Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Бұл сабақ орта буын 6 сынып оқушыларына арналған. Кәмбридж университеті мен Назарбаев университетінің бірігіп құрған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы кезеңінде мемлекеттік стандартқа сай күнтізбелік жоспарымен сәйкес құрылған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Бұл сабақта жаңа тәсілдермен құрылған. Сабақтың басынан бастап соңына дейін түрлі жаңа тәсілдермен жүйелі құрылған сабақ жоспары. оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі тренинг топқа бөлу сонымен қатар сергіту сәті қолдан...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 3 Сабақтың тақырыбы:

Негізгі және туынды еліктеу сөздер


Күні:

21.04.2014ж

Сыныбы:

6 «ә»

Пән мұғалімі:

Басжанова Мөлдір Доғдырбайқызы

Сілтеме:

6-cынып қазақ әдебиеті оқулығы, мектеп кітапханасы, интернет

Сабақтың мақсаты:

Жаңа сабақты оқушылардың өз ізденістері арқылы меңгеруі

Міндеттері:

  • Білімді игеру қажеттілігін түсініп, өз бетінше әрекет жасауға, жан-жақты ізденуге үйрету.

  • Өз пікірін ашық айтқызу, пікір сайысқа араласуға, дәлелдеуге бағыттау .

  • Ата-ананың қадірін бағалауға әсер ету.

  • Елге, жерге деген патриоттық сезімінің қалыптасуына әсер ету.

  • Топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтағы кіріктірілген модуль:

- АКТ-ны пайдалану;

-Дарынды және талантты балаларды оқыту;

-Балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

-Оқытуды басқару және көшбасшылық;

-Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі:

Жан-жақты ізденіс сабағы


Сабақтың әдісі:

«Автор орындығы», «кім тапқыр, кім білгіш» әдісі, сергіту сәті, бағдаршам, кері әсер парағы

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

Интерактивті тақта,ватман, түрлі- түсті қағаз, стикер, маркер, үлестірмелі қима қағаздар, слайды көрсетілімдер, мәтіндік тапсырмалар кестесі, А1 , А3 форматты қағаздар

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, орыс тілі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа байланысты мағынаны ажырату

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Ой толғаныс

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы




Сабақ кезеңі:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыт

І. Ұйымдастыру Қызығушылығын ояту

Тренинг:

Топ құру:

Оқушылармен « Құпия досыма» тренинг жүргізу арқылы,сыныпқа қолайлы орта туғызымын.

Жұптық жұмыс. Стикерге есімдерін жазғыздырып қалпаққа салып, араластырып таратамын.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-бірінің қолдарынан ұстап, құпия досына жылы лебізін білдіреді.

Оқушыларға кімнің есімі түседі, сол адаммен жұп болады.

5 мин

14.00-14.05

ІІ.

Үй тапсырмасы:

Білу, түсіну

«Автор орындығы» ортаға қойылады.

А.Құнанбаев «Жаз» өлеңінен еліктеу сөздерді табу, үзінді жатқа айту.

Еліктеу сөздері қатысқан шумақтарын жатқа айтады, Әр топтан бір-екі оқушы шығып, тақтаға еліктеу сөздерді тізбектейді.

8 мин

14.05-14.13

ІІІ. Мағынаны ажырату

қолдану


Талдау

1)«Ерте, ерте, ертеде ...» ертегісі.(мұғалімнің тақырып бойынша түсініктемесі)

2)Жұппен тақырыпты талқылау.

Негізгі мен туынды еліктеу сөздер кесте арқылы мысалдар келтіреді.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер

(-аң, -ең, -ың, -ің, -ң)

3) 308-жаттығу (Еліктеу сөзді тауып, құрамына, түріне қарай ажырату)

2)Жұппен талдау (жұппен талқылау аяқталысымен, тағы 1,2-ге саналып бөлінеді де келесі түскен жұпқа өз ержесі туралы толық түсініктеме береді.)

Негізгі е.с: қарқ, сарт, балп, желп

Туынды е.с: балпаң, желпең, қылтың, жылтың,

3) (Кітап-дәптермен жұмыс)

308-жаттығу

Жарқ (етті)-бейнелеуіш сөз, негізгі еліктеу сөз, жарыққа еліктеуден туған.

Құж-құж-бейнелеуіш сөз, күрделі, қайталама еліктеу сөз, құжынап еліктеуден туған.

(лық етіп, күңк ете, күмп етті, лықсып, күбір-күбір)

15 мин

14.13-14.28

Сергіту сәті

Жұмбақты шешейік!

1.Жай ғана сарт етіп жабылады
Іздегенің ішінен табылады
2.Қорбаң - қорбаң еткен
Өмірі орманда өткен
3.Сырт - сырт еткен дыбысы
Ояту оның жұмысы
4.Жалт - жұлт етеді
Жерге сіңіп кетеді
5.Тоқ - тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табатын

Екі қатар болып жарысады.

Жауаптары:

  1. Сандық

  2. Аю

  3. Сағат

  4. Қар

  5. Тоқылдақ

3 мин

14.28-14.31

VI. Ой толғаныс

жинақтау

Жеке жұмыс

«орнын толықтыр» әдісі

Мысалы: 1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы ... ете қалды.

2.Азиат! - деп ... еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді.

Негізгі, туынды еліктеу сөздерді орнына қояды.

Қып ете қалды-бейнелеуіш сөз,

шарт еткізіп-еліктеуіш сөз

9 мин

14.31-14.40

V. Бағалау

1. Жұптық бағалау

2.«Бағдаршам» сигналдары арқылы өз-өздерін бағалатқызамын. Жасыл түс- мен бүгін берілген тапсырмаларды жақсы орындадым. Сары түс- мен жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу қажет. Қызыл түс- мен тапсырмаларды орындай алмадым, маған көмек керек.

3. Кері әсер парағы

Жұптағылар бір-біріне баға береді.

Оқушылар бүгін сабақта білгендерін, өз іс-әрекеттеріне байланысты түстерді таңдап, себебін айтып, мұғалімге көрсетіп, бағдаршам суреті салынған плакатқа жабыстырады.

Оқушылар қабырғада ілулі тұрған кері әсер парағына бүгінгі сабақта алған мағлұматтарын (сандық, ет турағыш, қоқыш жәшігі) стикерге ойларын жазып бөліседі.

4 мин

14.40-14.44

VI. Үй тапсырмасы

1)309-жаттығу

2)Пысықтауға арналған сұрақтар (карточка жасау)

3) шығ.деңг. қорыту постері құру

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

1 мин

14.44-14.45

Күтілетін нәтиже:

- Өткен тақырыппен байланыстырады;

- негізгі пен туынды еліктеу сөздерінің айырмашылығын көрсете алады

- Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады;

- Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады;

Сабақтан соңғы ой толғаныс:

Не сәтті өтті?

- Сыныпта оқушылар бір-бірінен құпия дос жасырғаны. Білгісі келіп «мен кімге түстім»-деп сұрап отырды, көңілдері көтеріліп қалды.

- Сабақ басынан соңына дейін белсенді қатысып отырды.

- Сергіту сәтіндегі жұмбақтың жауабына бас қатырып, шуласып, таласып өтті.

- Сабақтың қызықты өткеніне өздері де риза болды. Кері әсер парағын толтыру кезінде «кетпеңізші», «осы әдістер бізге қатты ұнады», «сабақ қызықты өтті» жазбаларын ілді.

Не сәтсіз өтті?

- Жұпқа бөлінгенде, кейбірі «мен онымен жұмыс жасағым келмейді» деп біраз тартыстық.

-Үйге берген тапсырманы толықтай орындап келмеген.

-Сыныпта берілген тапсырмаларды барлығы бірдей орындамады.

Нені өзгертуге болады?

-Оқушыға кітаптағы берілген тапсырманың барлығын орындатпай маңыздысын ғана орындату.

Кез-келген тапсырманы белгіленген уақытан аспай орындау.

-Оқушының барлығы бірдей сабаққа қатысуын қатақ қадағалау.

Кімнің көмегі қажет болды?

Ата-ана баласына көп көңіл бөліп, үнемі қадағалап сабағын, үлгерім сапасын қадағалап отырса, оқушының бойында жауапкершілік сезімі ұялайтын еді. Балаларға өздеріне сеніп қана қоймай, ашылып ойын анық жеткізулеріне көмектескім келеді. Біз ол мақсатқа бірлесіп жетеміз деп ойлаймын.

Қорытынды:

Ұйымдастыру кездеріне көп көңіл бөлу, бірлікте жұмыс жасауға үйрету. Осы бағытта ары қарай жұмыс жасау.

Мектеп -білім ордасы болса,ұстаз -сол мектептің жүрегі,оқушы -болашақ тұлғасы.Болашағымыз сендердіңдер балалар!

© 2010-2022