Поурочный план по казахскому языку на тему Тәуелсіз Қазақстан (7 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, туған жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)

Ой толғау: III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер қандай жерде, қандай елде тұрасыңдар?

-Сендер өз елдеріңнің тарихын жақсы білесіңдер ме?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады?

IY. Жаңа тақырып:

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру. (1 презентация 2 слайд)

Мәтінмен жұмысы: 1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) осы сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату

тәуелсіздік

жүзге жуық

ұлт өкілдері

шектеседі

жер аумағы

қабылданды

заң

сайлау

тұлға

жарияланған

ішкі және сыртқы саясат

Біріккен Ұлттар Ұйымы

мәртебе (1 Презетация 3слайд)

2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтінді тыңдау

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту (1презентация 4слайд Merits K7M1R.swf (көріңіз)

Сұрақтарға жауап беру (1 презентация 5слайд)

Өткенді қайталау

Топпен жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Интеллектуалды ойын: 2презентация «Ойын»

Тапсырмалар.

Дәптермен жұмысы.

1. Мәтіннен етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау.

2. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, талдау.

Үлгі: Республика+ның-ілік септік, ненің?

Инсерт стратегиясы: 1 презентация 6слайд

Y. Сабақты бекіту:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?

-Қандай мәтін оқыдық?

YI. Үйге тапсырма:

-мәтіннің мазмұнын айтып беру.

YIII. Сабақ соңы.



















Қазақстан- тәуелсіз ел.

Қазақстан Еуразия құрылығының ортасында орналасқан.

Қазақстанда қазақтардан басқа әр кезде қоныстаған жүзге жуық ұлт өкілдері тұрады. қазақстан халқының жалпы саны 15 миллион. Қазақстан шығыста Қытаймен, оңтүстікте Қырғыстан, Өзбекстан, Түрікменистан республикаларымен, батыста және солтүстікте Ресеймен шектеседі. Қазақстан жерінің аумағы-2 млн.724 шаршы метр. Жер аумағы бойынша дүниежүзінде 9- орын алады. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 45 қала бар. Оның астанасы- Астана қаласы.

Қазақстан Республикасының өз егеменді алғаннан кейінгі мақсаты- Тәуелсіз мемлекет құрылысы мен азаматтық қоғам институттарын құру болды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заң шықты.

1991 жылы 1 желтоқсанындағы сайлаудың қорытындысында, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Конституцияға байланысты президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы тұлға. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі жарияланғалы бері Қазақстанды жүзден астам ел таныды, бірқатар аса беделді ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Жаңадан Елтаңбамыз, Туымыз белгіленді, Әнұранымыз бекітілді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.









© 2010-2022