Открытый урок по казахскому языку Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер (6-сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға ,басқа туынды сөздерден айырмашылығын анықтау ,сын тұрғысынан ойлауға дербес жұмыс істеуге ,алған білімдерін кеңейту.

Оқушылардың сауаттылығын ,тілін дамыту,танымдылығын арттыру.

Шәкірттердің өздігінен ой еңбегімен шұғылдануға ,шапшандылыққа баулу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,кесте толтыру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.Түгендеу.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық

Баяғы заманда бір ақылды,білгір данышпан өмір сүріпті.Оған кез болған бір адам оның данышпандығын тексергісі келіпті.Қолына көбелекті қысып тұрып сұрайды:

Кәне,данышпан менің қолымдағы көбелек тірі ме,әлде өлі ме ?- дейді.Өзі ойлап тұр:

Тірі десе,өлтіре саламын,

Өлі десе,жібере саламын .

Сонда данышпан бәрі де өзіңнің қолында-дейді.

Сол демекші ,бүгінгі сабақтың жақсы өтуі сендердің қолдарында.

Бағалау парақшасын түсіндіріп айту.

3.Білімін жан- жақты тексеру.

Балалар,біз қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?

Ал,кәнекей балар мына кестеге назар аударайық.

Семантикалық карта.

Мысалдар


Бүркітші


Қара


Арам шөп


Арам тамақ


Білім


Айт


Жүзбе - жүз


4.Білімді саналы да ,белсенді меңгеруге дайындау.

Балалар , енді тақтаға назар аударайық.

Суреттік диктант.Мына тақтадағы суреттерді сөзбен жазып шығайық.

Алтыбақан.Бірқазан.Шаңсорғыш.Жетіқарақшы.Тасбақа.Саңырауқұлақ.

5.Жаңа сабақты меңгеру.

Ішіне

Сыртына

Ақсақал

Ақ сақалды қарияға жолықтым.

Темірқазық

Атты темір қазыққа байладым.

Итмұрын

Мына сөздер ненің атаулары,неше түбірден бірігіп тұр?

Ал енді осы сөздер мына сөйлемде бөлек жазылған,себебі не?

Біріккен ссөздерге мына

атаулар жатады

Зат атаулары. Кісі атаулары. Географиялық атаулар.

Дене мүшелері. Ауру атаулары. Ән,күй атаулары. Ойын атаулары.

Қазақстанның қалалары біріккен сөздерге жатады.

Біріккен сөз

Бастапқы түбір тұлғасын Кіріккен сөз. Дыбыстық өзгеріске

сақтап біріккен. Биыл бұл жыл ұшыраған сөздер.

Адамзат,Жетісу. Әнеугүні ана күні Ботагөз,Амангелді.

Бүгін бұл күн

6.Меңгерген түсінігін тексеру.

374- жаттығу.Төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.

Демалыс,көкжиек,еңбекақы,Ұлтуған,Қайыпқожа,Әзімхан,жалақы,Жезқазған,Алшағыр,Бұланбай,әркім,ашудас.

Жылқы - тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол - ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Ақалтеке жылқысы - түрікмен халқының арғымақ түрі.

Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.

Шыққан жері - Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары . Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 - 157 см, тұрқы 154 - 158 см, кеуде орамы 167 - 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының "Луговой", Алматы облысының "Дегерес",Оңтүстік Қазақстан облысының "Ақтас" жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент).

7.Бекіту.

Терме диктант

Бір ененің емшегін таласып емген егіз қозыдай қазақ пен қырғыз ежелден- ақ Алатау бөктерін қанаттас отырып,қатар жайлап келген ел ғой.Төреқұлдың аулы да онша алыс емес.Ерқанатқа да кейін үйретілген жүрдек құнандардың бірін ерттеп берген.Бүгін Күлайша апайдың сәні бөлек.Төреқұл Ұзынбұлақтың басында отыр екен.Ақалтекеге қазақтар зәру емес шығар.

Біріккен сөздерді теріп жазу.

Бес жолды өлең.

Зат есім. Ақалтеке

Сын есім.Жүйрік,мықты.

Етістік. Секіреді,шабады,кісінейді.

Сөйлем.Ақалтеке жүйрік жылқы.

Синоним.Ат,жылқы,тұлпар.

Кім жылдам? ойыны

Зат есім зат есім

Сын есім зат есім

Сан есім зат есім

Зат есім етістік

Сыңарын тап ойыны

Кемпірқосақ,үшбұрыш,ұлтабар,Шұбартал,Ақмарал,Үмбетәлі.

8.Үйге тапсырма.

379- жаттығу.

Қорытындылау. Сонымен балалар ,бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?

Бұл сабақтың сендерге пайдасы болды ма?

Сабақ несімен құнды?

Не алдыңдар,не түсіндіңдер?

Бағалау.

© 2010-2022