Планирование по английскому языку для 9 класса

"Выдержка из материала: Сабақ барысында оқушылар жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сабақты түсіну, оқушы бағаны алуда өз - өзін талдауға үйренуін және оқушының зерттеу ізденісін дамыту, шығармашылығын әрі қарай шыңдай беруіне ықпал туғызу. Оқушылардың тақырыпты" игере отырып, сыныпта оқушының жұппен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасын арттыру, талдау жасау икемділігін арттыру. «Санамақ» әдісі бойынша топқа бөлу. «Миға шабуыл жасау» әдісі.Тақыр...
Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аскарова Айгерим

Қызылорда қаласы №7 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Туғанда дүние есігін ашады өлең ...

Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер туралы ұғындыру. Балаға ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, ашамайға мінгізу дәстүрлерінің мағынасын ашу. Салт - дәстүрлерге байланысты қазақтың ырымдарын,тыйым сөздерін айтып, түсіндіру. Салт - дәстүрге байланысты мақал - мәтелдерді айтқызу. Мәтінмен жұмыс жасату. Жаттығу жұмыстарын орындатқызу. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Білімін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуге, ойын жинақтап, жүйелі көркем сөйлеуге қалыптастыру.

3. Оқушыларды әдептілікке, мәдениеттілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, парасаттылыққа, ақылдылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Негізгі идеялар:

Сабақ барысында оқушылар жаңа әдіс - тәсілдер арқылы сабақты түсіну, оқушы бағаны алуда өз - өзін талдауға үйренуін және оқушының зерттеу ізденісін дамыту, шығармашылығын әрі қарай шыңдай беруіне ықпал туғызу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың тақырыпты игере отырып, сыныпта оқушының жұппен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту, белсенділігі төмен оқушылардың ынтасын арттыру, талдау жасау икемділігін арттыру.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер:

«Санамақ» әдісі бойынша топқа бөлу. «Миға шабуыл жасау» әдісі.

Көрнекі - құралдар:

Тақырыптық суреттер, оқулық, интерактивті тақта, видеодан бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлерін көру.

Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқушылардың іс - әрекеті:

Сабақ барысы:

Оқушылармен сәлемдесіп, журнал бойынша оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән беру, оқушы назарын сабаққа аудару.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. (1 минут).

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындық жасайды.

Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бір - біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушыларды «Санамақ» әдісі бойынша топтарға бөлу. (1 минут).

Оқушылар рет - ретімен (1,2,3, 4,5) арқылы топтарға бірлеседі.

Үй жұмысын тексеру: (7 минут)

Ақтамберді жыраудың өлеңін жатқа айту.

Ақтамберді жырау туралы айту.

Жырауға байланысты сұрақтар:

Ақтамберді жырау нешінші жылы дүниеге келген?

Ақтамберді жырау неше жас өмір сүрген?

Ақтамберді алғашқы өлеңдерін неше жастан бастап жаза бастайды?

Оқушылар өлеңді мәнерлеп жатқа айтып, берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ (7 минут)

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Туғанда дүние есігін ашады өлеңінен» үзінді оқимын.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең - селең.

Оқушылардан Абай Құнанбаев кім? деп сұрақ қоямын.

Оқушылар Абайға ауызша ассосация құрады.

(Абай - қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор, аудармашы, мысалшы, лирик тағы басқа.)

1.Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлерді (Балаға ат қою, Бесікке салу, Тұсау кесер, Ашамайға отырғызу) арнайы интертақтадан көріністерін видеодан көру.

2. Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлерді (Балаға ат қою, Бесікке салу, Тұсау кесер, Ашамайға отырғызу) тірек -ызба арқылы түсіндіремін.

Балаға ат қоюдағы - салт - дәстүрлер

Түсінік

Баланың дені сау, жаны берік болу шін

Тасболат, Тастемір, Шымырбай

Елдің ардақты азаматтарының атын қояды

Нұрсұлтан, Абай, Абылай

Баланың өмірі ұзақ болу үшін

Жанұзақ, Мыңжасар, Сексенбай

Қыз аттарына аспан әлемін, асыл тастардан қояды

Жұлдызай, Айг.л, Алтын, Күміс

Ұлы жоқ үйде, қыз бала дүниеге келсе

Ұлболсын, Ұлжан, Ұлтуған

Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай

(Меңі, қалы бар болса)

Қалдыгүл, Қалдыбай Меңдібай,


Ү топқа қырқылған суреттерді таратамын. Оқушылар қырқылған суреттерді құрастырып, топтың атын шығарады.

1 - топ - Бесікке салу;

2 - топ - Тұсау кесер;

3 - топ - Балаға ат қою .

Әр топ өздері топ басшысын, баяндамашысы н(хатшысын), уақыт сақшысын және бақылаушысын сайлап алады.

Әр топ басшысына «Оқушылардың топтық бағалау» парағын беріп қоямын. Әр топ басшы топтағы балардың аты - жөндерін жазып, ұпайларды өзі жазып, соңында есептеп, шығарып, сабақ соңында мұғалімге өткізеді.

Оқушылардың топтық бағалауының критерийлері:


© 2010-2022