Сабақтың тақырыбы: «Абай –дана, Абай-дара қазақта». 9 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:«Абай -дана, Абай- дара қазақта».

Сабақтың мақсаты:

Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру.дайындау. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең.

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Абай- дана, Абай- дара қазақта», қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.

Абай шығармашылығына байланысты сұрақтар қою:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шы,арма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

Өмірбаян.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

Тірек сызбамен жұмыс

Абай философ заңгер ақын аудмашы сазгер дара ойшыл

кемеңгер Абай жазба әдебиетінің негізін салушы

гуманист қоғам қайраткері әділ би

ағартушы-ұстаз

Абай туралы сөз.

Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.

Шәкәрім.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы -соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы.

Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар Әуезов.

Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғабит Мүсірепов.

.

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев

Абайдың шығармалары.

Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»

45 қара сөзі, өлеңдері бар.

17 қара сөзін бейнежазбадан тыңдату.

Туғаннан дүние есігін ашады өлең

Абайдың мына өлеңдерін жатқа айту:

«Өлең - сөздің патшасы , сөз сарасы»

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Мен боламын демеңдер»

« Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап»

Қорытынды

Абай ұлы ғұлама ақын, моралист - ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр.

Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу - қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.

Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

Ән « Қараңғы түнде тау қалқып»



© 2010-2022