І. Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

"Описание материала: І.Сабақтың тақырыбы : Антонимдер ІІ. Сабақтың мақсаты  1.Қолдан жасалынған көркем суреттер арқылы антонимдердің сөздің басқа мағыналық топтарынан айырмашылығын ашу. 2.Әр түрлі мақсаттағы жаттығу түрлері арқылы антонимдердің ойды көоркемдеп жеткізудегі рөлін анықтау. 3.Антонимдерді қолдана отырып, ойын шебер жеткізе білуге дағдыландыру. ІІІ.Сабақтың барысы  1.Үй тапсырмасы тексеріледі. Тақырыбы: Синонимдер а) синонимдердің омонимнен айырмашылығы қандай ? ә)лексиканы з...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І.Сабақтың тақырыбы : Антонимдер

ІІ. Сабақтың мақсаты

1.Қолдан жасалынған көркем суреттер арқылы

антонимдердің сөздің басқа мағыналық

топтарынан айырмашылығын ашу.

2.Әр түрлі мақсаттағы жаттығу түрлері

арқылы антонимдердің ойды көоркемдеп

жеткізудегі рөлін анықтау.

3.Антонимдерді қолдана отырып,

ойын шебер жеткізе білуге дағдыландыру.

ІІІ.Сабақтың барысы

1.Үй тапсырмасы тексеріледі. Тақырыбы : Синонимдер

а) синонимдердің омонимнен айырмашылығы қандай ?

ә)лексиканы зерттеуші ғалым Ә.Болғанбаев

синонимдер жайлы не дейді ?

б)синоним сөздер әр уақыт бірінің

орнына бірі қолданыла бере ме ?

в) жаттығу жұмысы тексеріледі.

Жаңа тақырып түсіндіріледі.

а)бірнеше суретті карточкаларды қолдана отырып,

мағынадағы қарама-қарсылық танытылады;

ә)өздеріне бірнеше мысал келтіртіп,

тақтаға жазылып отырылады,

өздері де дәптерлеріне жазады ;

Мысалы : ұзын-қысқа,үлкен-кіші,

бар-жоқ,аш-жап,кел-кет,ақ -қара.

б) келтірілген мысалдар арқылы оқушылар

өздері ойқорытып шығарады.

в) «Антоним» тақырыбына байланысты

мына жағдайлар ескеріледі :

  1. «Антоним» сөздер ойды көркемдеп,

нақтылап,айқындап жеткізу үшін қолданылады.

  1. «Антоним» сөздер әр уақыт өзінің

жұбымен өолданылады, сонда ғана қарама-қарсылық мағына танылады.

3.Грамматикалық жолмен жасалған

болымды-болымсыздық мағына антоним бола алмайды.

ІV. Өтілген тақырыптан берік дағды беру үшін , әрі антоним сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету үшін жаттығу жұмысы жүргізіледі.

1 жаттығу; оқулықтан төмендегі жаттығу орындатылып,антоним сөздердің қолданылу ерекшелігіне көңіл аудартылады.

1.Ағаш кессең , ұзын кес ,

Қысқартуың оңай.

2.Жоғары -төмен үйрек ,қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап.

3.Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын менен алысты жортқан білер.

2 жаттығу ;топтағы сөздердің дұрыс антонимін табыңдар.

Қуаныш суық

Тату дұшпан

Ыстық реніш

Дос араз

Мейірімділік ескі

Жаңа жауыздық

V. Тақырып қорытылып , үйге тапсырма беріледі.

© 2010-2022