Урок по казахскому языку для 6 класса Тамаша табигат

Это разработка открытого урока 6 класса на тему "Тамаша табигат" (Чудесная природа). Учитель проводил разные методы групп работы Білімділік: Табиғат тақырыбы төңірегінде өз ойларын сауатты айтуын,ауызекі тілде сөйлеуін бақылау; Білімдерін пысықтау, тереңдету; Дамытушылық; оқушылардың ойлау қаблеттерін,өз бетінше білім алып, шығармашылылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; ойлау қабілетін мәтін арқылы қалыптастыру; Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс істеуге, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге баулу.табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Байсаматова Жұлдыз Мырзабекқызы Урок по казахскому языку для 6 класса Тамаша табигат

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6 "А, Б, В"

Күні:

Тақырып:

Тамаша табиғат , сын есімнің шырайлары

Мақсаты:

Білімділік: Табиғат тақырыбы төңірегінде өз ойларын сауатты айтуын,ауызекі тілде сөйлеуін бақылау; Білімдерін пысықтау, тереңдету;

Дамытушылық; оқушылардың ойлау қаблеттерін,өз бетінше білім алып, шығармашылылықпен жұмыс

істеу қабілеттерін дамыту; ойлау қабілетін мәтін арқылы қалыптастыру;

Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс істеуге, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге баулу.табиғатты, қоршаған ортаны аялауға,

сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Өз көзқарасын жүйелі талдауға үйренеді. Қарсыласын сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Өзін-өзі бағалай алады. Өз пікірін қарсылыстарына дәлелдей алады.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтас-тыру атмосферасын қалыптастыру

1) амандасу;

2) Сыныпты түгендеу;

3) "Шаттық шеңбері" ойыны

4) қағаз түстеріне қарай екі топқа бөлінеді.

" Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Формативті бағалау-қол шапалақтау

ІІ. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау (2 мин)

Интерактивті тақтада сабақтың мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге құрастыру

"Бағалау пирамидасын" көрсету.

- Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін құрастырады.

Топ спикеріне бағалау парағын беру.

Оқушының И.О.

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

Қорытынды

Мағынаны тану (35 мин) Білім

Қалың-жұқа" сұрақтар

- Осы жылдың қай мезгілі?

- Етістіктің неше рай түрлері бар?

- Ашық рай нені білдіреді?

- Қалау рай қалай жасалады?

-Бір жылда неше ай бар?

- Үстеу мағынасын қарай қалай бөлінеді?

- Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

- Үстеулер мағынасына қарай қалай бөлінеді?

- Бір жылда неше мезгіл бар?

Оқушылар жылдам жеңіл сұрақтарға жауап береді.

Формативті бағалау - Мұғалімнің қолпаштау сөздері

Қызығушылықты ояту.

"Қазақстан табиғаты" суреті қойылады.

Мұғалім: - Оқушылар, бұл суретте не бейнеленген?

- Қазақстанның табиғаты қандай?

-Сурет бойынша сұрақтар құрастырып, бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.

Оқушылар: Суретте табиғат бейнеленген.

Қазақстанның табиғаты әдемі, кең, шұрайлы, бай, шетсіз.

Бірінші топ екінші топқа сұрақтар қояды.

Мадақтау

Түсіну

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім: Әдемі, сары, жасыл, қызыл бай сөздеріне сұрақтар қояйықшы. Бұлар қанда сөз табы?

- сын есім дегеніміз не?

- сын есімнің қандай шырайлары бар?

Мәтінді оқушылар оқиды.

Табиғат қай кезде болмасын тамаша ! Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Күз келсе біз сары, жасыл ,қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе барлық жерді аппақ қар басады, көктемде бүкіл жан-жануарлар оянып, табиғат әдемі болады. Жазда жазғы демалыс басталады. Табиғат- біздің байлығымыз. Табиғаттың сұлулығына ештеңе жетпейді. Табиғатты қорғау- барлық адамның борышы.

Сын есімнің 2 шырайы бар: салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай.

1) -ырақ,-ірек,-рақ,-рек: кішірек

2) -лау,-леу,-дау,-деу, -тау, -теу: ақтау, биіктеу

І-топ ІІ-топ

Қызылдау Қып-қызыл

Сарылау сап-сары

Жасылдау жап-жасыл

Әдемілеу әп-әдемі

Биіктеу біп-биік

Қысқалау қып-қысқа

Оқушылар өз өздерін бағалайды.

Қолдану

Топтастыру.

Сөйлемдерді мағынасына қарай топ-топқа бөліп жазу. "күз - қыс"

Қазан айын "алтын күз" деп атайды. Түннің аязы қатайды. Шөпті қырау басады. Қар жиі жауып, қалыңдай түседі. Оқушылар мектепке дайындалады. Адамдар жаңа жылды күтеді. Ағаштың жапырақтары қызыл-сары түске енеді. Балалар қардан аққала жасады. Ауа рай салқындай бастады. Ақпан - ең ызғарлы, аязды кез. Құстар мекен іздеді. Аюлар ұйықтап қалды.

Оқушылар көршісінің жұмысын бағалайды.

Сергіту сәті

Видеодағы қимылдарды қайталау арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

"Ыстық орындық" ойыны

Бір оқушы тақта алдында тұрған орындыққа отырады. Оған басқа оқушылар сұрақтар қояды. (Кемі 5 сұрақтан)

Оқушылар өздерінің дұрыс жауаптарына қарай бағаланады

Анализ

Пікірталас ойыны

І-топ. Жаздың жағымды жағы

ІІ-топ. Жаздың жағымсыз жағы

Оқушылар топта кеңеседі, ортаға шығып өз дәлелдерін айтады. Бір-біріне сұрақтар қояды.

Синтез

"Табиғатты қорғаудың жолдары" тақырыбына жоба жасау.

Оқушылар постерде тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады

формативті бағалауы

Сабақты қорытындылау

Инсерт әдісі бойынша

Не білдім?

Мен үшін жаңалық болды?

Не білгім келеді?

Бағалау

Топ спикері тақтадағы бағалау шкаласына оқушылардың бағасына қарай есімдерін жазып шығады.

Жиынтық баға

Үй жұмысын беру

Екі оқушыға ыстық орындыққа дайындалып келу тапсырылады. Қалғандарына "Күз" тақырыбына пікірталасқа дайындалу.







Рефлексивті есеп

6 "А" сыныбында өткізген сабағымның тақырыбы "Тамаша табиғат" және сын есімнің шырайларын пысықтау болатын. Сабағымның мақсаты: білімділік: Табиғат тақырыбы төңірегінде өз ойларын сауатты айтуын, ауызекі тілде сөйлеуін бақылау; Білімдерін пысықтау, тереңдету;

Дамытушылық; оқушылардың ойлау қаблеттерін, өз бетінше білім алып, шығармашылылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; ойлау қабілетін мәтін арқылы қалыптастыру; Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс істеуге, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге баулу.табиғатты, қоршаған ортаны аялауға,

сүюге тәрбиелеу.

Осы мақсатқа жету үшін сабағыма бағдарламаның басты модулдерін қолдануға тырыстым. Сабақтың басында оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеулеріне жағдай жасау мақсатында "Шаттық шеңбері" ойынын өткіздім. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілек айту арқылы арасына жақсы қатынас орната алды. Келесі кезекте оқушыларды қағаз түстеріне қарай топтарға бөлдім. Жаңа сабаққа көшпес бұрын өткен сабақты қайталап, еске түсіру керек. Сол үшін "Қалың-жұқа" сұрақтар арқылы топтарға сұрақ қойдым. Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында "Қазақстан" тақырыбында суретке назар аударуын өтіндім. Сурет бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойды. - Бұнда не бейнеленген? Қазақстан табиғаты қандай? - деген кіріспе сұрақтары арқылы сын есім тақырыбына көштім. Сын есімдері бар мәтін ұсынып, одан сын есімдерді табу тапсырмасы берілді. Осы бойынша сын есімнің шырайларын еске түсіріп, сын есімдерді әр шырайда жазу тапсырмасын бердім. Бірінші топқа салыстырмалы шырай, екінші топқа күшейтпелі шырайда жазу тапсырылды. Бұл тапсырманы тексеру үшін оқушылар дәптерлерімен алмасып, бір-бірін тексеріп, бағалау нормасы бойынша баға қояды. Оқушыларға мәтінді оқи отырып, топтастыру тапсырмасын бердім. Яғни, бірінші топ оқушылары мәтінді оқи отырып қыс мезгіліне байланысты, ал екінші топ оқушылары күз мезгіліне байланысты сөйлемдерді маркермен белгілеуі керек. Оқушылардың зейінін шаршатпау үшін видеоға қарап сергіту сәтін өткіздім. Осыдан кейін "Ыстық орындық" ойынын өткіздім. Ыстық орындыққа отырған оқушы басқа оқушылардың сұрақтарына мүдірмей жауап беруі керек. Оқушылар сынақтан өткендей қобалжығанын байқадым. Өздерінің білімдерінің қай жерден олқы кеткенін біліп, көбірек білуге талпынтады деп білемін. Оқушылардың білімдерін көрсете алуы үшін дебат ұйымдастырдым. Бірінші топ жаз мезгілінің жағымды жағы, ал екінші топ жаз мезгілінің жағымсыз жағы деген тақырыпта сөз сайыс құрулары керек болды. Оқушылар бұл тақырыпта қызу түрде өз ойларын айтты. Келесі тапсырмада сабағымызды жинақтау мақсатында топтарға постер берілді. "Табиғатты қорғаудың жолдары" тақырыбына өз ойларын жазуы керек болды. Топтағы әр оқушы белсенді жұмыс жасауға тырысты. Соның ішінде ерекше белсенділік көрсеткен оқушылар - Калинин Александр, Жаксылыкова Алуа, Капышев Данияр. Бұл тапсырмада оқушыларға шығармашылық қабілеттерін, білім дағдыларын көрсетуге мүмкіндік туады екен. Сабақ сонында топ спикері өзінің тобындағы оқушыларды бағалайды.

© 2010-2022