Қош бол, сүйікті Әліппем

 "Қош бол, сүйікті Әліппем"  атты  сыныптан тыс іс -шара  1 сыныпта әліппемен қоштасу мерекесіне арналған сценария. Мерекелік ертеңгілікте оқушылар мен жүргізушілердің сөздері,  көрініс, әріптердің сөйлейтін сөздері, жұмбақтар,  әліппе оқулығының маңызы мен мазмұны, оқушылардың мектепке, туған жерге, ұстаздарға, ата- аналарға деген шексіз алғыстары түрінде берілген.   Әліппе, қазақ тілі, ана тілі  оқулықтарының айтатын сөздері де көрсетілген. Сценария барысында орындалатын музыкалық бағдарлама қ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы

№ 8 орта мектебінің мұғалімі

Өтепова Салиха Қамбарқызы

Сабақ тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем! »

Сабақ мақсаты:

1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Туған жерін, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын, достарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: безендірілген мектеп сахнасы, слайдттар

Барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата- аналар, ақ жаулықты әжелер, ардақты аталар!

Білімнің кәусар суынан сусындатқан ұлағатты ұстаздар! Мектептің жайқалған гүлі, болашақтың үміт күткен бүлдіршіндері! Біздің «Қош бол, сүйікті Әліппем! » атты ертеңгілікке қош келіпсіздер!

1-жүргізуші.

Әріптерді таныған,

Ей, сүйікті балдырған!

Өсті білім ойларың,

Жетіліп тұр бойларың.

Әліппемен қоштасқан,

Құтты болсын тойларың!

2- жүргізуші.

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін.

Халқыма сүйсініп,

Сәлем берем иіліп.

Орындалды ойларың

Құтты болсын тойларың!

1-оқушы:

Сәлем, анам алтын күн,

Сәлем қарты халқымның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

2- оқушы

Сенің нұрың сөнбесін

Ашық аспан, жарық күн.

Келешегі сөйлесін

Қазақ деген халқымның.

3- оқушы:

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың

Басталады біздерден

4-оқушы:

Білім деген -алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

5- оқушы:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

6- оқушы:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге ,халайық.

Не үйреніп ,не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1- жүргізуші:

Балалар, ортаға сендерге әріп үйретіп, жазуға талпындырған, 42 әріппен достастырып, сөз құрастыртқан , бар кітапқа бас болған Әліппені шақырайық

2- жүргізуші:

Ал, балалар ,Әліппе де бүгін сендердің өнерлерің мен білімдеріңе куә болсын.

7- оқушы:

Іші толған әріпке,

Білімдіге жарық не?

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті- Әліппе!

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том - том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең!

( Сахнаға Әліппе шығады)

Әліппе:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге әлемнің жарығын, білімнің нұрын көрсеттім! Ғажайыптар әлеміне саяхат жасауға бағыт- бағдар бердім! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін едіңдер, бүгін оқу оқитын, сауатты жаза алатын, ақ пен қараны ажырата алатын үлкен азаматтарды көріп тұрмын.

Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Жауап бересіңдер ме?

Балалар:

Иә, Әліппе жауап береміз

Әліппе:

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

Балалар:

«А» деген ол- аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол - балалар ғой әдемі

Үшеуі де біздің елде кәделі

«Балақан» әні орындалады

1- жүргізуші:

Әрбір әріп нұрланып,

Бізге нұрын шашады.

Әр әріптен бір шырақ

Шұғыласын шашады

2- жүргізуші:

Барлық әріп бағалы ,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Артақтайды қолдайды.

Бастарына Т,У,Ғ,А,Н, Ж,Е,Р әріптерінен тәж киген оқушылар сахнаға шығады.

Т әріпі

Туған жердің ауасы,

Таза мұнша бола ма?

Топырағынан сеземін

Жусан иісін даланың

У әріпі

Уықтардың барлығын

Уыққапқа сал күнім

Уыққапқа салған соң

Уыздан жеп ал күнім

Ғ әріпі

Ғарышкері даламның

Ғарыштарда самғаған.

Ғалам сырын үйренер

Ғарышкер мен боламын.

А әріпі

Алматының ажары

Атыраудың айдыны,

Астанамда Ақ орда

Алатаудай айбынды.

Н әріпі

Нан-әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар сөзінен балалар
Н дыбысын таныды

Ж әріпі

Жастарымызға әрқашан

Жайдары мінез жарасқан.

Жер жаннаты -туған жер,

Жомарттықпен таласқан.

Е әріпі

Егіні өсіп жайқалған,

Есігін саған айқарған,

Ерлік етіп ержеткен,

Ерікті елдің ұлымын.

Р әріпі

Рахмет сөзін көп айтқан,

Рақаттанып жүреді.

Рақымшыл болған баланы.

Бар ата -ана сүйеді.

«Елім менің» әні орындалады.

Сахнаға Мыстан кемпір мен «Екілік» шығады.

Мыстан кемпір: «Екілік», қарашы, мына жерде бір мереке болып жатыр. Балалардың барлығы қуанышты. Бұлар қалайша бізді мерекеге шақырмаған. Мен қазір бұлардың қуанышын су сепкендей басамын.

«Екілік»: Мыстан әже, мен де қарайыншы, мүмкін, менің таныстарым бар шығар. Олар болса, бізге көмектеседі. ( «Екілік» сахана олай жүгіреді, былай жүгіреді, бірақ өзінің таныстарын кездестіре алмай, жабырқай бастайды) Ешкімді де танымаймын. Сонда қалай менімен достасқандар бұл мерекеде жоқ па?

Мыстан: Ал, достарыңды кездестірдің бе?

«Екілік» мұңайып: Жоқ, кездестірмедім.

Мыстан: Мен қазір бұлардың мерекесін бұзамын.

-Ал, балалар, сендер білімді болдық деп мақтанып тұрсыңдар. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Егер сендер жұмбақтың шешуін тапсаңдар, мерекелеріңді бұзбаймыз, ал егер дұрыс таба алмасаңдар, онда сендерге арналған сыйлықтар мен тәттілерді бізге бересіңдер. Келісесіңдер ме?

Балалар : Келісеміз!

Мыстан кемпір:

Бесікте жас сәби шырылдайды,

Қолыңа алсаң, құлағыңа сыбырлайды. Ал, шешуі не?

Оқушылар: Телефон

«Екілік»: Тіліп - тіліп тастадым

Сонда да жігін ашпады.

Шешуі- қауын ғой, солай ма, балалар?

Балалар: Жоқ, бұл ағып жатқан су.

Мыстан кемпір: Қап, мыналар бәрін біледі ғой. Соңғы жұмбағымды таба алмайсыңдар.

Зыр жүгірген шегенің,

Ізін қуып келемін.

Сол ізбенен өзімнің,

Сырымды ашып беремін. Ал бұл жұмбақтың шешуі не?

Балалар бәрі бірдей: Жазу

«Екілік»: Балалар, сендердің мерекелерің өте көңілді өтіп жатыр екен. Біз де осы мерекеге қалайықшы. Сендермен тез достасып кетеміз.

Балалардың бәрі бірдей: Жоқ, бізге сендер сияқты достар керек емес!

Мыстан кемпір: Қалайықшы!

Балалар: Жоқ, бізге сендер сияқты достар керек емес!

Мыстан кемпір мен «Екілік»: Жарайды, достаспасаңдар, достаспай-ақ қойыңдар, біз басқа мерекеге барамыз. (Екеуі сахнадан шығып кетеді)

Әліппе:

Ал, балалар, мен сендермен бірге аз ғана уақыт болдым. Бірақ осы аз уақыттың ішінде сендер көп нәрсені үйреніп, көп нәрсені көңілдеріңе түйіпсіңдер. Менің сендермен қоштасатын уақытым да болып қалды. Мен сендеге өзімнің бауырларым Ана тілі мен Қазақ тілін таныстырып, оларды сендерге аманат етіп қалдырамын.

-Ал бауырларым, Ана тілі мен Қазақ тілі , келе қойыңдар.

Сахнаға Ана тілі мен Қазақ тілі оқулығы кейіпде оқушылар шығады:

Ана тілі:

Бабамыздың тілін де,

Даламыздың үнін де,

Салт- дәстүрді сүюге,

Ана тілі үйретер.

Қазақ тілі:

Туған елдің тілін де,

Туған жердің үнін де,

Жазу, сызу өнерін

Қазақ тілі үйретер

(«Ананың тілі» әні орындалып жатқан кезде ,Әліппе қоштасып шығып кетеді)

9- оқушы:

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің!

10- оқушы:

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

1- жүргізуші:

Балалар, сендерге білім беріп, Әліппені оқытқан жан кім?

Оқушылар: Ол-Ұстаз.

2- жүргізуші:

Иә, ұстаз- ұлы да, ұлағатты жан. Ол өзінің уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайты, бәр ғұмырын шәкірттеріне арнаған, шашының қарасын, көзінің нұрын, жүрегінің жылуын балаларға берген абзал жандар.

11 оқушы:

Алдыңа келіп ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейірімді сезінгем.

12- оқушы:

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім

(«Ұстазым» әні орындалады)

1- жүргізуші:

Құрметті, қонақтар, ата - аналар! «Қош бол, сүйікті Әліппем » атты ертең-гілігімізді осымен аяқтаймыз. Балаларыңыздың бақытына аман - сау болыңыздар.

2-жүргізуші: Сіздермен келесі кездескенше сау - саламат болыңыздар. Әрқашан жүздеріңіз жарық, көңілдеріңіз жарқын болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын.



© 2010-2022