Сабақ тақырыбы: Етістік

Пікір     «Қос-қорған» жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жаппаров Шарипжан  Рахимұлы  қазіргі  таңда   « Қазақ  тілі  және  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технология  элементтерінен және  халықтық  педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту» шығармашылық  тақырыбы бойынша  жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп  келеді . Мұғалім  Кембридж  тәсілі  бойынша  ІІІ деңгейді  бітіріп , өзінің біліктілігін  артырған болатын . Бұл ізде...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы : Етістік

Жаппаров Шарипжан Рахимович

Туған жылы : 13.09.1974 жыл

Білімі : Жоғары

Мамандығы : Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Қос-қорған» жалпы орта мектебі

Шығармашылық тақырыбы :

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері

сабағында оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту


"Ғылымның апаты - естен шығару және ғылымға қызығушылығы жоқ адамдарға үйретіп уақытыңды босқа кеткізу" / Хадистен /

Педагогикалық ұстаным:

Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың

"Жай мұғалім хабарлайды;

Жақсы мұғалім түсіндіреді;

Керемет мұғалім көрсетеді;

Сабақ тақырыбы : Етістік Сабақ тақырыбы : Етістік Ұлы мұғалім шабыттандСабақ тақырыбы : Етістікырады"





Пікір

«Қос-қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимұлы қазіргі таңда « Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерінен және халықтық педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту» шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп келеді . Мұғалім Кембридж тәсілі бойынша ІІІ деңгейді бітіріп , өзінің біліктілігін артырған болатын . Бұл ізденулер мұғалімнің шеберлігін және оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен қоса қызығушылықтарын арттыруға болатынын көрсетіп отыр . Жаңа идеялар фестивалінде өзінің баяндамасында қорғаған тақырыбының тиімді тараптарын көрсетіп , «Есте сақтау- білімді апаттан сақтайды»- деген сөзді дәлелдеп берді.

Үрімова Рахила

Қалалық білім бөлімінің әдіскері

филология ғылымдарының кандидаты

Сабақ тақырыбы : Етістік

А) Білімділік :Жаңа тақырыпты толық меңгерту

Ә) Дамытушылық : Оқушылырдың ой-өрісін ,

дүниетанымын , тілін , есте сақтау

қабілеттерін дамыту

Б) Тәрбиелік : Әр бір істі саналы түрде істеуге,

ақылды мен ақымақты айыра білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Ертегі сабақ

Сабақтың әдісі : Түсіндіру ,сахналық қойылым , әңгімелесу ,

жаттығу орындау , пысықтау , топтастыру,

салыстыру , сұрақ-жауап , пысықтау .

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық , интербелсенді тақта , кесте

плакаттар , шарлар , ертегі қаһармандарының

киімдері, үлестірмелі кеспелер , ойындар ,

DVD .

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі :

1. Оқушылырмен сәлемдесу , сабаққа қатысуларын , сабаққа дайындықтарын , сынып бөлмесінің тазалығын анақтап , үйге тапсырманы сұрау, оқушыларға сабақтың ұранын айтқызу

Сабақтың ұраны: Бал араша тынбаймыз

Білім балын жинаймыз

Мектеп ана өзіңе біз

Бестіктерді сыйлаймыз

2. Үйге тапсырма : а) 61-жаттығуды орындау

ә) «Жақсылық» тақырыбында мәтін құрау

б) Өткенді қайталау

3. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау үшін үлестірмелі кеспелермен , лото ойынымен анықтап, өтілгенге қысқаша шолу жасап өту .

Лото ойыны өтілген тақырыптар бойынша 30 сұрақтан тұрады ,

әр бір сұрақ нөмірленген :

Сабақ тақырыбы : Етістік

27

Сабақ тақырыбы : Етістік

13

Сабақ тақырыбы : Етістік

5

Сабақ тақырыбы : Етістік

18

Сабақ тақырыбы : Етістік

7

Осындай кеспелерден алты данасы оқушыларға үлестіріледі,әр бір кеспедегі нөмірлер қайта қайталанбайды , кім бірінші болып дайын болса, сол оқушы жауап береді ,жауабына қарай баға орнына

Сабақ тақырыбы : Етістік


жұлдыз беріледі , сабақтарда қолданыла келіп тоқсан аяғында оқушының қанша жұлдыз жинағаны анықталады , және оның өтілгенді қаншалықты меңгергендіктерін анықтауға болады .

Өтілген тақырыптарды есте сақтау қабілеттерін анықтау кестесімен жұмыс:

Өтілген тақырыптар

Сұрағы

Мысал

Қызметі

Мағыналық түрлері

Құрамына қарай түрлері

1

Зат есім


2

Сын есім


3

Сан есім


4


5


6


7






ІІ Негізгі бөлім :

1. Жаңа тақырып : Етістік

Эпиграф : Ақылды адам айтқызбай біледі ,

Ақсұңқар қаққызбай іледі .(Мақал)

Мақалды оқып, мазмұнын түсіндіру, сабақ барысында мақал естерінде қаншалықты қалғаны анықталып, етістіктерді табу .


Ертегі:


Сабақ тақырыбы : Етістік

Сабақ тақырыбы : ЕтістікСабақ тақырыбы : Етістік

Ерте ,ерте , ертеде морфология патшалығында «сөз таптары» на иелік жасаған «Сөйлем» деген хан болыпты , бұл хан барлық мал-дүниесін жинап , ұлдарын жинап , тоғызға бөліп , ұлдарына еншілес бермек болыпты . Қартайған хан үлкен ұлдарын алдына шақырып әр біріне өзіне тиісті еншілесін бермекші болыпты :

  • Әй , ұлдарым , бері келіңдер , мен қартайдым , енді сендерге еншілестеріңді бөліп берейін ,-депті .

  • Мен, әке үлкен ұлыңыз , барлық заттың атауы менімен аталады сондықтан маған зат есімді берсеңіз .

  • Мен, әке үлкен , күшті ,көркем , дәмді , жақсы нәрселерді ұнатамын , сондықтан маған сын есімді берсеңіз , өте жақсы болар еді .

  • Бір ,екі, үш , төрт , бес . Әке , мен санағанды өте жақсы көремін , сондықтан маған мыңдаған , шексіз сан есімдерді берсеңіз жақсы болар еді.

  • Әй, етістік қайда жүр өзі ?Ол неге келмеді, шақырыңдар! - деді хан

  • Ой, әке , ол ылғы іс-әрекетпен айналысып жүреді , қазірде бір нәрсемен шұғылданып жатқан шығар ,-депті ұлдары.

  • Әй , етістік ,кел мұнда , сені әкем шағырып жатыр

Қолында домбырасымен етістік кіріп келеді :

  • Ассалаумағалайкум , хан әке маған қандай жұмысыңыз бар ?

Әке , маған еншілес бермесеңізде болады , мен сіздің қызметіңізде боламын .

Хан әкесі ұлдарына сұрағандарын беріп , содан бастап етістікті өз қолында алып қалыпты ,сөйлем етістіксіз аяқталмас та, баяндалмас та екен .

Етістік - іс-әрекет , қимылды білдіріп, не қылды ?, не істеді?,қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді :

1. Дара етістік - тек қана бір сөзден жасалады

Мысалы : Барды , алды , жазды т.б

2. Күрделі етістік - бірнеше сөзден жасалып , бір сұраққа жауап береді

Мысалы : Алып барды , жұлып алды , жазып тастады т.б

Етістіктің үш шағы бар :

1. Өткен шақ - іс-әрекеттің болып өткенін білдіреді

2. Осы шақ- іс-әрекеттің тап сол уақытта орындалып жатқанын білдіреді

3. Келер шақ - іс-әрекеттің енді болатынын білдіреді

ІІІ . Жаттығу орындау сәті : Сабақ тақырыбы : Етістік

Жануарлар қалай дыбыстайды? , не істейді? деген сұраққа жауап береді :

Мысалы:

1

мөңірейді

2

ырылдайды

3

шырылдайды

4

бақылдайды

5

мияулайды

6

ызыңдайды

7

ысылдайды

8

боздайды

9

кісінейді

10

сайрайды

11

маңырайды

***1. Сиыр -

2. Қой -

3. Жылқы-

4. Ит -

5. Мысық-

6. Түе -

7. Бұлбұл -

8. Бақа -

9. Жылан -

10. Шыбын -

11.Шегіртке -

Оқулық бойынша жаттығуларды орындау

ІV. Сергіту сәті :

А) Берілген жеміс- жидектердің суреттерін бір параққа теріп , нөмірлеп бір рет көрсетіп, сол көргендерін есте сақтап , дәптерге жазады . Сурет қайта көрсетілген кезде оқушылар қолдарына қызыл қалам алып , кемшіліктерін түзетеді. Бұл оқушылардың көріп есте сақтау қабілеттерін дамытады .

Сабақ тақырыбы : Етістік

Б) Геометриялық пішіндерді есте сақтап қалу ,нөмірлерімен,әр нөмірде өтілген тақырыптардан сұрақтар беріледі , оқушының таңдауы бойынша , оның мінезін айтып беру

Сабақ тақырыбы : ЕтістікСабақ тақырыбы : ЕтістікСабақ тақырыбы : Етістік

МСабақ тақырыбы : Етістікінездері төмендегідей болады :

- мақсатқа талпынғыш,

Сабақ тақырыбы : Етістік қайырымды, туырлықты айта білетін адам

- өзгелерге жаны ашығыш, мейірімді, сезімтал

Сабақ тақырыбы : Етістік адам

- еңбексүйгіш , қайратты, алдына қойған әр қандай

Сабақ тақырыбы : Етістік мақсатына жететін адам

- шығармашыл адам, бойында үлкен қабілет жасырынған адам

V.Пысықтау :

Тыйым салынған іс-әрекеттерді оқып шығамын оқушылар бір рет

1. Ұмытып кетпе , есікті теппе!

2. Ізет танытып , әдепті сақта да , жатқан кісінің үстінен аттама

3. Құр бекерге ермекке , бос бесікті тербетпе

4. Шаршасаң сәл аялда , бірақ та жер таянба

5. Тарту тарт , тар келместей тақымыңа , мылтық , пышақ сыйлама жақыныңа

6. Кеңеске салақ қарама , кір жайма түнде далаға

7. Төрге шығып теріс қарап отырма

8. Ұлттық салттан бұлжыма , жұма күні кір жума

9. Өзім қумын деме , кісі ақысын жеме

10. Қашанда болсын есте , үлкеннің алдын кеспе

Жасыл ,қызыл, көк түсте берілген тыйым сөздерді оқушы өзі көріп үш рет оқып шығып әуелі жасыл , екінші болып көк соңында қызыл түсте берілгенін есте сақтап көру . І деңгей жасыл, ІІ деңгей көк, үшінші деңгей қызыл .Бұл деңгейлік тапсырма деп алсақта болады .Естерінде 10 сөйлемнен қаншасы қалар екен және оны қаншалықты дұрыс жазады , сол тыйым сөздерден етістіктерді тауып , астына сызамыз. Оқушы бұл тапсырмада өін-өзі бағалай алады .

VІ . Қорытынды :

1. Сабақты қорытып , оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдері мен белсенділігіне қарай, өтілгенді қаншалықты есте сақтағанына қарай бағалау.

Үйге тапсырманы түсіндіру

2. Үйге тапсырма : а) 65-жаттығуды орындау

ә) «Табиғат» тақырыбында мәтін құрау

б) Етістікке мысалдар тауып , сөйлем жазу





© 2010-2022