Сыныптан тыс жұмыс Ұлы халықтың -Ұлы Абайы мәнерлеп оқу сайысы

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай дайындалған

"Ұлы халықтың - ұлы Абайы" атты мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.
1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай -лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші -
Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған " Ұлы халықтың - ұлы Абайы "атты
мәнерлеп оқу сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

2 - жүргізуші

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

1-жүргізуші -
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1.Абай кім?(бейнеролик) .

2 - жүргізуші

2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық.

1-оқушы: «Қыс» Оқитын 3 а сынып оқушысы Шамшат Ерзат.

2-оқушы: «Жазғытұры» 3 а сынып оқушысы Бекет Шарипхан.

3-оқушы: «Күз» 3 б сынып оқушысы Кенжеғара Әйгерім.

1- жүргізуші

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. 4-оқушы: Қазнабек Нурай 3 а сынып «Әсемпаз болма әрнеге»

5-оқушы: Бекжан Сабина 3 а сынып «Ғылым таппай мақтанба»

6-оқушы: Әбдібек Жания 3 б сынып. «Сегіз аяқ»

7- оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Зингазур Бекнур 3 б сынып

8- оқушы: 3а сынып Әбдіғани Ұлжан «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

9- оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Ақжан Бауыржанқызы

10 оқушы. «Қалың елім қазағым қайран жұртым» Алена

Абай - ойшыл.
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 46 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.
(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы.







Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап - күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған - дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз - Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.

Абай - ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандатқан жері еді.

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.

Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны елі еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын ер еді,
Жүрген жері төр еді.
Ақындар жырлап айтқандай
«Абай тіл иен көз» еді.
Абай жыры мәңгілік,
Жүрегім оны сезеді.
Жазира, дархан бел еді.

Қорытынды.
Абай - дара, Абай - кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол - қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.

Ары таза, иманы мол данышпан,
Заман үнін сезе білген алыстан.
Өлеңімен оятып әр сананы,
Өмір бойы надандықпен алысқан.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті,
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.
Ар-ожданын намысқа жанып алып,
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі - қазақтың бойтұмары

Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай - ұлы себебі!




© 2010-2022