Конкурс стихотворении Алтын жүрек анамыз

Анатілі Ақыл-ойын дананың,Ана тілден аламын.Ана тілі ардақтыАқ сүтіндей ананың.Өсірген ой-білімді,Сүйем туған тілімді.Мақсат етем әр сөздіңМәнін терең білуге.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№4 жалпы білім беретін орта мектебі



























Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз» атты өлеңдер оқу сайысы

7 «Б» класс







Жетекші мұғалім: Шарипова Б.К.





Ақтөбе, 2015 жыл

Анатілі

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

Ә. Табылдиев

Тілге тағзым

Анатілі - біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.

Сөз құдіреті

Сөз - сабаның көнесі,

Сөз сандықтың іштісі.

Сөз - тарихтың шегесі,

Сөз жансыздың күштісі.

Сөз - жандының мықтысы,

Уытты сыуыттың.

Сөз - найзаның ұштысы,

Ең мөлдірі сұйықтың.

Сөззерденің зерегі,

Сөз құрылыстың берігі.

Сөз - керектің керегі,

Сөз - уақыттың серігі.

Жүрегімнің алауын

Сөзге орап берсемше?

Қағаз төзбей, қарағым,

Өртенгенін көрсеңше?

Ең алғаш осы тілде «Апа!» дедім,

Со сөзді тілдің басы айтар едім.

Анасын алласынан бұрынырақ

Аялап ауызға алған ата-тегім.

Өзіңнен менің нем бар жасырғандай?

Білерсің жасық не зат, асыл қандай!

Мен тұңғыш өлең жаздым осы тілде,

Бір қызға емшем құрып, есім қалмай.

«Бөпем!» деп өзіңді алғаш, көкем менің,

Өптім де, осы тілде мәпеледім.

Өзіңнің осы тілде тілің шығып,

Тәтті үнмен тұңғыш мені

«Әке!» - дедің.

Бұл тілде көңіл айттым қаралыға,

Бұл тілде мұңым шақтым саналыға.

Туған тіл - тынысың да, тірлігің де,

Жарықтың жұмылмайтын жанары да!

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар.

Абай Құнанбайұлы

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлыжұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен - тілім,

Таза терең, өткір, күшті, кеңтілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім.

МағжанЖұмабаев















© 2010-2022