Открытый урок

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік. Компьютер.Күтілетін нәтижелер: 1. Оқушылар септіктер туралы білімдерін еске түсіріп, жинақтайды. 2. Өз бетімен мәтіннің мазмұнын түсініп, меңгереді. 3. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. 4. Алған ақпаратты топ мүшелеріне түсінікті түрде жеткізе алады. 5. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қоя алады. 6. Оқиғаға байланысты өз көзқарасын айта алады. 7. Сабақ барысында коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады. 8. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жеткізе...
Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урокОткрытый урокОткрытый урокОткрытый урокОткрытый урок5 класс

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік. Компьютер.

Күтілетін нәтижелер:

1. Оқушылар септіктер туралы білімдерін еске түсіріп, жинақтайды.

2. Өз бетімен мәтіннің мазмұнын түсініп, меңгереді.

3. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

4. Алған ақпаратты топ мүшелеріне түсінікті түрде жеткізе алады.

5. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қоя алады.

6. Оқиғаға байланысты өз көзқарасын айта алады.

7. Сабақ барысында коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады.

8. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жеткізе алады.

9. Сұрақтарды талқылауға қатыса алады.

10. Өз тобының көзқарасын басқа топтардың көзқарастарымен салыстыра алады.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру. Кезекшімен сұхбаттасу.

-бүгін сыныпта кім кезекші?

-сыныпта кім жоқ?

-бүгін аптаның қай күні?

-қазір қай ай?

-бүгін нешесі?

-үйге қандай тапсырма берілді?

Шеңберге шығып бір- біріне тілек айтады («Жақсы сөз- жарым ырыс» қазақ мақалы). Топқа бөлу (суреттер арқылы). Тақтаға плакатқа смайлинк арқылы көңіл- күйлерін көрсетеді.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Балалар мына суретке қарап

Открытый урок(диск, флешка, юзби), бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсындар? Дұрыс, бүгінгі сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Көмектес септік», лексикалық тақырыбы: «Компьютер».

Сабақтың мақсаты көмектес септікпен танысамыз, әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз. Компьютер деген не? Ол қалай қосылады, оны мәтін арқылы танысамыз.

1. Жаңа сөздермен танысамыз (сөздік дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады) пернетақта -клавиатура.

2. Мәтінмен жұмыс жасау (мәтінді өзім оқимын), сосын топтық жұмыс.

1- топ мәтінді аударады. 2-топ мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. 3-топ мәтін бойынша диалог құрастырады.

Ережені түсіндіру. Алдынғы сабақтарда біз Атау деген ауылмен таныстық. Ол ауылда Септік деген кісі тұрыпты, оның жеті ұлы болыпты. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Көмектес септік кіммен? немен? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. К.с. -мен, -бен, -пен деген жалғаулар арқылы жасалады. -мен - дауысты дыбыстардан, үнді дауыссыздардан. -бен - үнді, ұяң дауыссыздардан. -пен- қатаң, ұяң дауыссыздардан. Жақсы жауап бергені үшін тәтті сыйлық беріледі.

3. Оқулықпен жұмыс

Т.с, Ж.с, Ш.с, К.с. (берілген сөздерді септеу), бір-бірін тексеру (жеке, топта, 1- ші топ 2- ші топты тексереді, 3-ші топ 1-ші топты, 2- ші топ 3- ші топты тексереді). Сосын тақтадан дұрыс жауап тексеріледі.

4. Келесі тапсырма мәтіннің ішінен К.с. табу, бір-бірін тексеру (жеке, топта, 1- ші топ 2- ші топты тексереді, 3-ші топ 1-ші топты, 2- ші топ 3- ші топты тексереді). Сосын тақтадан дұрыс жауап тексеріледі.

5. Суретті сөйлет (жалғауларды жалғау және түсіндіру)

Открытый урок

Открытый урок

6. Тест жасау (оны тақтадағы кілт бойынша тексереді)

7. Рефлексия жасау.


-компьютер туралы не білдік?

-көмектес септік қандай сұрақтарға жауап беріп, қандай жалғаулар арқылы жасалады?

Постерге жазады (әр топ өзінің жұмысын қорғайды).

Сабақта не білдім? Сабақтан не алдым ?

Сабақтың соңында өздерінің көңіл-күйлерін смайлинк арқылы көрсетеді. Плакатқа сабақтың соңында тілектерін жазады. Бағалау парағын тапсырады.

Сабақтың қорытындысы:

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.












© 2010-2022