Разработка урока по казахскому языку на тему

В разработке урока применялись разные методы и приемы, в основном элементы критического мышления.В условия борьбы за независимость и суровой кочевой жизни у казахского народа сложилась самобытная система физического воспитания. В основе её лежали национальные виды спорта и подвижные игры. Из состязательный характер способствовал развитию у молодёжи силы, ловкости и выносливости, воспитанию храбрости, мужества и других качеств, необходимых кочевнику-шаруа и войну-сарбазу. Особенно большой популяр...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:5 Д

Өтетін күні: 11.02.15

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ауызекі сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Ұлттық ойын түрлерін насихаттау.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды есімдік, оның түрлерін дұрыс пайдалана білуге үйрету. "Ұлттық ойындар" тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, сөз тіркестерді, сөйлемдерді меңгеру, оларды сөйлеуде дұрыс қолдана білу.
2. Дамытушылық: оқушылардың салыстыру, баяндау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылықтарын дамыту. Оқушылардың ауызша сөйлеу, сұраққа толық жауап бере білу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, ұлттық ойын түрлерін үйренуге бағыттау.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: Суреттер, карточкалар, кесте, интерактивтік такта.

БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Мотивациялық-қозғаушы.

Балалар 3 топқа бөлінеді.

Армысың, Аспан-ата!

Армысың, Жер-ана!

Армысың, алтын Күн!

Күліп атты таң бүгін!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

Бәріміз бірге қуанайық,

Бәріміз дос болайық!

- Сабақты бастар алдында, бір-бірімізге, көңілдерімізді көтеру үшін жақсы тілектер айтайық.

ІІ.Үй жұмысын тексеру: ауызша сұрау

II. Жаңа сабақ.

- Cпорттың қандай түрлерін білесіндер?

- Балалар ,айтыңдаршы, сендер қандай спорт түрлерімен айналысасыңдар?

- Спорт туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ұлттық ойындар » деп аталады. Бүгін біз сабағымызда ұлттық ойындар туралы әңгімелейміз, сөйлесеміз, әртүрлі тапсырмалар арқылы өздеріміздің білімдерімізді көрсетеміз.

-Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді,тақырыпты жазып қойыңдар.

- Бүгін Ақпанның он бірі.

Алдарында бағалау парағы жатыр. 1 топ 2 топты бағалайды, 2 топ 3 топты бағалайды, 3 топ 1 топты бағалайды. Әр тапсырманы орындаған соң, бағаны қойып отырыңдар.

- Ал енді тақтаға қараймыз. Жаңа сөздермен танысамыз. слайд

І. Жаңа сөздерді игереміз:

Жылдамдылық -расторопность ойлау қабілеті- умственные способности

Ұлттық ойындар-национальные игры ежелгі-древние

Қатысады- участвуют ұя-гнездо ереже- правило

Шеберлік-мастерство есеп -решение қ сүйек-белая кость

Басты шарты-главная задача лақтыру-кидать тауып әкелу-найти

Бозбала- юноша бойжеткен - девушка арнайы -для

Күрделі-сложный қамшы-кнут

Сөздермен жұмыс:

1. Ал енді естеріңде қалған сөздерді қағаз бетіне жазып беріңдер.

2.тапсырма

1-топ: берілген жаңа сөздердің біреуіне фонетикалық талдау жасаңдар . қамшы

2-топ: берілген жаңа сөздердің біреуін септеңдер. бозбала

3-топ. берілген жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

ІІ. Мәтінмен жұмыс:

1-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Бірінші абзацты аударыңдар. Сұрақтар дайындандар.Сендердің сұрақтарына 2 топ жауап береді.

2-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сұрақтар дайындандар.Сендердің сұрақтарына 3 топ жауап береді.

3-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сұрақтар дайындандар.Сендердің сұрақтарына 1 топ жауап береді.
Ұлттық ойындар .

Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т. б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны - шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол - үлкен шеберлікті, ойлануды, айла - тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен - ақ көкпаршы жігіттер алдын - ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл - өте күрделі, ерекше қайрат - күш пен амал - тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін - бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.

1-2-3 топқа тапсырма, мәтіннен өз қалпағының түсіне лайықты сөйлемдерді тауып алу.

Разработка урока по казахскому языку на тему

Ақ қалпақ - фактілерді табады

Сары қалпақ - позитив; жақсы жерін табу

Қара қалпақ - негатив, ұнамаған жері

Қызыл қалпақ - эмоция,қуану

Жасыл - шығармашылық, басқаша қалай болуы

Көк қалпақ - философия,қорытынды жасайды.

-Енді , балалар, осы мәтіннен сендер берілген сөздерге синонимдес сөздерді тауып жазыңдар. Бозбала-жігіт, ұл. Бойжеткен -қыз

ІІІ. Берілген сөздерге синонимдес сөздерді тауып жазыңыз.

Бозбала-жігіт, ұл. Бойжеткен -қыз

IV. Сергіту сәті: Тыйым салынған сан.

V. Қолдану:

5.Жылжыма суреті

Әр топқа А4 форматындағы қағаз және түрлі -түсті қарандаштар беріледі. Мұғалім қолындағы суретін жасырып тұрады. Қазақтың дастарқаны, қыз қуу суреттері, спорт түрі.

Тапсырма шарты: Топтардан бі-бір оқушы 20 секунд уақыт ішінде мұғалімге жақындап, суретті мұқият көріп, есте сақтауға тырысады. Содан өз топтарына оралып, топ мүшелеріне көрген суретін барынша сипаттауға тырысады, олар түсінгендері бойынша суретті салады. Суретті көрген оқушыға оны салуға рұқсат берілмейді. Осылайша әр топ мүшесі 20 секунд ішінде суретті көріп, топ болып суретті жандандыруға тырысады. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға жағымды әсерін тигізеді.

VII. Қорытынды.

  • Біз бүгін не туралы айттық?

  • Қандай ұлттық ойындармен таныстық?

  • Осы ойындарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?

  • Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?

  • Бізге ұлттық ойындар керек пе?

VIII. балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:

Мен нені білемін?

өте жақсы

жақсы

орташа

нашар

1

Мен ұлттық ойындар туралы айта аламын


2

Ұлттық ойындар түрлерін білемін


3

Мен өзімнің сүйікті ойыным туралы айта аламын


4

Мен спорт туралы мақал-мәтелдерді жатқа білемін


5

Мен сөздерді септеуді білемін


IX. Рефлексия:

Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына жабыстырады. Ашық есік - түсіндім, қызықты болды. Жабық есік - түсінген жоқпын. Ұнамады.

Х. Үйге тапсырма:

  • ІІІ деңгей: жаңа сөздерді жатта. Мәтіннің мазмұнын айт.

  • ІІ деңгей: мәтіннің мазмұнын айт. Тақырыпқа байланысты 3 мақал - мәтелдер жатта.

  • І деңгей: «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына эссе жаз.

ХI. Бағалау:

Бағалау парақшасы:

І топ

Жұмыс түрі


Жалпы ұпай

1

Сөздік жұмысы

2

Талдау

3

Синоним табу

4

Мәтінмен жұмыс

5

Сергіту сәті

6

Жылжыма сурет

7

Тест жұмысы

8

Қорытынды кезеңі

Жалпы ұпай саны

Баға

Бағалау шкаласы:

«5» - 31-25 ұпай

«4» - 24-19 ұпай

«3» - 18-9 ұпай

«2» - 8 -0 ұпай



© 2010-2022