Презентация по казахскому языку на тему Қазақтың ұлттық киімдері

Раздел Иностранные языки
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Елбасы- ел көсемі»

танымдық сабағының жоспары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Сабақтың көрнекілігі: «Ел таңдаған Президент» және «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шығармалары » атты кітап көрмесі, ғаламтордан бейне таспа, Президенттің маңызды дәйексөздері жазылған парақшалар, сабақтың мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. Шарлар, ленталар, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен фрагменттер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесі мерекеге арналып безендіріледі. Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар сабаққа шақырылған қонақтарды қарсы алады, одан кейін екі топқа бөлініп отырады.
Арнайы шақырылған қонақтар:

Мектептің әкімшілігі, «Жас Отан» ұйымының мүшелері, оқушылар, оқытушылар.

Сабақтың барысы: «Балалық шағымның аспаны» фильмінен фрагменттер көрсетіліп, сұрақ-жауап өткізіліп, сабақтың тақырыбы анықталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті, оқушылар! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленгенін бәрімізге бедгілі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.

Бүгінгі біздің сабағымыз 2 топтың сайысы түрінде өтпек. Қане, балалар, сендерде өз білімдеріңді сынап көріңдер.
Іске сәт! Бүгінгі сабақ барысында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғалық болмысын сипаттай отырып, оның ел көсемі екенін айқындау.

Енді кезекті топтарға берейік. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға, дұрыс жауапқа бір асықтан алып отырасыңдар.
І кезең: : Қазақстан Республикасының Президентінің өмірбаянынан қысқаша мәтінді берілген сөздерді сөйлемдерге айналдыра отырып баяндау.

Екі топқа конвертте сөздер, желім, қағаз беріледі.

1- топ: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданында Шамалған ауылында дүниеге келген. Оған әжесі Мырзабала ат қойды. Ол: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын»- деді. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

2-топ: Жас кезінде Нұрсұлтан мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ықыласпен оқыды.

Әкесі Әбіш 1903 жылы өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Анасы Әлжан 1910 жылы дүниеге келген. Әлжан ән салуды ұнататын.Ол ұлын үлкенді сыйлауға , ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиеледі.

ІІ кезең (Үй тапсырмасы) Берілген тақырып бойынша дайындап келген мәлімдемелерімен таныстырады.

1 топ. Лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі - ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

2-топ. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу

орындары

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Қазақстан менеджмент институты

  • Экономика және болжау институты

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5]

  • бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Енді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы кішкене мәліметті тыңдап алайық. 11 сынып оқушысы Амангельдина Жадыра Президенттің қызмет жолымен таныстырып, сендердің жауаптарыңды толықтырып өтсін. (слайдтармен ілеспе жүргізіледі).


ІІ кезең: Бұл кезеңде әрбір топ 15 сұраққа дайындалмастан жауап беріп сайысады.

Сұрақтар:

1.Елбасы қай жылы дүниеге келген?

2.Қазақстанның астанасы қайсы қала?

3. Әнұран қай жылы қабылданды?

4. Тұңғыш Президент қай жылы сайланды?

5.Президент алғаш рет қай жерде жұмыс істеді?

6. Н.Назарбаев бала кезінде нені армандады?

7. Елбасы туған аудан қалай аталады?

8. Н.Назарбаев туған ауыл қалай аталады?

9. Елбасының атында қандай оқу орны бар?

10.Тұңғыш Президентіміз күні қай күн?

11.Елбасымыз құрған қала қалай аталады?

12.«Қазақ елі» монументі қай қалада?

13. Елбасының әкесі мен шешесінің аты кімдер?

14 . Елбасының туған жеріне арнаған әні қалай аталады?

15.«Әнұранның» авторлары кімдер?

16. Елбасының балалық шағы туралы туралы фильм қалай аталады?

17.Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы қашан жарияланды?

18.Н.Назарбаев қайсы республикаға барып металлург мамандығын жақсы меңгеріп келді?

19.Н.Назарбаев балалық шағында қандай құс туралы ертегіні түсінде көрді?

20.Н.Назарбаевтың қандай кітабын білесің?

21. Н.Назарбаевтың әжесінің аты кім?

22. Тәуелсіздік монументі қайсы қалада?

23.Астана қашан астана болды ?

24.Қазақстанда қанша облыс бар?

25.Қазақстанның басты байлығы?

26.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері жасайды?

27. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

28.Хан-шатыр қай қалада?

29.Астанадағы өзен?

30.Біз көшпенділерміз... кімнің сөзі?

Бұл кезеңнен соң Кітап көрмесін жарнамалау өткізіледі.
І бөлім. Егеменді елдің Елбасы
ІІ бөлім. Әлемді мойындатқан тарихи тұлға

Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы. Көрмемен 9 сынып оқушысы Әбішева Жұлдыз таныстырады.


ІІІ кезең: «Сандарды сөйлет» сайысы. Конвертте сандар жазылған қиықша қағаздарды кезекпен алып жауап береді. ( 1997 жыл, 70 жыл, 1940 жыл, 1993 жыл, 1992 жыл, 20 жыл, 1995 жыл, 2014 жыл, 2050 )

Балалар тапсырманы орындағанша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті әні «Үш қоңыр» тыңдалады. Презентация көрсетіледі:

- Елбасының балалық шағында түскен, ата-анасының суреті, басқа ел басшыларымен түскен суреттері
- Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету.
Екі топтың тапсырмасы тыңдалып болған соң аралықта оқушылардың өлеңдері тыңдалады.

1.Оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Елбасымыздың «2050 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

2.Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
3.Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
4.Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар


ІV кезең: Екі топқа қағаз, қайшы, желім ұсынылады. Осы қағаздан бір заттың макетін жасау керек, макетті көріп кез келген адам оның біздің еліміздікі екенін түсіне алуы керек.

Бұл аралықта көрермендерге тақтадағы Тұңғыш президенттің өміріне қатысты материалдар таныстырылады. Бұл кезеңнен соң оқушылардың сабақтан тыс уақытта жазған шығармаларының нәтижелері жарияланады.

V кезең. Сайыстың қорытындысы шығарылады.

Әр топ бүгінгі сабақ туралы ой түйеді. Бүгінгі тақырып бойынша әсерім.
Оқушылардың пікірі, тілегі. Стиккерлерге жазып қалдырады.

Бұл кезеңнен соң 5- сынып оқушылары «Нұр аға» әнін орындайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Міне біздің сабағымызда мәресіне жетті. Осындай атаулы күнде, үлкен мерекені атап өтуге атсалысқан оқушылардың барлығы да жеңіске жетті деп ойлаймын. Қымбатты оқушылар! Бүгінгі мереке құтты болсын, осы сабақтан ескерткіш ретінде, Елбасымыздың құнды пікірлері мен дәйексөздері жинақталған мына кітапшаларды сендерге тарту етпекпін. Әр мерекенің өзіндік дәстүрлері біртіндеп қалыптасады ғой, мерекелерде кітап сыйлау дәстүрі жалғасын тапсын дегім келеді.
Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар шығады деп үміттенемін.

Бүгінгі танымдық сағатымызды еліміздің танымал тобы «Мұзарттың» орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқталады. Барлықтарыңызға көп-көп рахмет (бейнежазба көрсетіледі).











Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты









Елбасы - ел көсемі

(Танымдық сабақ жоспары)





Дайындаған және өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Самбаева Бибісара Шәмінқызы







Мамлютка қ.



© 2010-2022