Бос уақытым 6 сынып ашық сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26 қараша 2015 жыл

Сынып: 6 «б», 6 «в»

Мұғалім: Тлеулина Жанна Асылханқызы

Сабақтың тақырыбы: Бос уақытым. Шығыс септік

Сабақтың мақсаты

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

Шығыс септікті түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,

достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, бос

уақыттарын тиімді өткізе білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, АҚТ, үлестірмелі тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: шығыс септікті меңгеру, өзінің бос уақыты туралы пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Кім кезекші? Сыныпта мен кезекшімін

-Сыныпта кім жоқ? Сыныпта жоқ Сыныпта бәрі

-Қарашаның нешесі? Бүгін қарашаның жиырма сегізі

-Аптаның нешінші күні? Аптаның алтыншы күні күні, сенбі

-Қазір қай мезгі? Қазір күз мезгілі.

-Біз де жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Психологиялық ахуал «Тілек ағашы»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

157 б сөздер, 156 бет 1 тап.

«Ой қозғау» «Мен не істеймін?» Сурет арқылы оқушылардың өз ойын білу.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Жаңа сөздер

Қалау - желание

Құмарта - страстно

Жиын - собрание

Жүлделі орын - призовое место

Ие болу - завоевать


  1. Мәтінмен жұмыс

Бос уақыт

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте «Шахматшылар», «Айродизайн», «Бейнелеу өнері» , «Би билеу», «футбол» » үйірмелері бар. Мектеп оқушылары осы үйірмелерге белсенді қатысады.

Мен Арман досыммен «Футбол» атты үйірмесіне қатысамын. Бұл үйірмеге сейсенбі күні барамыз. Сабақтар біткен соң, үйге барып демаламыз. Сағат үште мектепке келеміз. Үйірме жұмысы 2 сағат болады. Өткенде басқа мектептегі оқушылармен футбол ойнап, жүлделі орынға ие болдық.

1-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңдар

2-тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңдар.

3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңдар.

Мен ертең кітапхана... барамын. Кітапханаға досым... барамын. Кітапхана мектеп... алыс емес. Кітапхана... көрме ашылды. Кітапхана ... қасында үлкен әмбебап дүкен бар. Мен кітап ... дауыстап оқимын.

ІІ деңгей.

1. «Бос уақытым» тақырыбына 10 сөз жазып, көптік жалғауын жалғаңдар.

І деңгей.

1. «Менің бос уақытым» тақырыбына 4-5 сөйлем құраймыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

163 б. 1-тапсырманы ауызша орындау, сөздерді жаттау

Рефлексия

VІ. Бағалау бөлімі

Бағалау парағы

Оқушының аты- жөні.

Үй жұмысы

Сынып жұмысы

Тәртібі

VІІ. Сабақты қорытындылау



© 2010-2022