Конспект урока по казахскому языку Қаныш Сәтбаев (9 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев.
Сабақтың мақсаты: көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.Шылауларын қайталау. Одағай туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін , әдеби тілін қалыптастырады,сөздік қорын молайтады.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.
Сабақтың түрі: жана сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру (Венн диаграммасы), іздендіру, пікір алмасу, топтастыру, синквейн, компьютерлік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет,тарих,жаратылыстану,математика.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп ,сабақтың мақсатын айту.
-Сәлеметсіздер ме, балалар?

Шеңберге тұрайық, бір бірімен амандасайық.

-Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды»- деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетейік.

- Сыныпта кім кезекші?

- Кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

Сынып сабаққа дайын ба?

Бағалау парағын тарату:

Аты

Тест

Мәтінмен жұмыс

Грамматикалық

тапсырма

Топтастыру

Синквейн

Белсенділік

Қорытынды



ІІ. Үй жұмысын тексеру

Сөздерді сөйлету (слайд бойынша) Бұл кім туралы?

Тест орындау , бір- бірін тексеру (слайд бойынша)

II. Жаңа сабақ:
Ой қозғау: Тағы қандай қазақтың белгілі ғалымдарын білесіңдер?

Эпиграфы: «Жері байдың - елі бай»
Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың - елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі , оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев»

Сабақтың мақсатын шығару: Алдарымызға қандай мақсат қоямыз?(қазақша сөйлейміз, жаңа сөздермен танысамыз, Қаныш Сәтбаев туралы жаңа мәлімет аламыз, грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз)
Осы тақырыпқа байланысты озық тапсырма бойынша дайындаған оқушыларды тыңдайық.

( оқушылар өз жобаларын интерактивті тақтада қорғайды.)
Сұрақ жауап: Қ.С. кім? Ол қай жерде туған?

Мәтінмен жұмыс жасау:

1. Оқып, бейтаныс сөздерді белгілеу, сөздікке жазғызу

2. Сауалдама толықтыру

3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелету

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
1899-1964
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері.
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған. Қаныштың әкесі ауылда би болған. Қаныш бала кезінен алғыр,зерек болған. Оның алғаш сауатын ауыл молдасы ашқан болатын. Кейін Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс - қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезғазған мыс кенді ауданын ашты. Екібастұз көмірін ашты,сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды. Ол Ұлытаудан Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан.Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан.

Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол - 640- тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезғазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ.И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес , оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер.Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.
Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.

Сөздік:
негізін салушы - основоположник

мыс - медь

көмір- уголь

марапатталу - быть награжденным
шикізат- сырье

көз жұму (қайтыс болу) - закрыть глаза, т.е. умереть
Сауалдама

Тегі, аты, жөні:
Туған күні:
Туған жері:
Ұлты:
Оқыған жері:

Қызметі:

Ғылыми еңбектер:

Әдеби шығармалар:

Қайтыс болған күні:

Грамматикалық тақырып:

  • Мәтіндегі асты сызылған сөздер неге жатады? Шылаудың түрлерін қайталау.

  • Мәтіндегі шылау сөздердің түрін анықтау.

Жеке жұмыс: cұраулық демеуліктерді дұрыс жазу

Қаныш Сәтбаев ғалым ... ?

Сен оның еңбектерін оқыдың ... ?

Бүгін ауа райы суық ... ?

Игорь бүгін жұмыс істеді ... ?

Қазақ тілі сабағы қызықты ... ?

Сен бүгін жаңалықты естідің ... ?

Бұл жаңа ақпарат ... ?

Біз жақсы жұмыс істедік ... ?

Өзін- өзі тексеру: слайд бойынша

Одағай туралы қайталау, шылаулармен салыстыру (Венн диаграммасы)

Шылау - сөз бен сөзді байланыстырады;
Бөлек жазылады;
Қосымша мағына үстейді


Екеуі де сөз табы. Сөйлем мүшесі бола алмайды.

Одағай - адамның көңіл күйін білдіреді
Басқа сөздермен байланысқа түспейді;
Жазылу ерекшелігі бар

Ой толғаныс
Инклюзивтік оқыту: «Топтастыру» әдісі (Қ.С. кім?).

Қабілетті оқушылар: Синквейн

Бағалау
Сабақты қорытындылау:
- Бүгін сабақта не білдік?
- Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Қаныш Сәтбаев ғалым ба?

  • Сен оның еңбектерін оқыдың ба?

  • Бүгін ауа райы суық па?

  • Игорь бүгін жұмыс істеді ме?

  • Қазақ тілі сабағы қызықты ма?

  • Сен бүгін жаңалықты естідің бе?

  • Бұл жаңа ақпарат па?

  • Біз жақсы жұмыс істедік пе?

«Жері байдың- елі бай» дегенді қалай түсінесіңдер?

Рефлексия. Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың мақсатына жеттік пе?

Одағайды пайдаланып, өз көңіл -күйін сөйлем арқылы білдіріңдер.

Мысалы: Алақай, сабақ бітті! Бәрекелді, мен жақсы баға алдым! Ойбай, мен бүгін «5» алдым. Әттеген-ай, сабақ аяқталды!

Үйге тапсырма: "3" - cөздер, одағайларды жаттау, сауалдаманы оқу

"4" +Қ.С. өмірбаянын айту

"5" + «Тұңғыш президент» тақырыбы

бойынша эссе жазу.



© 2010-2022