Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Базарда. Мезгіл, мекен үстеулері. (6-сынып)

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: оқушылардың тақырып аясында білімдерін нығайту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Мекен, мезгіл үстеулерін меңгерту. ә) Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мағынасын аша білуге үйрету, таным көкжиегін кеңейту. Ауызекі тілде өз ойын еркін жеткізе алуға ықпал ету. б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу, топпен жұмыс, өз...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Базарда. Үстеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: оқушылардың тақырып аясында білімдерін нығайту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Мекен, мезгіл үстеулерін меңгерту.

ә) Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мағынасын аша білуге үйрету, таным көкжиегін кеңейту. Ауызекі тілде өз ойын еркін жеткізе алуға ықпал ету.

б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, сұхбаттасу, топпен жұмыс, өздік жұмыс, тесттік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тест тапсырмалары, кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық сәт.

-Қайырлы күн, балалар!

-Қайырлы күн, мұғалім!

-Балалар, қане, шеңберленейік. Күллі әлемге күннің қайырлы болуын тілейік.

-Қайырлы күн!

-Қайырлы күн, көк аспан!

-Қайырлы күн, Жер-Ана!

-Қайырлы күн, қонақтар!

-Қайырлы күн, достарым!

-Біздің күніміз сәтті өтсін! Алақай! (ду қол шапалақ)

-Мен де барлықтарыңызға сәттілік тілей отыра сабағымды бастайын.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па? (дәптерлерінен берілген жаттығу жұмысын тексеріп шығу)

Тест тапсырмасы.

  1. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

a) 4

b) 6

c) 8

d) 10

  1. Негізгі үстеулерді тап.

a) ерте, кеш, қазір

b) жиі, жазда, бұрын

c) биыл, күздей, жазғытұрым

d) бүгін, артқа, дәл

  1. Күрделі үстеулерді тап.

a) әрең, тез, былтыр

b) аса, зорға, алдын-ала

c) бірталай, ешқашан, қыстыгүні

d) әрқашан, өте, нағыз

  1. Үстеудің сұрақтарын тап.

a) не себепті? нелер? неше?

b) қашан? қалай? қайда?

c) кімге? қалайша? қанша?

d) қандай? қайтіп? қайтті?

  1. Үстеудің ережесі.

a) заттың атын білдіретін сөз табы

b) қимылдың орындалуын білдіретін сөйлем мүшесі

c) қимылдың әр түрлі белгісін білдіретін сөз табы

d) қимылдың амал-тәсілін, мекенін білдіретін сөйлем мүшесі

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Жеміс-жидектер қай жерлерде сатылады?

-Қандай жеміс-жидектерді білеміз?

IY. Жаңа тақырып:

Грамматика. Мекен, мезгіл үстеулері. (кесте)

Мекен үстеулері: қайда? қайдан? Әрі, бері, жоғары, төмен, алға, артқа, ішке, іште, ілгері, сыртта, мұнда, сонда, тысқары, тұс-тұсында, алды-артында...

Мезгіл үстеулері: қашан? қашаннан? Кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, таңсәріде, түнеугүні, биыл, былтыр, анда-санда, бүрсігүні, оқта-текте, күні бойы, ала жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, күздігүні, көктемде...

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

жеміс-жидек -овощи- фрукты ащы - горький

қанша тұрады? - сколько стоит? арзан - дешево

тым- очень тосап - компот

қышқыл -кислый ағза - организм

дәрумен - витамин

2. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Базарда

Адамдар базарға көкөніс, жеміс- жидек алу үшін барады. Жексенбі күні

базарда адамдар тым көп болады. Базардың ішінде сатып алушылар арзан

бағалы көкөністерді алып жүр. Менің анам тосап жасау үшін жеміс - жидектерді төмен бағамен сатып алды. Жеміс- жидектің ішінен анам қарақатты молырақ алды. Қарақатта С дәрумені көп. Ол адам ағзасына пайдалы.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Топпен жұмыс:

-мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау.

-мәтін ішінен мезгіл, мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою.

-берілген үстеулерді мағынасына қарай екі топқа орналастырыңдар.

Ертемен, боранда, аязды күні, таң атысымен, ауылда, қалаға, алыста, жақын маңда, алдыңғы жақта, артта, келесі жылы, алдыңғы күні, іште, анда, ана жақта, ерте, кештете, мұражайда...

Мезгіл үстеулері

Мекен үстеулері


Өздік жұмыс:

4- тапсырма. Сөйлемдерді аударып, жазыңдар.

Я люблю ходить по магазинам. Я хочу купить бананы на базаре. Ты не хочешь есть яблоко? Овощи и фрукты полезны для здоровья. Они на базаре ничего не купили. Центральный базар находится на юге города. Наш дом находится недалеко от базара.

V. Бекіту.

-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылды?

-Мезгіл үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?

-Мекен үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?

VI. Бағалау.

YII. Үйге тапсырма:

-Ережені жаттау.

-5- тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Адамдар базарға не алу үшін келеді?

овощи, фрукты, ягоды, капуста, морковь, свекла, вишня, смородина,клубника

Сіз жидектерден нені жақсы көресіз?

вишня, смородина, крыжовник, арбуз, малина, клубника, черешня...

Көкөністен не алмақсыз?

капуста, картофель, морковь, редис, чеснок, огурец

YIII. Рефлексия.

IX. Сабақ соңы.


© 2010-2022