Сыныбы: 10 «Б» Тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры

 Одан кейін үй тобына оралып бір біріне өз бөліктерін айтып береді.Бірінші сандағы оқушы бірінші бөлігін, екінші сандағы оқушы екінші бөлігін, үшінші сандағы оқушы үшінші бөлігін бір – біріне айтып береді. Осыдан кеін барлық үі мүшелері барлық тақырыппен өздері танысып шығады.  Тақырыптың мегерілуін тексеруғе арналған сұрақтар.  №1 сұрақтары  1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.  2. Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім ынтық етеді, Айжыйыққа жөнелуі.  3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды? ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:10 «Б» Тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры

Мақсаты: Тақырыпты терең талдау, идеясын жан - жақты айқындау.

2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

3.Әдептілікті, әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.

Типі: СТО Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: ЖИГСО-1, ой шақыру, Т кестесі, Венн диаграммасы

Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар, кинофильмнен үзінді

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану ТСО: компьютер

Барысы:

І Ұйымдастыру Амандасу, түгендеу.

ІІ Үй жұмысын тексеру.

Мұғалім:

-.Балалар біз сендермен ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен таныстық. Соның ішінде тұрмыс - салт жырларымен таныстық. Қане сендер қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?

-Ал, сендер шашу шашу дәстүрін естігендерің бар ма? Шашуды қандай уақытта шашады?

-Сендерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сендерге тапсырмалар бар.

(оқушыларға кәмпит және қәмпиттің қағазында оралған сұрақтарды шашу.

-Сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтары:

ІІІ Шаттық шеңбері

Мұғалім: Қане, балалар қазір сендер өзін - өзі тану сабағын естеріңе түсіріп шаттық шеңберіне тұра қойыңдар да, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін шаттық шеңберінде орындаңдар.

ІV Қызығушылықты ояту

Ой шақыру стратегиясы.

Мұғалім:

-Халық жадында мәңгі сақталған қандай ару қыздарды білесіңдер?

-Ия, балалар Мұхтар Мағауин пікірінше «Әлемдегі ең сұлу қыз - қазақ қызы...» деген.

-Жаңағы шаттық шеңберінде орындалған әнде осы сөзбен үндесіп тұр.

Бүгнгі біздің тақырыбымыз қазақтың ару қыздарының бірі Қыз Жібек жыры.( слайд)

V Мағынаны тану ЖИГСО-1 стратегиясы

Мұғалім: Қазір мен сендерді үй тобына бөлемін. (Оқушыларды отырған орындарына қарай 1,2,3, - ке бөлу) Үй тобынан жұмыс тобына оқушыларды жіберу

Үй тобы Жұмыс тобы

2.Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінген.

Жұмыс тобында әр оқушы жеке өз бөлігін оқиды.

Одан кейін үй тобына оралып бір біріне өз бөліктерін айтып береді.Бірінші сандағы оқушы бірінші бөлігін, екінші сандағы оқушы екінші бөлігін, үшінші сандағы оқушы үшінші бөлігін бір - біріне айтып береді. Осыдан кеін барлық үі мүшелері барлық тақырыппен өздері танысып шығады.

Тақырыптың мегерілуін тексеруғе арналған сұрақтар.

№1 сұрақтары

1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.

2. Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім ынтық етеді, Айжыйыққа жөнелуі.

3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?

№2 сұрақтар

1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?

2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?

3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?

№3 сұрақтар

1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?

2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?

3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?

3.Интербелсенді тақтадан кинофильмнен үзінді көрсету.

Мұғалім: Балалар, сендер осы кинофильмнен үзіндіні көргенде қандай әсер алдыңдар?

Қазір сендерге осы кинофильімге түскен кеіпкерлермен танысуға мүмкіндік туып тұр. Ол үшін мына слайдтарға көңіл аударыңдар.

Ал, осы кинофильімді түсіріп, шығарған адамдармен де таныс болыңыздар.

Фильм «Кыз¬-Жибек»

Шыққан жылы - 1970ж.

Автор сценария - Габит Мусрепов.

Режиссер - Султан-Ахмет Ходжаевич Ходжиков

Композитор - Нургиса Тлендиев

Художник-постановщик - Гульфайрус Исмаилова

Басты ролдерде: Асанали Ашимов, Меруерт Утекешева, Куман Тастанбеков

Киностудияда әлі күнге дейін басы кейіпкерлердің костюмдері мен аппаратуралары сақталған.

4.Слайдтан Қыз Жібек киносына түскен кейіпкерлерді көрсету.

Мұғалім: Фильмнің тарихында басты кеіпкерлердің роліндегі Меруерт Утекешова мен Құман Тастанбеков 40 жыл өмірде берге. Өмірдің өзі оларды бірге қосқан. Экрандағы ғашықтық сезімін шын өмірде де жалғастырған.

VІ Ой толғаныс.

Мұғалім: Жақсы балалар, біз сендермен бүгін «Қыз жібек» жырымен таныстық, осы жырдағы кеіпкерлермен және кинофильмнен үзінді көрдік. Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шыққаны дұрыс па әлде дұрыс емес пе? Қазір сіздер мына кестені толтыра қоясыздыр.

1 топ - «дұрыс» деп жазады

2 топ - «дұрыс емес» деп жазады

1.Т кестесі стратегиясы

Жібектің Санзыбайға тұрмысқа шыққаны дұрыс па дұрыс емес пе?

Дұрыс Дұрыс емес - - - -

2.Венн диаграммасы

Мұғалім: Қорыта айтқанда, қазақтың классикалық түрдегі «Қыз Жібек» жыры - ежелгі рулық заманда пайда болған «жігіттің үйленуі» туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Қыз Жібек жыры профессионалды операға , көркем фильмге негіз болды.

VІІ Бағалау: Оқушыларды бағалау

VІІІ Үйге тапсырма: «Қыз Жібек» жырын толық оқу.



© 2010-2022