Статья на тему: Ромео мен Джульетта Қозы Көрпеш Баян сұлу үндестігі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ромео мен Джульетта Қозы Көрпеш Баян сұлу үндестігі.

Ұлы Жаратушы адам бойына ақыл-ой, парасатпен бірге ұлы сезім - махаббатты да сыйға тартқан. Егер махаббат болмаса, дүниені көңілсіздік билеп, адамдар жауыздық жетегіне еріп, азып-тозып кетер еді. Осы ұлы сезім- махаббаттың атын жамылып, оның таза табиғатына кір түсіретін пенделерде көп. «Махаббаттың нағыз түрі - біреу, ал жалған түрі мыңдап саналады»- депті ұлылар.

Ағылшын жазушысы Шекспирді бәріміз білеміз. Шекспирдің осы махаббат тақырыбына арналған бірнеше туындысы бар. Соның бірі Ромео мен Джульетта. Бұл жыр ағылшын дәуірінің әдебиетінде кең көлемді орын алған. Ромео мен Джульетта жырын оқыған адамның жүрегіне, сана-сезіміне махаббат, ғашықтық сезім ұялайды. Бұл туындыны ағылшын халқы ғана емес, бүкіл адамзат - қуаныш сезімінен бастап, өкініш сезімімен аяқтайды.

Ромеоның Джульеттаға деген адал, пәк сезімін жыр арқылы әрбір адамның жүрегіне жеткізе білген. Әр күн өткен сайын екі ғашық бір бүтін болып өмір сүрген. Бұл тәтті сезімдердің ащы жағы да болды. Оған себеп, отбасыларының бір-біріне деген алауыздығы, жауыздығы басым болған. Соған қарамай екі ғашық кездесіп жүректерін жылытқан. Оқиғаның соңғы бөлімінде Ромео қаза табады. Бұған шыдамаған Джульетта жалғыздықтан қаза тапқан. Шынайы ғашықтардың өмірі осылай аяқталады. Шекспирдің «бәрі де екі ғашықтың кездесуімен бітеді» деген сөзі осы оқиғаның желісі.

Шынымен де махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімі де тарих парақтарында алтын әріптермен жазылып қалады. Мәселен, Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында екі ғашықтың бір-біріне деген адал, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Екеуі де бастапқыда бір-бірін көрмей ғашық болады. Кейіннен ғашықтық сезімдері ұлғайып, Қозы мен Баян кездеседі. Әрине, әр шығарманың оқиға желісінде жағымсыз кейіпкерлер кездеседі. Міне, осындай жағымсыз кейіпкерлердің бірі Баянға ғашық болған жігіт Қауар құл. Ол Баян мен Қозының қосылғандарын көре алмай, Қозыны өлтіреді. Бұған шыдамаған Баян да жалғыздықтан өзіне-өзі қол жұмсайды.

Ағылшынның Ромео мен Джульеттасы және қазақтың Қозысы мен Баяны бір оқиғаны бейнелейді. Екі жырда да ғашықтық махаббат, шынайы сезім аққудың ақтығындай пәктік асқан шеберлікпен суреттелген. Сондықтан, менің ойымша, бұл жырлар қазіргі жастарға үлгі боларлықтай етіп жазылған.

Ақындардың ең керемет өлеңдері махаббат тақырыбына жазылған. Суретшілердің ең қымбат суреттері де махаббат бейнесін жасаған. Тіпті ұлы құрылыстар да махаббатқа арналып бой көтерген.

Қазіргі кезде шынайы махаббатты бейнелейтін көркем дүниелер аз. Мысалы: кинолардың көбі жауыздықты, байлықты, қылмысты көрсетеді. Жақсы кітаптарда тапшы. Ендеше, біздің өнер, біздің нуеология махаббат тақырыбын барынша тереңдетіп, көптеп көрсете білуі керек. Бұл біздер үшін, жастар үшін қажет.

Және әр ақынның қара сөздері біздің жадымызда мәңгі сақталғаны жөн. Мысалы: ұлы Абайдың «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны теңеңдер», Шекспирдің «Махаббат жаңбырдың соңғы күн нұрындай» - деген сөздері бүкіл әлемді нұрландырып, қуаныш, күлкіні сыйлайтын махаббат екенін білдіреді.

Кеудесінде шын махаббат сезімі бар адам тек қана ізгілік жолында болады.

© 2010-2022