Сабақ жоспары Спортпен шұғылданамын

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Спортпен шұғылданамын

Сабақтың мақсаты:

1. Спорт тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру;

Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру;

Оқушыларға спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттерімен жұмыс, сөз одағын құру, кластер стратегиясы, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекіліктері:

Сызбалар, суреттер, презентация

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Балалар,бүгін бізге қонақтар келді.Қонақтармен амандасайық.

2.Психологиялық ахуал

3.»Автор»орындығы

Өткен сабағымызды қайталаймыз.Әр топтан 1 оқушы.

4.Сабағымызды мына тапсырмадан бастайық.Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып,тек бірінші әріпті жазу керек.

Қандай сөздер шықты?(спортпен шұғылданамын)

Орыс,ағылшын тілдерінде айтыңдар.

Спорт-фонетикалық талдау(ауызша)

Сабақтың тақырыбы қандай деп ойласыңдар?Дұрыс,бүгінгі сабақтың тақырыбымыз:спортпен шұғылданамын.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бағалау парағын беремін.Топ басшысы өз топ мүшелерін мынадай тапсырмалар арқылы бағалайды.

Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар!

5.Жаңа сөздермен жұмыс

Мәтінмен жұмыс(1 топ оқиды,сонан соң 2 топ оқиды)

Спорт

Спорт денсаулықты жақсартады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.спорт еліміздежақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та,барлығы да денсаулыққа пайдалы.

Егер адам спортпен айналысса,өмірде маңызды жетістіктерге жетеді.Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуға үлес қосамыз.

Мәтінді бөлімдер бойнша қысқаша баяндау

А)спорттың маңызы(1 топ)

Ә)жетістіктерге жету(2 топ)

Қорытынды.Әр топ өз түсінгенін айтады

Тұжырым:Не түсіндіріңдер?өз ойың.

6.Сергіту сәті

7.Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз,қазір презентацияны қараймыз.

Презентация бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар.Дайындыққа 2-3 минут

8.»Сұрақ-жауап»

Әр топ спорт туралы бірнеше сұрақтар құрастырады,сонан соң жауап береді.Дайындыққа 2 минут

Тапсырма:

Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар,қарамен жазылған сөзді септеу

1топ-мектепте, өтті,біздің,жарыс,

2 топ-барлық ,қатысты,оған,оқушылар

9.Сабағымызды қорытындылау үшін мына диаграмманы жұмыс істейміз

Спортпен шұғылдану денсаулыққа пайдалы.Сондықтан: спортпен айналысамын,жаттығу жасаймын,.....

Спорт адамға денсаулық,сұлулық,шыдамдылық ,жігерлік әкеледі.Сондықтан спортпен шұғылдану керек

Бағалау. Ү/т: спорт туралы қысқаша әңгіме құрастыр



© 2010-2022