Қазақ хандығы. радиоторап ақпараты

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Радиолинейка

Қазақ хандары - Жәнібек пен Керей


«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», - деген Елбасымыз Н.Назарбаев 2015 жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетіндігімізді мәлімдеді.Қазақ хандығы. радиоторап ақпараты.

Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар - Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді саран зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды.
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Керей мен Жәнібек өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі - Керей түрінде кездеседі. Ал енді Жәнібек ханға келсек, хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған әулеттің өкілі ретінде ұшырасады. Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В.Вельяминов-Зернов болды.





Қазақ тілі пәні мұғалімі:

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы.








2015 оқу жылы


© 2010-2022