Научный проект по казахскому языку «Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері»

Необходимый материал для учителя казахского языка и литературы. В проекте исследованы истоки возникновения казахских пословиц и поговорок, материал может использованы как на уроках казахского языка так на уроках казахской литературы. Показаны различие между пословицами и поговорками.Материал изложен интересно, произведен анализ различной литературы по данной теме.История возникновения, тема пословиц и поговорок вызывает интерес как же возникли пословицы и поговорки, что же лежит в основе послови...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері

Жұмыстың зерттеу мақсаттары:

Тіліміздегі мақал-мәтелдердің шығу тегін, пайда болу арналарын айқындау және оны болжам түрінде фольклорлық шығармалар деректеріне сүйене отырып жасау.Мақал-мәтелдердің әуел баста қолданылған алғашқы ситуациясы мен кейінгі ауыспалы мәндегі қолданысының арасындағы айырмашылықтарын көрсету. Кейбір мақал-мәтелдердің авторларын шешендік сөздер мен ертегі-аңыздар негізінде анықтауға талпыныс жасау. Ежелден шайырлары жырлаған дастандардағы оқиғалар мен мәліметтерге сүйене отырып, жекелеген мақал-мәтелдердің шығу себебін болжау.

Жұмыстың нәтижесі:

Ізденуші қажетті теориялық әдебиеттермен танысып, нысанға алынған мақал-мәтелдердің қазіргі сөйлеушілердің қалай қабылдайтынын, түсінетінін анықтау мақсатымен тәжірибе жүргізіп, информанттардың жауаптары негізінде қорытынды жасаған. Қол жеткізген нәтижелері мен қорытындылары нанымды, баяндау тілі жатық. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс сыныптарында қазақ тілі және әдебиеті пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады.

1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі

Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл да мол мұрасы, небір бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Халық жыраулары, жыршылары, шешендері, ертекшілері ауыз әдебиетін сонау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізе білді.

Қоғамдық әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой- санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны мен формасы, айтылуы жағынан байып, дамып отырған.

Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан жанр түрі - мақал-мәтелдер. "Мақал-мәтелдер - халық творчествосының ең көне түрі.Сонымен қатар олар көне заманда туылған күйі қатып - семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған.Халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік ,шапқыншылық болсын, той - думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш - реніш, мұң мен ияр, азат пен рахатты кездер түрлі айтушылардаың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған," - дейді Ә.Диваев.

Түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда қыруар еңбек сіңірген академик В.В Радлов (1837-1918) қазақ сахарасының әрбір сөзі мен жырын , жұмбақтары мен мақал - мәтелдердің асыл лағыл тасқа балап, ерінбей жинап, моншаққа тізген.

Мақал-мәтелдерді зерттеуде Ә.Диваевтің ролі күшті. Халық арасынан жинаған мақал - мәтелдерін ол 1900 жылы жеке кітапша етіп шығарады.Ал 1905 жылы Тоқболатов жинап берген қазақ мақал - мәтелдерінің жиырма алтысын "Туркестанские ведомостиге" бастырады.

Ә. Диваев мақал - мәтелдерінің кездескен барлық нұсқаларын толық қамтып жазуды мақсат еткен. Қазақ мақал - мәтелдерін елу топқа бөліп қарастырған (әйелдер туралы, жанұя туралы, ағайын - туыстық туралы, ер- жігіттік туралы т.б.).

Мұқтар Әуезов "Бақыт іздеп, ғасырлар бойы сахараны шарлап шар құрған мұңдар жолаушы - қазақ халқы - бізге ең асыл мұрасын мирас етті"- дейді.Мақал-мәтелдер зерттеу барысында Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев, Н. Төреқұлов еңбек етті .

2. Мақал-мәтелдер құрамы ерекшеліктері.

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанымен екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрамы жағынан да байқалады. Мысалы, " Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер" - деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар екі бөлімнен болатынын білеміз. Ендеше, біз оны жіктеп көрелік:

А) Ойды түйіндеу жағынан:

Мақалдар: Мәтелдер:

1. Ой тиянақты білдіреді. 1. Қорытынды пікір жоқ.

2. Бір-біріне қарама-қарсы 2. Тұспал ғана бар.

ұғымдар мен нәрселерді 3. Мағана ашық емес.

салыстыру арқылы ой- 4. Ой астарлы мағанада

пікірді айқындай түсу түсіндіріледі.

басым.

3. Сөйлем аяғындағы сөздер

ұйқасқа құрылып, үндесіп

келеді.

4. Екінші сөйлемі мақалды

ажарландырып тұрады.

5. Ой тура мағанада беріледі.

Ә) Дыбыс үндестігіне негізделген

Мақал да мәтел де: теңеу әсерлеу метонимияметафора.

Б) Құрылысы жағынан

Мақал : Мәтел:

1. Көбінесе екі жай сөйлемнен 1. Сөйлем аяқталмай, толымсыз

жасалады, екі бөлімді болады. болып келеді.

2. Алдыңғы сөйлем соңғы

сөйлемнің шарты болып келеді.

Сонымен, мақалдар көбінесе екі бөлімді, ой тиянақты, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді.Ал мәтел құрылысы жағынан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген - ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағана ашық емес, қорытынды пікір жоқ, ой астарлы мағанада айтылады, сөйлем аяқталмаған толымсыз күйінде қолданып келеді.

В) Мақал - мәтелдердің фразеологиялық тіркестермен де ұқсас тағы басым. Жалпы қай тілде болсын, фразеологиялық тіркестер мен мақал - мәтелдер қатарласа өмір сүреді. Бұл тілдік категориялар тіл байлығының ең құнарлы байлығына жатады. В.В.Виноградов, В.Н.Гелия, Р.Сарсенбаев, Ө.Айтпаев еңбектерінде фразеологиялық тіркестер құрамына мақал- мәтелдерді де енгізеді.

Мақал - мәтелдер фразеологиялық бірліктің басқа түрлері сияқты сөйлеу үстінде бірден түйдек күйінде пайда бола салмай, алдын - ала ойлау процесінде әзірлеген даяр қалпында жұмсалады.Яғни ор қазу тіркесінен тілдің дамуы барысында «Біреуге ор қазба» деген мәтел, одан «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақалдар пайда болған.

Мақал - мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің құрылымдық - грамматикалық өзгешелігі байқалса, фразеологиялық құрамы қанша сөзден тұрса да, мағынасы қанша сөзбен түсіндірілсе де, ол бір ғана ұғымды білдіреді.Ал, мақал - мәтел белгілі бір жағдайдың нәтижесін тұжырымдап, ой қорытып пайымдайды.Сонда фразеологизімдер бір затты не құбылысты таңбалаушы ретінде белгілі бір жағдайды таңбалаушы мақал - мәтелден өз ерекшелігінен ажыратылады. Мысалы : Көзді ашып жұмғанша жоқ болды - жылдам деген мағына беріп, фразеологизімге айналады. Шығасыға иесі басшы болады - деген мақал - мәтелдер дүние мүліктің жоғалуына ең алдымен мақал - мәтелдің мағынасы тек сөйлеммен берілсе, фразеологизімді тіркестің мағынасы сөзбен, сөз тіркесі мен беріледі мақал - мәтелдер фразеологизімді тіркесті анықтайтын белгілі снаптарға ие бола алады.

г) Мақал - мәтелдің нақыл сөздермен ара қатынасы.

Ел аузында, әдеби шығармаларға және т.б. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түиінін білдіретін нақыл сөздер көп кездеседі. Нақыл сөз - мағынасы терең, айтайын деген ойы бейнелі әрі қысқа пайымдауға құрылатын белгілі бір автордың атынан айтылатын өсиет сөздер.Нақыл сөздер мақал-мәтелдерге өте ұқсас болып келеді. Көптеген жеке адамдардың атынан айтылған нақыл сөздер мақал-мәтелдің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді.

Бірақ бір-біріне қанша ұқсас болса да, олардың өзара айырмашылығы бары байқалады.Мақал-мәтелде, біріншіден, авторы кім екені белгісіз болса, екіншіден, оның шыққан дерегі нақыл сөздердей анық бола бермейді.Сол себептен шығарғанда, оны кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырғанда халықтың өзі. Мақал-мәтелдерде антонимдік құралымы басым болып келеді.Мысалы: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (Абай), «Азамат туы- ар болар, әділдік соған нәр болар» (Т.Иманбеков) авторы белгілі мақалға ұқсас.

Мақал -мәтелдердің пайда болуы

Мақал-мәтелдердің шешендік сөздерден жасалуы.

Ауыз әдебиетінің бір үлгісі - мақал-мәтелдер. Халқымыз осы мақал-мәтелдер арқылы жастарға тәлім-тәрбие беріп отырған. Қазақ халқы ғасырлар бойы салтымен дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнерін қатар ауызша дамытқан, жетілдіріп отырған.

Халқымыздың ұлттық өзіне тән қасиеттің бірі - жомарттық . "Кең болсаң, кем болмайсың", "Ақылың болса, арыңды сақта, ар - ұят керек әр уақытта" деп өз перзенттерін тек дүние - мүлікке, малға ғана емес, рухани жомарттыққа да үндеп отырған. Өткенге менсінбей қарау- жетесіздіктің, қала берді жабайылықтың нышаны болса, өткенді біліп, өшкенді жандыру - есеюдің, парасаттылықтың белгісі.

«Дәуірлердің қателігін түзетіп, дана уақыт өтіп жатыр сырғанап»,- деп Мұқағали көргендікпен айтып кеткендей, бүгінгі өмір талабына сәйкес рухани танымдық, тәрбиелік маңызына назар аударар болсақ, шешендерден қалған өнегелі сөздердің тереңдігі сезіліп тұрады.

Тарихымызды білмей тұрып, болашақты болжай алмаймыз. Туған халқымыздың тарихын білу терең - міндет. Олай болса, сол тарихи, әдеби мұраның бірі - шешендік сөздер.

Қазақ халқы оқымаса да ойына тоқығаны көп, екінің бірі ақын, жыршы, шежіре болғанын Батыс Еуропадағы түрік тілін зерттеушілер әлдеқашан- ақ әлемге паш еткен. Айталық, Жүсіп Баласағұнның :

«Көп сөйлеме- азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін» - деген сөзі халықтың «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген мақалымен үндестік жатыр. Ата дәстүрінен арнасын үзбеген Бұқар, Махамбет сияқты ақын- жазушылардың толғаулары бала кезінен халықтың бай ауыз әдебиетімен сусынданған Абай, Шоқан, Ыбырай халық дәстүрімен қанаттанған Төле би, Қазыбек би, Әйтекелер сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер өз ұлтының намысын ойлаған шешен тілді азаматтар.

Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздың 5-6 ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік сөздердің алғашқы нұсқаларын жинақтап, халық шешендігін бағалаған Ә.Диваев, А. Васильиев, В.Радловтың шығармаларынан да кездестіруге болады.

Қай халықтың болса да жеке қадірлейтін дара білімпаз шешендері болады. Сол сияқты қазақ шешендері: Майқы би, Аяз би, Жиренше, Төле би, Әйтеке, Қазбек, Сырым, Досбол, Бөлтірік, Бала би т. б өздерінің көсемдіктері мен шешендіктерін халық алдына сан рет көрсетіп, қазақ даласына мәлім болған адамдар.

Мақал-мәтелдердің ертегі-аңыздар негізінде жасалуы.

Ертегілер - ауыз әдебиетінің ең көне жанры.Ертегілерде өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Ертегілер ауызша айтылып, халық жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып , біздің дәуірімізге дейін жетті. Әр дәуірдің ертегі айтушылары өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосып отырған. Сөйтіп, ертегілер жаңарып, толықтырылып , жетілдіріліп отырған.

Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең түрінде де (мысалы,Тазша бала айтқан өтірік өлең, Мағжан жазған "Жүзіпхан"ертегіс) кездеседі.

Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтан айту жиі кездеседі.Сондай-ақ, ертегілердің "Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде", "Бұрынғы өткен заманда", "Баяғы өткен заманда" деп, бастауынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр.Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы , қилы-қилы қиын асулары , халықтың шер-мұңы , арман-мұраты бейнеленген.

ХХ ғасырдың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ертегілерді үш жеке (жанрға) бөледі: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.

Ертегілердің соңы үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегінің осылай бітуінің өзінде халықтың ертеңгі күнге деген сенімі, болашаққа деген үлкен үміті жатқандығын аңғаруға болады.

Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс -әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді , кемшілікті тұспалдап әжуа - күлкі етеді.

Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.Мысалдар еңбек сүйгіштік, әділдік , адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мақал-мәтелдердің дастандар негізінде жасалуы.

«Қасқырдың (бөрінің) аузы жесе қан, жемесе де қан» деген мәтелді «бір жаман атқа ие болған кісі еш уақытта жақсы атақ жоқ, яғни оның кінәсіз де жазықты болып отыруы», «бүлінген істі қатысы бар-жоғына қарамастан, бір кездері сондай кінәсімен көзге түскен адамнан көру, соны кінәлау» деген мағынаны білдіреді; «ұсынған басты қылыш кеспес»деген мәтелді «кінәсін түсініп,мойындаған адамды кешіру»деген мағынада қабылдайды; «бір әйелдің кесірі қырық есекке жүк болар» деген «бір адамның кінәсінен көп адамның зиян шегуі» деген мағынаны білдіреді. Бұл мақал-мәтелдердің шығу негізінде қызықты дастан оқиғалары жатыр.

Қорытынды.

"Қазақ халқы - еңкейгенге басы жерге жеткенше иіле алады, шалқайғанға шалқая біледі. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйсінеді, еңкейе қалса кең елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылына сенеді.Сөйлесе Қазыбек бидей шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, Әйтеке бидей өктемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел," - деп М.Қозыбаев (тарихшы) айтқандай дана да өр халықтың ұрпағы бабалар өсиетіне адал болуы тиіс. В.В.Радлов "қазақтардың ақыл - ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді! "

Айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер той тартыс бере біледі.Тіпті балаларының ақыл есіде тез жетіледі,"- дейді. Мақал - мәтелдер - қазіргі тіл байлығы қорының толық еніп отыр. Оның қолданылмай отырғаны некен саяқ.

Мақал - мәтел, өнегелі де өсиет сөздері мен ертегі, дастандардағы парасатты ойдан пайымды өнеге алар ұрпағымыз деп ойлаймын Бабаларымыз ертегі, аңыз - әңгімелерінде өзі шықпаған шыңын, ала алмаған қамалын кейінгі ұрпағына аманат етіп, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінде оған шығудың, оны алудың амал-тәсілдерін үйретеді, жол сілтейді.

Ғылыми жобамыздың жалғасы ретінде мектебімізде 2008, 2009 жылдары оқушылар арасынды сауалнама өткіздік.Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың қазақ тілін меңгеруіндегі мақал-мәтелдердің рөлі қандай екенін анықтау.








Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан қызықты да құнды жанрларының бірі - мақал-мәтелдер. «Мақал-мәтелдер - халық творчествосының ең көне түрі. Сонымен қатар олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған.Халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш пен реніш, азат пен рахатты кездер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған»,- дейді Ә.Диваев.

Түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда қыруар еңбек сіңірген академик В.В Радлов (1837-1918) қазақ сахарасының әрбір сөзі мен жырын , жұмбақтары мен мақал - мәтелдердің асыл лағыл тасқа балап, ерінбей жинап, моншаққа тізген.

Мақал-мәтелдерді зерттеуде Ә.Диваевтің ролі күшті. Халық арасынан жинаған мақал - мәтелдерін ол 1900 жылы жеке кітапша етіп шығарады.Ал 1905 жылы Тоқболатов жинап берген қазақ мақал - мәтелдерінің жиырма алтысын "Туркестанские ведомостиге" бастырады.

Ә. Диваев мақал - мәтелдерінің кездескен барлық нұсқаларын толық қамтып жазуды мақсат еткен. Қазақ мақал - мәтелдерін елу топқа бөліп қарастырған (әйелдер туралы, жанұя туралы, ағайын - туыстық туралы, ер- жігіттік туралы т.б.).

Мұқтар Әуезов "Бақыт іздеп, ғасырлар бойы сахараны шарлап шар құрған мұңдар жолаушы - қазақ халқы - бізге ең асыл мұрасын мирас етті"- дейді.Мақал-мәтелдер зерттеу барысында Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев, Н. Төреқұлов еңбек етті.

1879 жылы алғаш қазақ мақал - мәтелдерін жариялаған (Хрестоматия, Орынбор) және 1906 жылы толықтырып, ең таңдаулыларын қайта жариялаған қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин болатын. Одан соң, 1899 жылы өзіне дейінгі жарияланған 1 500 мақал - мәтелдерді жинақтап, «Сборник киргизских пословиц» (Орынбор) деген атпен жариялаған қазақ тілін алғаш зерттеуші туркологтардың бірі В.В.Катаринский болды. Осы дәстүр жалғасып, қазақ мақал - мәтелдері 1923 жылы Мәскеу қаласында «Мың бір мақал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте «Қазақ мақалы мен мәтелдері» деген атпен (құрастырушы Ө.Тұрманжанов) жариялана бастайды. Соңғысы 2003 жылы жарияланған «Қазақтың мақал - мәтелдері» (Алматы, 2003 ж.) А.Т.Смайлова тарапынан құрастырылып, ең соңғы жарияланған «Қазақ мақал-мәтелдері» (Алматы, 2004 ж.) Ө.Тұрманжанов тарапынан құрастырылып, жарияланып отыр.

2. Мақал мен мәтелдің құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанымен екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрамы жағынан да байқалады. Мысалы, " Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер" - деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар екі бөлімнен болатынын білеміз. Ендеше, біз оны жіктеп көрелік:

А) Ойды түйіндеу жағынан:


Мақалдарда:

Мәтелдерде:

1. Ой тиянақты білдіреді.

1. Қорытынды пікір жоқ.

2. Бір-біріне қарама-қарсы

ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой- пікірді айқындай түсу басым.

2. Тұспал ғана бар.

3. Сөйлем аяғындағы сөздер ұйқасқа құрылып, үндесіп

келеді.

3. Мағана ашық емес.

4. Екінші сөйлемі мақалды

ажарландырып тұрады.

4. Ой астарлы мағынада

түсіндіріледі.

5. Ой тура мағанада беріледі.


Ә) Дыбыс үндестігіне негізделген:

Мақал да мәтел де: теңеу → әсірелеу → метонимия → метафора

Б) Құрылымдық ерекшеліктері:


Мақал:

Мәтел:

1. Көбінесе екі жай сөйлемнен жасалады, екі бөлімді болады.

1. Сөйлем аяқталмай, толымсыз болып келеді.

2.Алдыңғы сөйлем соңғы сөйлемнің шарты болып келеді.


Сонымен, мақалдар көбінесе екі бөлімді, ой тиянақты, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді: «Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты». Салыстыру арқылы «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, еменнің иілгені - сынғаны». Осы келтірілген мақалдың өзінен өмір құбылыстары типтендіріліп, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей беріліп отырғанын байқаймыз.

Ал мәтел құрылысы жағынан өзгешерек. Мысалы:«Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген - ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ, ой астарлы мәнде айтылады, сөйлем аяқталмаған толымсыз күйінде қолданылады.

Мақал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының небір асылы кездеседі. Мақал-мәтелдерде теңеу арқылы көркем өрнек жасалады.

(Жоғарыдағы ә-таблицасы) Мысалы: «Түсіне қарасаң, күндей, ішіне қарасаң, түндей», деген мәтелде жүзі күндей күлімдеп тұратын, ал іші мерез, сұм адамдарды «түндей» деген теңеу арқылыбілеміз.

Әсірелеу арқылы «Тарыдан тау, тамшыдан көл», метафора арқылы «Еңбек - ырыстың бұлағы, еңбек- бақыттың шырағы», «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы».

Метонимия арқылы «Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан».

Эпитет арқылы «От ауызды, орақ тілді». Осы сияқты бейнелі өрнекке толы сөз өрнектерін айтуға орамдылығы, тілге үйіріле кететіндігі,берілетін ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдің көркемдік сапарларымен байланысты.

«Жақсы жігіт - жағадағы құндыз, жақсы қыз - көктегі жұлдыз», «Жаман тұқым егінді былғайды, жаман басшы елді былғайды» т.б. Мұндай орынды қолданылған бейнелеу құралдары мақалдың ажарын ашып, ой өткірлігін арттырады, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қас пен досты ажырата білуге, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге бізді жастарды баулиды.

Мақал-мәтелдер өмір құбылыстарының барлық саласын қмтитын болғандықтан, оның тақырыбы да сан алуан болып келеді. Адамдардың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, қоғамдық өмірдің алуан сыр болмысын бейнелейді.

Мәселен, Отан туралы

Отан - алтын бесігің. Отан үшін отқа түс күймейсің.Отан оттан да ыстық. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Ерлік туралы

Ер жігіт үйде туып, түзде өледі. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел ақтар.

Өнер-білім туралы.

Өнерді үйрен де жирен. Өнерлінің өрісі кең. Өнерлінің өзегі талмас. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

Еңбек туралы.

Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке. Еңбек етсең емерсің. Бейнет түбі - зейнет т.б.

Мақал-мәтелдерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеген ғалым Р.Сарсенбаев болды. Ол өзінің 1961 жылы жазылған «Қазақ мақалдаы мен мәтердерінің лексика-стилистикалық ерекшеліктері» атты еңбегінде мақал-мәтелдерінің ерекшеліктерін алғаш рет зерттеді.

3. Мақал-мәтелдердің өзге әдеби жанр шығармаларымен арақатынасы.

3.1. Мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер.

Мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің ұқсастығы басым. Жалпы қай тілде болсын, фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер қатарласа өмір сүреді.Бұл тілдік категориялар тіл байлығының ең құнарлы байлығына жатады. В.В.Виноградов, В.Н.Гелия, Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаев еңбектерінде фразеологиялық тіркестер құрамына мақал-мәтелдер де жатқызылады.

Мақал-мәтелдер фразеологиялық бірліктің басқа түрлері сияқты сөйлеу барысында бірден түйдек күйінде пайда бола салмайды, алдын-ала ойлау процесінде әзірленген даяр қалпында жұмсалады. Яғни ор қазу тіркесінен тілдің дамуы барысында «Біреуге ор қазба» деген мәтел, одан «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақал пайда болған. Мақал-мәтелдерің мағынасы тек сөйлеммен берілсе, фразеологиялық тіркестің мағынасы сөзбен, сөз тіркесімен беріледі мақал-мәтелдер фразеологиялық тіркесті анықтайтын белгілі сипаттарға ие бола алады. Олар: даяр қалпында қолданылуы, мағына тұтастығы, құрылымы мен құрамының тұрақтылығы, бөлек бітіділігі, бейнелілігі, бағалауы, экспрессивтік қасиеттері.

3.2. Мақал-мәтелдердің нақыл сөздермен ара қатынасы.

Мақал-мәтелдердің пайда болу жолдары мен жасалу тәсілдерінде барлық тілдерге ортақ ұқсастық байқалады.Академик Ә.Т.Қайдардың айтуынша, олар екі түрлі - ішкі және тысқы арналар бойынша жаслып, өзара тоғысуы арқылы белгілі этностың біртұтас рухани байлығына айналған даналық сөздер. Мұндағы мақал-мәтелдердің қорының «ішкі арнасы» деп отырғанымыз әрбір халықтың өзіне ғана тән рухани-мәдени өмір-тіршілігі мен өзіндік дүниетаным тәжірибесінен туындап, ұзақ тарихи даму барысында тұрақтанып, қалыптасқан даналық сөз қоры болса, оның «сыртқы арнасына» ұзақ дәуірлер бойы аралас-құралас бірге жасап, біте қайнасып келе жатқан туыс, көрші халықтардың рухани өмірінен тілімізге енген ауыс-түйістер жатады.

Логикалық ой-толғаныс пен тіл шеберлігінің тоғысатын тұсы- мақал-мәтелдер. Қошаған табиғат құбылыстары мен қоғамдық қарым-қатынастардан алған тәжірибе, ұғым-түсінікті тұжырымдап, бейнелеп айту - мақал-мәтелдердің қалыптасуындағы алғашқы қадам.Адамның сол ой-тұжырымның өзіне пайдалы мағлұмат деп тануын мақал-мәтелдердің қалыптасуындағы екінші қадам деуге болады. Үшінші қадам - сол мағлұматты танымдық мәні бар, пайдалы ақал-кеңес, жадында сақтауға тұратын ғибрат деп тану.

Сондай-ақ әрбір мақал-мәтелдің табиғатынан өзіне ғана тән, өзіндік ішкі даму заңына сәйкес сатылы дамуының екі деңгейін - алғашқы, яғни негізгі де нақтылы мағынасы мен қолданыстық нәтижесінде пайда болған соңғы, ауыспалы мағынасындағы деңгейлерін айқын көруімізге болады. Яғни, мақал-мәтелдердің әуелдегі тәжірибе түрінде қалыптасқан мағынасы мен жүре пайда болған және көбінесе адамның өзіне бағышталған туынды мағынасы арасында логикалық, уәждік байланыс бар деген сөз.

Мақал-мәтелдердің ең алдымен шығу себептерін, мағыналық даму жолдарын, ауыспалы мағынаға ие болу уәдеріне тоқталып, Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдың тура мағынадан ауыспалы мағынаға өтуіндегі сәйкестігі төмендегі кесте арқылы көрсетейік.

Мағына

Ұяда

нені көрсе

ұшқанда

соны

іледі

тура

Бүркіт балапанын туып, баптап ұшыратын орын

Балапанның аң-құстың дәмін, иісін алып жейтін үйреншікті тамағы

Қара қанат болып өзі ұшып, қыран құс болғаны

Ұяда көріп, жеген аң-құстарды

Ұстап жейді, аңшылық қасиетін танытады

ауыспалы

Отбасында, шаңырақта, жанұяда, әулетте

Қалай тәрбиеленсе, қандай үлгі-өнеге алса

Ер жетіп

есейгенде, азамат

тық жасқа келгенде

Сол көрген өнеге

ні, тәлім-

тәрбиені

Көрсете

ді, істей

ді, орын

дайды

2.1. Мақал-мәтелдердің шешендік сөздерден жасалуы.

Тарихымызды білмей тұрып, болашақты болжай алмаймыз.Туған халқымыздың тарихын терең білу - міндет.Ал, сол тарихи, әдеби мұраның бір саласын - шешендік сөздер құрайды.

Қазақ халқы оқымаса да ойына тоқығаны көп, екеуінің бірі ақын, жыршы, екіншісі шежіреші болғанын Батыс Еуропадағы түркі тілін зерттеушілер әлдеқашан-ақ әлемге паш еткен.

Шешендік бастауы түбі бір түркі тектес халықтардың көне жазба ескерткіштеріндегі аталы сөздерден бастап, жұрт сынынан өткен халық қазынасы (фольклор) ауыз әдебиетінің үлгілерінен нәр алған. Айталық, Жүсіп Баласағұнның:

«Көп сөйлеме - азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін» - деген сөзі халықтың «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген мақал-мәтелімен үндесіп жатыр.

Ата дәстүрінен арнасын үзбеген Бұқар жырау, Махамбет сияқты ақын толғаулары бала кезінен халықтың бай ауыз әдебиетімен сусындаған Абай, Шоқан, Ыбырай, халық дәстүімен қанаттанған Төле би, Қазыбек би, Әйтекелер сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер өз ұлтының намысын ойлаған азаматтар.

Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан 5-6 ғасыр бұрын, пайда болып қалыптасқан. Шешендік сөздердің нұсқаларын алғаш оларды жинақтап, халық шешендігін бағалаған Ә.Диваев, А.Васильев, В.Радловтың шығармаларынан кездестіруге болады.

Қай халықтың болса да жеке қадірлейтін дара білімпаз шешендері болады. Сондай қазақ шешндері: Майқы би, Аяз би, Жиренше, Төле би, Әйтеке, Қазыбек, Сырым, Досбол, Бөлтірік, Бала би т.т. өздерінің көсемдіктері мен шешендіктерін халық алдында сан рет дәлелдеп, есімдері қазақ даласына мәлім болған адамдар.

2.2. Мақал-мәтелдердің ертегі-аңыздар негізінде жасалуы.

Ертегілер - ауыз әдебиетінің ең көне жанры.Ертегілер ауызша айтылып, халық жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге дейін жетті.Әр дәуәрдің ертегішілері ертегі мазмұнына өз жандарынан жаңа оқиғалар қосып отырған.Сөйтіп, ертегілер жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылған. Кейде өлең түрінде де (мысалы, Тазша бала айтқан өтірік өлең, Мағжан жазған «Жүсіпхан» ертегісі) кездеседі.

Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтап айту жиі кездеседі. Сондай-ақ, ертегілердің «Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде», «Бұрынғы өткен заманда», «Баяғы өткен заманда» деп, бастауынан да оның көне заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан өткен ғасырлар ізі жатыр. Оларды еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың шер-мұңы, арман-мұраты бейнеленген.

XX ғасырдың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ертегілерді үш жеке жанрға бөледі: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.Ертегілердің соңы үнемі жақсылықпен аяқталады. Ертегінің осылай бітуінің өзінде халықтың ертңгі күнге деген сенімі, болашаққа деген үлкен үміті жатқандығын аңғаруға болады.

Мысалдарда аңдар, құстар мен өсімдіктердің сын-сипаты, іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мін, кемшіліктер тұспалданып әжуа-күлкі етеді.

Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбек сүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетіндегі мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін арғарай дамытты. Олар орыстың ұлы мысалшысы И.А.Крыловтың туындыларына қазақтың «шапанын жауып, қалпағын кигізді».Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жазылған шығарма ретінде танылады.

А.Байтұрсынұлы 1906 жылы Петербургте кітап етіп шығарған "Қырық мысал" жинағына аудармалармен қатар, өзінің "Бақа мен Өгіз", "Егіннің бастары" т.б. сынды мысалдарын кіргізді.

Мысал өлеңдерге де автор адам бойындағы ойықы мінезді, өмірдегі жауыздық пен қатыгездік, әділетсіздік сияқты келеңсіз құбылыстарды өткір сынайды.

3.2. Мақал-мәтелдердің дастандар негізінде жасалуы.

Кез келген индивид өзі сөйлейтінтілдігі ММ-дің мағынасын белгілі бір дәрежеде түсінеді. Күнделікті тіршілік барысында әр алуан ситуацияларға қатысты қолданылатын ММ-дің мазмұндық сипатын әрбір тілдік тұлға өзінше қабылдайды. Бұл орайда ММ-дің негізінен айыспалы мәнде жұмсалуы әбден қалыптасып, орныққан заңдылық. ММ-дің осылайша ауыспалы мәндегі қолданысын түрліше қабылдауы әрбір реципиенттің когнитивтік санасындағы аялық біліміне, атап айтқанда сол ММ-дің пресуппозициясы мен импликациясынан, генезистік уәждемесінен хабардарлығына байланысты. Мұның өзі тіл біліміндегі "ішкі форма" ұғымымен сабақтасып жатқан мәселе.

«Ішкі форма» термині алғаш рет тілдік бірлік ретінде сөзге қатысты жұмсалғанмен (В.Гумбольдт, Х.Штейнталь), кейінгі кезде тілдегі фразеологиялық бірліктерге байланысты кеңінен қолданылып жүр: «... фраземалардың ішкі формасы оларды жасаушы сөздердің бейнелілігі негізінде пайда болады » (В.П.Жуков, А.М.Бабкин, Г.П.Помигуев), «ішкі форма - фраземалардың семантикалық мотивировкасы»(В.В.Виноградов, Л.И.Ройзенсон, А.М.Мелерович), «фраземалардың ішкі формасы - олардың этимологиялық мазмұны» (В.М.Мокиенко, А.В.Кунин, М.И.Сидоренко), «фраземалардың ішкі формасы нақты ойлау (А.И.Федоров) немесе бейнелі ойлаумен (Р.Н.Попов) байланысы», «ішкі форма таңбаланушы ситуацияның «логика-семантикалық» аспектісіне байланысты»(Н.Н.Кириллова) т.б.(4:44-45). Осындай көптеген пікірлерге ортақ желіні В.П.Жуковтың «ішкі форма дегеніміз - еркін сөз тіркестері мен солардың негізінде қайта жасалынған фразеологизмдердің екі жақты қатынасының бейнесі» деген пікірінен байқауға болады. Яғни әуел баста белгілі бір күрделі, тіпті қайшылықты ситуацияның нәтижесіне, салдарына қатысты жасалған пайымдау бірнеше сөздің тіркесі түрінде қалыптасып, уақыт өте келе соған ұқсас жағдаяттарға байланысты жұмсала жүріп, құрамы жағынан тұрақталады және семантикасы бойынша байиды, түрленеді. Ол тілдік құрал қолданылатын әрбір жаңа ситуация одан бұрынғы ситуацияның құрамынан ерекшеленетіндігіне байланысты (мұндағы «ситуация құрамына» оқиғаның өтетін орны, уақыты және оған қатысушылардың жеке басына басына тән ерекшеліктері, әлеуметтік белгілері, рөлдері, коммуникативтік ниеті т.б. параметрлер кіреді) фразеологизмнің семантикасы да күрделене түседі және бастапқы мәнінен бірте-бірте алшақтай береді. Белгілі бір уақыт өткенде ол ММ-дің пайда болуына себеп болған бастапқы ситуация тілді қолданушы қауымның жадынан шағып, мүлдем ұмытылуы мүмкін немесе тілдік ұжым мүшелерінің санасында тек көркем туындылар, атап айтқанда халық ауыз әдебиеті нұсқаларында сақталуы мүмкін. Мұны ММ-дің прагматикалық мәнінің олардың этнолингвистикалық уәжділігіне негізделуімен түсіндіруге болады.

Зерттеушілер тіл мен таным сабақтастығы тұрғысынан ММ-ді уәжділігі тасаланған және уәжділігі тасаланбаған деп бөліп қарастырады (3:7). Біз қарастырғалы отырған мәтелдер (Қасқырдың (бөрінің)аузы жесе де қан, жемесе де қан; Ұсынған басты қылыш кеспес; Бір әйелдің (қулығы)кесірі қырық есекке жүк болар) екінші топұа, яғни уәжділігі тасаланған ММ-дер қатарына жатады.

«Қасқырдың (бөрінің) аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтелді информанттар «бір жаман атқа ие болған кісіге еш уақытта жақсы атақ, яғни оның кінәсіз де жазықты болып отыруы», «үнемі кінәті болып журетін адамға кезекті бір істелінген ыңғайсыз жағдайды (қылмыс т.б.) тели салу, кейде жазықсыз адамды жазықты қылып шығару», «бүлінген істі қатысы бар-жоғына қарамастан ,бір кездегі сондай кінәсімен көзге түскен адамнан көру, соны кінәлау» деген мәнде түсінеді;

«Ұсынған басты қылыш кеспес» деген мәтелді «кінәсін түсініп, мойындаған адамды кешіру», «Аққа құдай жақ» дегендей, кінәсіз адамның басын алуға жол берілмеу, «біреу өз айыбын түсініп, кешірім сұраса, оған рақымшылық жасалуы тиіс», тіпті «тірегі мықтыға ешбір сот жоқ ...» деген мағыналарда қабылдайды;

« Бір әйелдің кесірі (қулығы) қырық есекке жүк болар» деген мәтелдің мағынасын әркімнің әр түрлі түсінетіні байқалды: «әйел кесірленбесін, ол кесірленсе, бітті, үйдің ішінде де, сыртында да береке болмайды», «әңгіме құмар, сөзуар адамның кесірінен екі адамның немесе көпшіліктің арасында болатын кикілжің», «бір адамның кінәсінен көп адамның зиян шегуі», «әйел өз міндетін дұрыс атқармағанына байланысты немесе оның артық сөзінен көптің әбігерге түсуі», «ауыл арасында сөз тасыған өсекші әйел туралы; жағыссыз әңгіменің туыс адамдардың арасына жік түсіруі, соның себебінен бірнеше адамның жапа шегуі, уайымға берілуі, қайғыруы», «бір адамның кесірінің көпке тиюі», «қырсық әйелге қатысты», «салақтық, ұқыпсыздық, жауапсыздық туралы, яғни бірнеше адамның жұмысты жақсы істегеніне қарамастан, бір адам тапсырманы дұрыс орындамаса, бәріне сөз келуі, түгел сөгіс алып, ұрыс естуі...», «әйелдің айла-тәсіліне ештеңе тең келмейтіні», «пейілі жаман адамның тату-тәтті ұжымды немесе ауыл-аймақты бір-біріне айдап салып, жұрттың шырқын бұзуы» т.б.

Реципиенттердің бір ғана мәтелді әр түрлі қабылдауына негіз болған себептердің бірі олардың бұл мәтелдердіңшығу төркінінен хабарсыздығы болса керек.Дегенмен келтірілген түсіндірмелердің қай-қайсысы да аталмыш мәтелдің ішкі формасымен астасып жатыр. Яғни информанттар ол мәтелдердің мағынасын түрліше ашқанымен, олардың қандай ситуацияларға сәйкес қолданылатынын біледі. Мысалы, жоғарыда келтірілген түсіндірмелердің бірқатары «Өтірікшінің шын сөзі зая кетер», «Аққа құдай жақ», «Бірдің кесірі мыңға тиер», «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер», «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Қырық кісі жақ, қыңыр кісі бір жақ», «Әйел қырық айлалы» деген мәтелдердің семантикасына жақын.

Демек, белгілі бір ситуацияларда аталған мәтелдерді онымен мағыналық жақындығы, тіпті байланысы бар басқа оралымдармен алмастыруға болатынын көреміз. Енді нысанаға алынған үш мәтелдің генезистік уәждемесіне байланысты мәселені қазақ дастандарының мазмұны бойынша қарастырайық. Жалпы қазақ дастандарын авторы белгілі, яғни ақын-жыршылардың өз жанынан шығарған төл туындылары және сюжеттік желісі өзге халықтардың әдебиетінен алынған немесе өзге тілдерден аударылғандүниелер деп бөлуге болады.

«Жүсіп - Зылиха» дастанының бас кейіпкері Жүсіп пайғамбар есімі мұсылман қауымына сонау VII ғасырда хатқа түскен қасиетті Құраннан таныс. Ол өмірде болған, ерекше сұлулығымен даңқы шыққан, ақылдылығының арқасында Мысырды билеген пайғамбар.Тілімізде «Жүсіптің сұлулығы» деген тіркес, «Түсің Жүсіптің түсіндей орындалсын!» деген тілек мәнді қолданыстар сақталған. Аңыз бойынша, Жүсіптің әкесі Жақып пайғамбардың бірінші әйелінен туылған он ұлы және екінші әйелінен екі ұлы болады. Солардың кенжесі Жүсіп он жасында ғажайып түс көреді. Түсінде аспанда жарқырап бір ай және оның қоршап, иіліп тағзым етіп он бір жұлдыз тұр екен… Осыны әкесіне айтқанда Жақып пайғамбар: «Балам, ол ай - сен, өскенде Мысыр шаһарына патша боласың, ал он бір ағаң уәзірің болып, саған қызмет етеді екен» - деп жориды да, мұны ағалары естіп қалып, күншілдік жасап жүре ме деген қауіппен, баласына бұл түсі туралы ешкімге тіс жармауды тапсырады. Алайда бұл әңгімені құлағы шалып қалған қарындасы өзге ағаларына жеткізіп қояды. Пайғамбардың қауіпі расқа айналып, ағалары әкесін алдап, Жүсіпті қолға түсіріп, бір саудагерге он төрт жармаққа (арзан мыс ақша) сатып жібереді. Ал ұлын сұраған Жақып пайғамбарға әбіз аң аулап, алыстап кеткенде Жүсіпті қасқыр жеп кетіпті» деп өтірік айтады. Ұлдарының сөзіне сенбеген Жақып сол қасқырды тауып әкелуді тапсырғанда, ағайынды жігіттер күшігінен айрылып, сорлап жүрген бір қасқырды ұстап алып, бір лақты сойып жіберіп, оның қанын қасқырдың аузына жағып әкеліп әкелеріне тапсырады… Құстың да, аңның да тілінбілетін қасиеті бар пайғамбар қасқырмен «тілдесіп», оның Жүсіп өліміне ешқандай қатысы жоқтығына, жазықсыз екендігіне көзі жетіп, еркіне қоя береді…

Дастанда бұл оқиға бірнеше рет (Жүсіптің зынданда жатып керуен саудагерімен сөйлескен кезінде, Мысыр патшасы болған уағында т.б.) еске алынады. Біздің назар аударғымыз келіп отырғаны - шындығында Жүсіптің төбесін де көрмеген қасқырдың жалпы табиғатына тән «адамға шабу, малды жарып кету» сияқты дағдылы әрекеттерінің оған қатысы жоқ жаланыңжабылуына, тағы бір жаманат тағылуына негіз болуы. Осы жерде жоғарыда айтылған әбұрын бір-екі рет жаман аты шыққан адамның кейін себепсізденсебепсіз-ақ сөз естіп, жағымсыз жағдайларға тап болып жүретіні» еске түседі.

Біздіңше, тіліміздегі «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтелдің шығуына аңыздағы осы бір жағдай негіз болған сияқты. Төрт түлікті күнкөрісі үшін асырап, оның жақсы-жаман қасиетерін жатқа білген қазақ ұғымында қасқыр - ең алдымен, малдың (қойдың) жауы. Тұрмысында одан талай жапа шеккен халқымыздың танымында ол «ит-құс» аталып,ашкөз, тойымсыз жыртқыш ретінде орныққан. Халық санасында осы қырынан танылып, әбден қалыптасқан тағы аты қай жерде қой қырылғандай оқиға болса, бірден ауызға ілінетіндей дәрежеге жеткен. Яғни қойды ұры алып кетсе де, ит (жабайы немесе құтырған ит) тартып кетсе де, тіпті ол боранда суыққа үсіп өлсе де, қазақ мұны бір ауыз сөзбен «қойым ит-құсқа жем болды» деп түйіндейді.Ал қасқырдың «аты аталған жерге келіп қалатын қасиетін» ескерген халқымыз оның орнына «ит-құс» деген табуды қолданғаны белгілі. Аталған мәтелдің тілімізде нық орнығып, жиі қолданылуының бір себебі осында болса керек.

Атымтай - арабтың «тай» тайпасынан шыққан, тірлігінде жомарттығымен аты шығып, елге жасаған жақсылығының арқасында даңқы шартарапқа жайылған тарихи тұлға. Тілімізде оның есіміне байланысты «Атымтайдай жомарт бол!» деген тілек мәнді оралым сақталған. Кезінде тіріжанның бетін қақпаған, кімнің де болса сұрағанын тауып беріп, ел алғысына бөленген осы бір жомарт жанның атақ-даңқын Шам, Рум, Емін(Сирия, Византия, Йемен) шаһарларының патшалары күндейді. Олардың ұғымында, сақилық - тек қана қолында билігі мен көл-көсер қазынасы бар патшаларға тән қасите. Ал қарапайым адамның, оның ішінде Атымтай сияқты жалғыз тұлпары мен тазысы ғана бар жарлының сақилығы - жай ғана атын шығару үшін жасалатын жалған мәрттік. Саналарын осындай ой жаулап алған патшаларқол астындағы елге Атымтай есімін атауға тыйым салады... Тіпті халықты жинап, «кім де кімнің сақида алашағы болса, айтсын, өндіріп береміз, ал Атымтайдың өзін жазаға тартамыз» деп жар салады. Алайда көпшіліктің Атымтайда ешқандай ақысы жоқ екні, қайта олардың сақидан алғаны көп екндігі анықталады. Сонда Шам патшасы өзінше бір қулық ойлап табады. Ол «көзі қара, өзі қызыл жүз нар» сұратып, Атымтайға кісі жібереді... Бір дұшпанының беті бері қарағанына қуанған жомарт зыр жүгіріп, өзінде жоқ малды елден несиеге алып, нардың санын жүзге толтырып, елшіні разы етіп қайтарады. Сынынан сүрінбей өткен сақиға шын риза болған патша оның жүз нарына сый-сияпатын артып, кері қайтарып,Атымтаймен ақыреттік дос болуға уәделеседі.

Рум патшасы Атымтайдың асқан жүйріктігімен танылған асылтұқымды тұлпарын сұратып адам жібереді. Қалыптасқан әдеті бойынша қонағының не шаруамен келгенін сұрамаған сақи үйінде оны күтетіндей ешбір азық қалмағанын көріп, дағадарады да жалғыз тұлпарын сояды... Үш күн өткен соң қонақтар патшаның хатын беріп, бұйымтайларын айтқанда Атымтайдың көзінен жасы домалай жөнеледі. Мұны «атын қимай отырға» жорыған меймандар іштей мәз болып, сақиды табалай күліп отырғанда, Атымтай олардың алдына тұлпардың басы мен төрт сирағын әкеп қояды да: «Патшаның сұрағанын білмедім, әйтпесе осы тұлпарды сол күні-ақ жетектеп жіберер едім...» - дейді. Мұны естіген қонақтардың да, Рум патшасының да көзқарастары өзгеріп, Атымтайдың шын сақи екендігін мойындап, оған деген достық бейілдерін білдіреді...

Өз елінің, яғни Емін патшасының қараулығы қалмай, уәзірлерімен ақылдасып, бір жігітті Атымтайдың басын әкелуге жібереді. Сақидың басы үшін қызы мен патшалығын қоса сыйға тартатынын мәлімдейді. Осыған келісіп, жолға шыққан шабарман қалың тұманда адасып жүріп, аң аулауға шыққан Атымтайға кез болады. Әдептілігі сондай, бейтаныс адамның атын да, затын да сұрамаған сақи оны үйіне әкеліп, барын беріп, күтеді. Үш күн өткенде шыдамаған қонақ өзін Атымтайдың басын әкелу үшін патша жібергенін мақтаныш қалап айтады. Ол аузын жиып үлгермей-ақ орнынан атып тұрған Атымтай алмас қылшын суырып алып, қонағына ұсынады да: «Міне, басым, керегіңіз осы болса, кесіңіз де алыңыз!» - дейді. Мұндайды күтпеген қонақ абдырап, сасып қалады да, жомарттан кешірім сұрайды. Ал Атымтай «қонағымның бұйымтайын бермесем - менің сақи атыма сын, патшаға берген уәдеңізді орындамасаңыз - сіздің жігіттігіңізге сын, алыңыз басымды, мен үшін екі сөзді болмаңыз» - деп азар да безер болады.Дәті шыдамай қашып шыққан қонақ патшаға барып болған жайды баяндайды, Атымтайдың шын сақи екеніне көзі жеткен билеуші «қас сақиды өлтірмей келеген сен ер екенсің!» деп, шабарманына да разы болып, уәдесін бұзбай, қызын беріп, патшалығын сыйға тартады... Міне, осы оқиға Атымтайдың шын сақилығы туралы аңыздың пайда болып, елден-елге таралуына, ал тілімізде «Ұсынған басты қылыш кеспес» деген мәтелдің қалыптасуына негіз болған.

Бүгінгі тілдік ұжым мүшелерінің көпшілігі бұл мәтелді «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», Аққа құдай жақ» деген оралымдардың баламасы ретінде, тіпті кейбір жағдайларда «Тірегі мықтыға сот жоқ!» деген мәнде түсініп, қабылдайтынын және сол мағынада қолданатынын жоғарыда айттық.

«Бір әйелдің кесірі (құлығы) қырық есекке жүк болар» мәтелдің пайда болу уәждемесіне қатысты мынадай болжам жасауға болады.

Баяғы заманда аярлығы мен айласы асқан бір әйелдің екі саудагерді және олар шағымданып барған қазыны алдап соғып, қыруар ақша тапқаны, осы «кәсіпке» күйеуін де тартып, елді бүлдіргені туралы баяндайтын «Гаяр қатын» дастанының сюжеті де шығыс халықтарына ортақ. Қылмыстары әшкере болып, ұсталғанда, елді билеп отырған патша «өзгелерге сабақ болсын» деген оймен шаһар халқын тегіс жинап, қаланың ортасындағы үлкен алаңда бесеуін жазаға тартады. Оларды дарға асып өлтіріп, «бұлардың кесапаты елге жайылмасын» деген ниетпен жансыз денелерді, марқұмдардың дүние-мүліктерін түгел өртеп, оның күлін адам баспас алысқа апарып тастау үшін қырық есекке артып, айдалаға жібереді... Біздіңше, тіліміздегі «Бір әйелдің кесірі (қулығы) қырық есекке жүк болар» деген мәтелдің шығуына осы аңыз негіз болған. Қазіргі кезде көпшілік бұл мәтелдің мағынасын «Біздің кесірі мыңға», «Аузы жаман ел бұзар» деген оралымдардың баламасы ретінде қабылдайтыны туралы айтылады.

Сонымен бастапқыда бір оқиға нәтижесіне жасалған пайымдау уақыт өте келе, қолдану жағдайларына байланысты мазмұн-мағынасын өзгерте отырып, қалыптасқан тілдік оралымға, мәтелге айналады және сол фразеологизмнің пайда болуымен себеп болған әуелгі оқиға ұқсас екінші, үшінші, төртінші ситуацияларға қатысты қолданыла келе, белгілі бір фреймге берілетін тұрақты баға деңгейіне жетеді. Яғни бір мәтел өзара ұқсас немесе ортақ компоненттерден тұратын ситуациялар жиынтығына қатысты эталондық үлгі ретінде этностық когнитивтік санағына берік орнығады. Ал ол мәтелдің прагматикалық ерекшеліктері тілдік тұлғаның, тілді қолдаушы ұжымның, сөйлеуші мен қабылдаушының аялық білімінің көлем-шамасына қарай өзгеріп отырады.

Ал құрамында аң-құс пен жан-жануарлар атауы кездесетін ММ-дің адамға, оның жақсы және жаман қасиеттеріне қатысты қолданылуына сол хайуанаттың бойындағы, мінез-құлқындағы қасиеттерді тап басып, тани білген халқымыздың, адам баласына әсері болу үшін аң-құспен салыстыра, соған меңзей отырып, астарлап сөйлеу салты, бейнелі сөз қолданыс дағдысы негіз болған. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтел ұсынылған информанттардың бір де бірінің бұл фразеологизмнің тура мағынасына (қасқырдың мал жауы екендігіне) тоқталмауы да - осының нәтижесі. Қорыта айтқанда, тіліміздегі көптеген сөздер мен оралымдардың тура және ауыспалы мағынада жұмсалуға бейімділігіне жекелеген, шағын тілдік таңбаларға ауқымды да терең мағыналы мазмұнды сыйдыра білген бабаларымыздың ой ұшқырлығы мен сөзге шеберлігі негіз болса, бүгінгі ұрпақтың сол меңзеуді дұрыс қаылдап, дәл түсініп, ыңғайына қарай құбылта қолданатындай деңгейге жетуіне негіз болатын маңызды факторлардың бірі - халық ауыз әдебиетін білу, меңгеру болмақ. Тіліміздегі ұзын саны он бес мыңға жуықтайтын мақал-мәтелдердің мән-мағынасын қабылдауда реципиенттердің ол оралымдардың пайда болу уәждемесінен хабардарлығы немесе бейхабарлығы басым рөл атқаратының көрдік. Сол уәждеме ММ-дер қолданысында негізге алынатын меңзеу (пресуппозиция) болып табылады. Оны анықтау үшін халық әдебиетінің қайнар бұлақтарының бірі - дастандарды зерттеудің берері мол.

Халқымыздың ұлттық өзіне тән қасиеттің бірі - жомарттық. "Кең болсаң, кем болмайсың ","Ақылың болса, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта" деп өз перзенттерін тек дүние-мүлікке, маоға ғана емес, рухани жомарттыққа да үндеп отырған.

"Атымтай Жомарт" аңызының кейіпкері Атымтайдың абзал қасиетін ұрпағына үлгі етіп ұстайды.

Жомарттық адам бойына қанмен сіңген туа біткен қасиет болғандығы төмендегі мақалдарда.

"Сабыр түбі - сары алтын

Сарғайған жетер мұраттқа

Сабырсыз қалар ұятқа".

"Ұрыншақ атта жол болмас,

Көңілшек жанда мал болмас".

"Сараң байды қоңыр десең болар,

Ішпей - жемей боқты жиған.

Жігітті ерін десе болар,

Жолдас үшін жан қиған".

"Жақсының күнде бір үйі кеңейді,

Жаманның күнде бір үйі кемейді".

"Жарлы болсаң да, арлы бол," - халық адамды жомарттық мінез көріктендіре түсетіндігі баяндалады.

"Жомарт жүрекке иман қонар,

Жомарт қолға аспандағы лашын қонар".

"Жомарт жоқтығын білдірмес".

"Мейірімділік жүректе,

Мейірімсіздік білектен," - Деген мақалдарда да қазақ халқы жүрек жомарттығының көрінісі - мейірімділік, кешіре білу сынды ізгі қасиеттерді қастерлей көрсетеді. "Су бермегенге сүт бер, ақниетіңді білсін" деген халықты дана демегенге не дейсің?!

Қорытынды.

Қазақ халқының даласы қандай кең болса, пейілі сондай кең, жер қойнауы қандай болса, жүрегі де сондай. Жүрегінің байлығы - сәбидей аңғал тазалығы, ешкімге жамандығының жоқтығы - бейбіт, момындығы, қызғануды білмейтін кеңдігі - жүрегінің жомарттығы.

"Қазақ халқы - еңкейгенде басы жерге жеткенше иіле алады, шалқайғанға шалқая біледі. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, кең елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек бидей шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, Әйтеке бидей өткемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай өрлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол твбар Абылайдай тірлігі бар ел," - деп (тарихшы) академик М.Қозыбаев айтқандай дана да өр халықтың ұрпағы бабалар өсиетіне адал тиіс. В.В.Радлов "қазақтардың ақыл - ой қабілітінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әсем сөйлейді!

Айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де тез жетіледі,"-дейді.

Мақал-мәтелдер - қазіргі тіл байлығы қорына толық еніп отыр. Оның қолданылмай жүргені сирек.

Мақал-мәтел, өнегелі де өсиет сөздері мен ертегі, дастандардағы парасатты ойдан пайымды өнеге алар ұрпақ өсуі тиіс.

Бабаларымыз ертегі, аңыз-әнгімелерінде өзі шықпаған шыңын, ала алмаған қамалын кейінгі ұрпағына аманат етіп, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінде оған қол жеткізуінің, оны алуыдың амал-тәсілдерін үйретеді, жол көрсетеді.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерінің қаншасы бүгінгі қауымда қызмет етіп жүр, я қолданыста жүргені, одан тыс қалып жатқаны қанша? - мұны нақтылап айту қиын. Біздің ата-бабаларымыз бірде-бір сөз, ой түйінін, топшылау-толғауын мақал-мәтелсіз айтқан емес. Мәселен, қазақтың кең-байтақ даласында ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданып келген қауым жазу мәдениеті еркін дамымаған кездерде даналық сөздерін ауызша айтып, құлақтан-құлаққа жеткізіп, жадында сақтауға тырысты. Бұл объективті жағдаят дана, ақылмандардың, ділмәр-шешендердің, ақын-жыраулардың дуалы аузынан шыққан асыл сөздерді жаттап алып, жадында сақтау үрдісін дамыта түсті. Бұл өмір бойы қой бақса да, қоймен бірге ой баққан қазақтардың ақынжанды халық екендігін, яғни қазақ даласы өз Демосфен, Цицерондарымен әлемге әйгілі болып келгендігін білдіреді. Мыңдаған дана билердің, ділмәр-шешен, ақылман-айтқыштардың даналық мұрасының қыр-сыры енді ғана айқындала бастады.

Мақал-мәтелдер - халықтың дүниені түйсінуімен хабар беретін қойма, ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттық эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-нанымын, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытушы, таным бәйтерегі.













Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жарикбаев К.Б., Калиев С.К. Қазақстан педагогикалық ой антологиясы. Алматы: Рауан, 1995.

2. Калиев С.К. Қазақ фольклорындағы халық педагогикасы. 1987.

3. Тажибавеа Р.Д.. Сходства и различия пословиц и поговорок // Вестник КазНУ. - №2. 2006. 7

4. Больтирик Альменулы. Шешендік сөздер. Алматы: Ғылым, 1993. 302 с.

5. Габдуллин М. Сила казахской пословицы (на каз.яз). Алматы:

6. Габдуллин М. Қазақ халкының ауыз әдебиеті. Алматы: Санат, 1974. - 320 с.

7. Қазақ макал-мәтелдері. Алматы:

8. Европа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ой-пікірлер Алматы: Рауан, 1992. - 56 с.172. "Казахстанская правда" (на каз.яз.). "Егемен Казахстан". 1993. - 15 мая.

9. Ел аузынан. Алматы: Жазушы, 1989.

10.Казахские пословицы и поговорки (на каз.яз.). -Алматы: Атамура 2006.

11. Шешендж сөздер. Алматы: Жалын, 1992.



© 2010-2022