Разработка внеклассного мероприятия на тему «Ер намысы – ел намысы» (8 сынып)

Желтоқсан оқиғасына байланысты халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің  құрметіне арнап өткізілген сыныптан тыс сабақ:       « Ер намысы – ел намысы»   Мақсат: 1.Білімділік: Оқушыларды желтоқсан құрбаны  Қ.Рысқұлбековтің өмірімен     кеңірек таныстыру.   2.Дамытушылық: Желтоқсан оқиғасы туралы білгендерін жаңа деректермен толықтыру, ой-өрісін кеңейту.   3.Тәрбиелік:Отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту. Көрнекілік:  Қ. Рысқұлбеков туралы материалдар, суреті. Желтоқсан оқиғасына арналған...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Желтоқсан оқиғасына байланысты халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің құрметіне арнап өткізілген сыныптан тыс сабақ: « Ер намысы - ел намысы»

Мақсат: 1.Білімділік: Оқушыларды желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековтің өмірімен кеңірек таныстыру.

2.Дамытушылық: Желтоқсан оқиғасы туралы білгендерін жаңа деректермен толықтыру, ой-өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелік:Отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілік: Қ. Рысқұлбеков туралы материалдар, суреті. Желтоқсан оқиғасына арналған стенд.

Сабақтың эпиграфы:

О, ағайын, ауызда

Бірлік болса өшпейміз.

Елі үшін өткен ерлерді,

Ұмытсақ біз өспейміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қазақ халқы ел болғалы небір қиыншылықтарды басынан өткергені баршамызға тарихтан белгілі. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де жергілікті халықтың жағдайы жақсарып кете қоймағаны белгілі. Сонау 1937 жылғы ашаршылық кезінде қаншама қандастарымыз қырғынға ұшырап, аман қалғандары бас сауғалап беттері ауған жаққа бытырап кеткендігін тарихтан білеміз...

1986 жылғы желтоқсан оқиғасын Кеңестік империя кіналағанымен, оның даңқы төрткүл дүниені шарлап кетті.

Қасиетті желтоқсан ауыртпалығын арқалаған, он екіде бір гүлі ашылмаған қыршын жас-Қайрат Рысқұлбековті кім білмейді.

Қазақ халқын бүкіл дүние жүзіне танытқан желтоқсан оқиғасының құрбаны -Қ.Рысқұлбековтің рухына тағзым етейік. (1 минут үнсіздік.)

1-оқушы. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда да еңкеюге тиісті емес жалауы!

2-оқушы. Қ.Рысқұлбеков Қайрат 1966 жылы 13 - наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылындағы малшы әулетінде дүниеге келді. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, сыныптан сыныпқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің комсомол ұйымының хатшысы болды. 1984 - 1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Бірнеше мақтау қағаздармен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата - анасына алғыс қағаздарын жіберген. 1986 жылы тамызда Алматы сәулет - құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылдың желтоқсан айында орталық алаңға шығып, шеруге қатысты. Қанішерлердің қылығына шыдамай «бұзық» атанды. Жүрегінен намыс алауы лапылдаған осы жігіт тірі тұрғанда үлкен ақын және қоғам қайраткері болар еді...

3 - оқушы. Қайратқа жасақшы Савицкийді олтірді деген айып тағылды. Ол Қазақ ҚСР қылмыстық істер кодексі 173 бабының 1 - ші тармағы бойынша ату жазасына кесілді. Іле - шала үкім 20 жылмен алмастырылды. Сөйтіп, кеңес сотының кесапаты бір жастың өмірден ерте кетуіне түрткі болды.

4 - оқушы

Қайран анам, күзеткенің түгел ме? Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде

Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме? Сағаңдағы елің, жұртың күле ме?

- дейді Қайрат анасына арнаған өлеңінде. Соттаң соң Алматы түрмесінде 1 жылдай жатады. Кейін Семей түрмесіне ауыстырылып, 1988 жылдың 22 - мамарында түрме камерасында асып өлтіріледі.

(«Бауырды аңсау» әні орындалады.)

5 - оқушы. Елбасы Н. Назарбаевтың 1996 жылғы желтоқсанның тоғызы күнгі жарлығымен желтоқсан оқиғасы кезінде елінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін марқұм Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлына «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшілік белгісі - Алтын жұлдыз тапсырылды.

Жазықсыздан жазықсыз жазаланған жастарымызды ақтап, олардың еркіндікке шығуларына ықпал еткен ақын Шаханов Мұхтар айтқандай, Қайрат Алматыға Ноғайбайдың перзенті боп атанып, туған жеріне бар қазақтың мақтаны болып оралды.

М. Шахановтың «Оралау» өлеңі оқылады.

6 - оқушы. М. Шахановтың ықпал етуімен: 1) Рысқұлбеков Қайратқа «Халық қаһарманы» атағы берілді; 2) оның атында қор ұйымдастырылды; 3) ескерткіш ашылып, мектепке оның есімі берілді; 4) Қайраттың атында сыйлық тағайындалды; 5) алдағы уақытты өлендері жеке кітап болып шықпақ.

7 - оқушы. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздын жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті. Бостандық үшін жап - жас өрімдей қыз - жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың отжүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

«Желтоқсан желі» әнін оқушылар орындайды.

Мұғалім. Желтоқсан оқиғасына арналған көптеген кітаптар дүниеге келді. Олар:

1.Алматы. 1986. Желтоқсан жинағы.

2.Коммунар Табей. «Мұзда жанған алау»

3.Тоқтар Бейісқұлов. «Желтоқсан ызғары»

4.Мәкен Уақтегі. «Ер намысы- ел намысы» т. б.

Қорытынды.

Күллі әлемге Қайрат боп,

Тарап кеткен атағы.

Желтоқсанның жарасы,

Мәңгі жанға батады.

Батыр болған Тұрардай,

Бауыржандай атағы.

Қайраты жоқ халықтың,

Таңы қалай атады?

© 2010-2022