Мектепте ағылшын тілін деңгейлеп оқыту

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№54 негізгі мектебі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

С.К. Камалова


Мектепте ағылшын тілін деңгейлеп оқыту.

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі.

(К. Д. Ушинский)
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз »- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдындағы мақсат - оқу тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру . Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету керек .
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы - білім беруді жетілдірудің бір жолы.
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Ерекшелігі: 1. Озат оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп , сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа жауапты және т.б меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Дыбыстарды қайталау барысындақабілеті төмен оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
1.Мына сөздерді көшіріп жаз да, қай әріптің орны алмасып тұрғанын аңғарып, астын сыз.
cake - take big - bag ball - hall
plate - place nine - fine cup - cap
six - sit cat - rat milk- silk
2. Сөздің бірінші әрпін тауып жаз.
- ed ( bed ), - ar ( car ), - ench, - ree, - poon, - helf, - itchen, - able, - ace, - ie;
3. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыздардың астын екісызықпен сыз.
stone, kite, hat, back, stand, late, hand, my, turn, pupil, green, name, so.
Орташа оқитын оқушыларға осы тақырыпта төмендегідей тапсырма берілді.
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.
Su.t, ch.ld, pict…, fr.end, ni..t, .rite, ha.f, w.ich, .nife, ans.e.

2.Сөздерді екі топқа бөліп жаз ( айтылу ерекшелігіне қарай ).
Go, box, text, bus, five, she, desk, stop, make, kitten, pupil, red, sofa, bedroom.
3.Төмендегі сөздерді айтылу ерекшелігіне қарай төрт бағанға бөліп жаз.
th t ( ch ) sh sk
chalk, thank, back, shoe, shirt, arm - chair, third, month, short, sock, teeth, brush, blackboard, chair, which, shope, watch, child.
1. Сөйлемдерді көпше түрге айналдыр.
1 - жекеше 2 -көпше
This is on old woman These are old women
This is a young man
This is a white scarf
This is a little child
1.Затқа зейін қойып, оны суреттеп, басқа екінші затпен салыстыр.
Заттың қандай белгілері, ұқсастығы және айырмашылығы бар?
Қарбыз доп сияқты домалақ .
Water - melon is as round as a ball.
Қарбыз ауыр да, доп жеңіл.
Water - melon is heavy but the ball is light.
2.Суретке қарап қысқа әңгіме құрап жазып, зат есімдердің астын сыз.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі - 45 минуттың ішінде деңгейі әр түрлі оқушылармен жұмыс істеу жүзеге асады. Бұл әдістің қаншалықты тиімді жүргізілуі мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты.

Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар аз жұмыстан көп деңгейлі жұмыс жасауға қалыптасты.

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы деп, оған жай - жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана - сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет - ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.
Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»- деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.

Кем дегенде үш тілді меңгеру - заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.







© 2010-2022