Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын (5 сынып)Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын (5 сынып)Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын (5 сынып)Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 25.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы түсінік

276-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар да, автордың ойын түсіндіріңдер.

Мәтіннен қосымшалардың әсерінен қатаң дауыссыздары ұяңданған сөздерді тауып жазыңдар.

Көмегімен+ көмек. Байлығында, +байлық, тазалығы+тазалық.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Буын, оның түрлері. Ашық буын

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді .

Сөздің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады:

Қант (1 буын, 4 дыбыс) А-ла-мын (3 буын,бірінші буын -1дыбыс,екінші буын 2 дыбыс, үшінші буын- 3 дыбыс)

Демек, буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды. ба-ла, құ-мырс-қа
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. а-дам, а-та

3.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
5. Буында мағына болмайды.
6. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1)ашық буын; 2)тұйық буын; 3) бітеу буын.






3.Бітеу буын.Ортасы дауысты дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш немесе төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз:

Тал, төрт,бар, жаз, кел, кең, қант,жалт, тарс, тырс, мырс, мал, сол, төс,құс, бұл, қыс, тіс,

2.Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз:

ат, аз, ақ, өрт,ұл, ант,от, ор,ер,ұн,үн,ыс,іс ас,т.б.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і, өр-ті, оқ+ы, о-ғы, еп+і, е-бі, ек+ін, е+гін,

1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз:

а-ға, ба-ла, қа-ла ,ә-ке, і-ні, а-на, ша-ға-ла т.б.

Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.





ІV. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

296-жаттығу. (ауызша) Өлең қандай тақырыпты жырлағанын анықтаңдар.

Тарихи сөздерді тауып , оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралғанын және қайсысы буын құрайтынын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар.

Үлгі: Са-дақ, (2 буын, бірінші буын -2 дыбыс, екінші буын-3дыбыс са-ашық буын, дақ -бітеу буын.)

297 -жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқыңдар. Түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтыңдар.қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде не білесіңдер? Аңшылық туралы мақалдар тауып жазыңдар.

Аңды ерінбеген атады,

Я көрінбеген атады.

Мылтығының күмісін айтпа,

тиісін айт.

Аң атпаған атынан көреді,

Ата алмаған мылтығынан көреді.

Қаршыға қазан қайнатар,

Ителгі иығыңды тоздырар.

Әр таудың түлкісін,

әдісін білген тазы алар.

Құсбегі келсе күйкентай құс қаз ілер.

Құстың алғанынан салғаны қызық.

298-жаттығу. Буынға бөліп, буын түріне ажыратыңдар. (бір сөйлемнен оқушыларға бөліп беремін)

Бүгін күн ерекше шайдай ашық. Аспанның көгілдірлігенен көз алмай қарай бергің келеді. Шап-шақ қана терезенің шыныларында көптен бері сіресіп тұрған қырау жіпсіп, бусана бастады.Шатырдың етегіндегі еріген сүңгі мұздың тамшысы тырс-тырс естіліп тұр. Аспанның әсері ме, қар да аққудың көгілдіріндей әсем. Таудың өркештері қарайып көрінсе қарлы шыңдары аппақ. Ақ жіпке қара моншақ тізгендей, ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әдемі тізбек.

299-жаттығу. Суреттер топтамасындағы 4-суретке қарап, табиғат

V.Сабақты бекіту.

1.Буын дегеніміз не?

2.Буынның неше түрі бар?

3.Ашық буын дегеніміз не?

4.Тұйық буын дегеніміз не?

5.Бітеу буын дегеніміз не?

Мысалдар айтыңдар.

VI. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .

2. 301-жаттығулар. Мәтіндегі екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазыңдар. Буын түрлеріне ажыратыңдар.

Үлгі: мі-не, и-не, шан-шар, о-рын, қа-лың, жұрт-тың, кі-ріп, ке-ліп, мұ-хаң, түр-лі, тол-ған, ға-на, кү-ліп, үн-сіз, тұр-ды, а-лып, кет-ті, шір-кін, дер-сің, де-ген, әу-ен, ға-жап, жақ-тан, те-ңіз, мұ-хит, шет-сіз, шек-сіз, жат-қан, күн-де, ес-тіп, сөй-леп, жүр-ген, қа-зақ, бө-тен, үс-ті, ше-шен, білген,



© 2010-2022