Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған Ертегі мейрамы атты ағылшын тілі сабағынан тыс іс-шара

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ертегі мейрамы»

Залды әшекейлеу: А.Қалаубаеваның "ертегілер әлемі" әні, ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Көрнекіліктер: пирожки, қағаздан істелінген гүлдер, кереует.

Мақсаты: ертегі арқылы балалардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру.

Барысы

«Ертегілер әлемі» әніне балалар кіреді.

Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған Ертегі мейрамы атты ағылшын тілі сабағынан тыс іс-шара

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Біздің балабақшадағы балалар ертегілерді өте жақсы көреді дейді, кейбіреулері өздері ертегі құрайды. Рас па? (Балалардың жауаптары.)

Ал қазір мен білемін. Мен сендерге ертегілерден үзінді айтамын, ал сендер қандай ертегі екенін тауып алыңдар.

1. - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!

("Қасқыр мен жеті лақ")

2. «Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кірсе, бұл жерде үш төсек бар екен:кішкентай, үлкенірек және өте үлкен». («Үш аю»)

3. «Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.». («Түлкі мен қоян»)

Жарайсыңдар! Барлық ертегілерді дұрыс таптыңдар, қуанттыңдар мені. Ал енді келесі үзіндіден кім туралы айтып жатқанымды айтыңдаршы: «Баяғы бір заманда бір қыз болыпты. Ол үнемі басына қызыл түсті телпек киіп жүреді екен. Сол себепті ол қызды қалай атады…» (Балалардың жауаптары.)

Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған Ертегі мейрамы атты ағылшын тілі сабағынан тыс іс-шара



Дұрыс, бүгін сіздер "Қызыл телпек" ертегісін тамашалайыздар, бірақ оның кейіпкерлері ағылшынша сөйлейді. Абыржымаңыздар, сіздер барлығын ұғасыздар, өйткені бізде аудармашы бар. (Аудармашы шығады.)

Ерте ерте ертеде, бір ауылда сондай жақсы кішкентай қыз болыпты. Анасы оны жақсы көреді. Әжесі одан да қатты. Немересінің туған күніне әжесі қызыл телпек сыйлайды.

Бір күні анасы шелпек пісіреді, қызымен бірге дәмін көріп, тәтті болғанына қуанады.

Мама: Red Riding Hood, take the pies and give them to your granny. (Қызыл телпек, сен әжеңе барып кел. Оған шелпек апарып, жағдайын сұрай кел.)

Қызыл телпек: Ok, mum. (Жақсы, мама.)

Мұғалім: Қызыл телпек басқа ауылға әжесіне барады. Гүлдерді теріп келе жатып, көбелектерді кездестіреді. (Көбелектер биі)

Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған Ертегі мейрамы атты ағылшын тілі сабағынан тыс іс-шара

Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған Ертегі мейрамы атты ағылшын тілі сабағынан тыс іс-шара

Мұғалім: Әрі қарай орманмен келе жатса, алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр: Hello! Who are you? (Салем, сен кімсің?)

Қызыл телпек: My name is Red Riding Hood. (Менің атым Қызыл телпек.)

Қасқыр: Where are you going? (Қайда бара жатырсың?)

Қызыл телпек: I'm going to my granny. (Мен әжеме бара жатырмын.)

Қасқыр: Where does she live? (Ол қайда тұрады?)

Қызыл телпек: She lives in the rest, in the house. (Ол орманда, үйшікте тұрады.)

Мұғалім: Қызыл телпек жауап берді де, асықпай әріқарай жөнелді. Ал қасқыр болса ең қысқа жолмен кетті. қасқыр әжесінің үйіне жетіп, есігін соғады.

Әжесі: Who is there? (Бұл кім?)

Қасқыр: It's me, Red Riding Hood. (Бұл мен, Қызыл телпек.)

Әжесі: Come in. (Кір.)

Мұғалім: Қасқыр әжеге атылып, оны жұтып қойды. Сосын оның киімін киіп алып, төсегіне жатып, қызыл телпекті тосады. Қызыл телпек үйге жетіп, есікті соғады.

Қасқыр: Who is there? (Кто там?)

Қызыл телпек: It's me, Red Riding Hood. (Бұл мен, Қызыл телпек.)

Қасқыр: Come in. (Кір.)

Мұғалім: Қызыл телпек қасқырдың қасына отырып сұрайды.

Қызыл телпек: Granny! Why do you have big ears? (Әже, құлағыңыз неге үлкен?)

Қасқыр: The better to hear you . (Сені жақсы есту үшін)

Қызыл телпек: Why do you have big eyes? (Неге сіздің көздеріңіз үлкен?)

Қасқыр: The better to see you. (Сені жақсы көру үшін.)

Қызыл телпек: Why do you have big teeth? (Ал сіздің тістеріңіз неге үлкен?)

Қасқыр: To eat you!!! (сені жеу үшін!!!)

Мұғалім: Аш қасқыр оған атылды да, оны аяқ киімімен бірге жұтып қояды. Бақытқа орай, сол уақытта отыншылар үйдің жанынан өтіп бара жатыр еді. (Отыншылар ән салып келеді.)

Walk, walk, walk, walk.
Jump, jump, jump.
Running, running, running.
Now let's stop, now let's stop.

(музыкаға сай билейді.)

1 Отыншы: Who is it? (Бұл кім?)

2 Отыншы: It is a Wolf. (Біл қасқыр.)

(Қасқырды атады.)

Мұғалім: Қасқырды отыншылар атады, ішінен қызыл телпек пен әжесі шығады.

Осымен ертегі аяқталды. Good bye!



© 2010-2022