Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Алдашбай Ахун ауылы

№111 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы

Тақырыбы: Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

Мақсаты: а) білімділік. Оқушыларға поэманың мазмұнын игерту.Ақынның поэмаларын сын тұрғысынан ойлай білуге үйрету.

ә) дамытушылық. Оқушының алған білімін тұрақтандыру және ой-өрісін,қабілетін,ынтасын дамыту.

б)тәрбиелік:Оқушыларды шындыққа,батырлыққа,өжеттілікке,туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ақын өлеңдерін сүйіп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа оқу материялын игерту.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар,екі жақты күнделік.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті,интерактивті тақта, «топтастыру әдісі»,деңгейлік таблица, «рейтингтік жүйе».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә)Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын тексеру.

б)Назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сендер алдыңғы сабақта Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы»өлеңін өткен болатынбыз. Қане бірінші

8 сынып оқушысы Райханов Ерсұлтанның орындауында тыңдап алайық.

І.Ақын өлеңінен үзінді жатқа айту.

ІІ. «Өзім туралы» атты эссе оқыту.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін,мен сендерге сұрақ қоямын.

1.Қ.Аманжолов кім? (Жауынгер ақын)

2. Ол қай жылы дүниеге келді? (1911 ж.Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келген)

3.Қандай шығармаларын білесіңдер? (Сарыарқа,Ертіс,Жайық,Орал,Өзім туралы,Мен табиғат бөбегі)

4.Қандай поэмалары бар? (Ақын өлімі туралы аңыз,Қытай қызы,Құпия қыз,Бикеш,Естай-Қорлығайын)

5.Өзім туралы өлеңін ақын қалай атаған? (Сыр деп атаған)

Жаңа сабақ.

-Балалар,бүгін біз Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз»поэмасының мазмұнымен танысамыз.

-Бұрын балалар Қ.Аманжолов деген есімді естігенде естеріңе не түседі?

Поэмадегеніміз не?

Аңыз дегеніміз не?

Поэма-белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын,жыр толғау түрінде келетін шығарма.Поэмада оқиға желісі ширақ өрістеп,кейіпкерлердің образдары іс-әрекеті,ішкі сезімі,жан дүниесі арқылы ашылады.Ұлттық әдебиетімізде поэманың алғашқы нұсқаулары деп батырлар жырлары мен ел арамсында кең тараған оқиғаны халық жырларын айтуға болады.

Аңыз-эпостың көне түрінің бірі- аңыз.Бұл да миф секілді әсіресе қиял аралас фантастикалық хикая.Бірақ мифтен өзгешелігі-аңыздың негізінде шындыққа жанасымды,көбіне тіпті өмірде болған,халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.

1.Поэмаға қысқаша түсінік.(Мұғалім поэмадан қысқаша мәлімет береді.)

2.Оқушыларға оқытып, түсінік айтқызу.

3.Оқушыларға жоспар құрғызу.

Жоспар.

1.Қан майданда.

2.Ақынның жігерленуі.

3.Ерлік өлім.

Елін сүйген азаматІҮ. Абдоллаға мінездеме беру.

Батыр

Жауынгер

Абдолла

Ақын

Абдолла типтік образ.Типтік образ- шығармадағы кейіпкерлердің жиынтық бейнесі.

Соғысқа Қ.Аманжоловтан басқа Б.Бұлқышев,Ә.Егізбаев,Ә.Сәрсенбаев сияқты жауынгер ақындар қатысқан екен.

Ү. Екі жақты күнделікті толтыру.

Поэмадан үзінді Пікір

ҮІ. Сабақты қорыту.

Деңгейлік тапсырма. 1.Шығармашылық деңгей.

2.Эврестикалық деңгей.

3.Алгоритмдік деңгей.

4.Оқушы деңгейі

1.Аңыз неге Ақын өлімі туралы аңыз деп аталды?

2. Оқиға қай кезде болған?

3.Ақын өлімі өмірді жеңген өлім бе,өлімді жеңген өмір ме?

4.Абдолланың Отанына деген махаббаты,жауға деген айбарлы үнінде ақын,жауынгер Қасым үнін естуге бола ма?

Оқушыларды бағалау: Оқушылардың жауап беруіне қарай бағалаймын.

Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау.

Соғысқа қатысқан ақындарға зерттеу жасап, реферат жазуып келу.



© 2010-2022