оқу сайысы.

Оқушылар жаздың үш айы туралы өлең оқиды, мәнерлеп оқыған оқушы бағаланады.

Маусым

Құс көбейді көлдегі,

Маусым келді - жаз мейрам.

Асыр салып төлдері,

Жан - жануар мәз - мейрам.

Шілде

Шілде келді. Бұл бір ай,

Жаз айы ғой ең ыстық.

Апамызға құлпынай,

Алма, шие терістік.

Тамыз

Тамыз жомарт бұйырда,

Пісті қауын, алма, өрік.

Жүзім, алмұрт үйілді,

Дастарқанға сән беріп.

4 - тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.(ауызша)

Бір оқушы жаз сөзін тақтада септейді.

Өздік жұмыс.

5- тапсырма.Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Маусым -жаздың ..... айы. Маусым айында ..... жылы болады. Шілде-жаздың..... айы. Шілде айы- ең .... ай. Тамыз-жаздың..... айы. Тамыз айында көп ......, ........ піседі.


  • VІІ. Сабақты қорытындылау


  • 1. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді аяқтау
    Жазда күн ......(қысқа, ұзақ) болады.
    Ең ыстық жыл мезгілі - ........(қыс, жаз).
    Жазда ........(қар, жаңбыр) жауады.
    Балалар жазда ..........(шана тебеді, суға шомылады).

  • ҮІІІ.Үй жұмысы:
    Жаз туралы әңгімелеу.
    . Бағалау
    ІХ. Сабақты бекіту
    - Балалар, бүгін сабақта не істедік?
    - Жазда күн қандай болады?
    - Жазда балалар не істейді?
    - Саған жаз мезгілі ұнай ма?

- Сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар



© 2010-2022