Соз таптары

"Описание материала:""Сөз таптары а) Сөз таптары туралы мғлұмат беру б) Нақты мысалдар арқылы әр сөз табын ажырата білуге үйрету. в) Ой-өрісін дамыту. Шығармашылыққа баулу. Әдептілікке, адамгершілік қасиетке баулу."Түрі: Дәстүрлі (аралас) Көрнекілігі: Кестелер, сызбалар, слайдтар."Сабақтың барысы:"IV. "Ойын «Жылдам жауап». Барлық оқушы сөз табына байланысты сұраққа жауап береді. Мысалы: не?-айла?, кім?-оқушы, не істеді?-ойнады."V ."Ережені түсіндіру, оқыту. Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз тапта...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз таптары

а) Сөз таптары туралы мғлұмат беру

б) Нақты мысалдар арқылы әр сөз табын ажырата білуге үйрету.

в) Ой-өрісін дамыту. Шығармашылыққа баулу.Әдептілікке, адамгершілік қасиетке баулу.

Түрі: Дәстүрлі (аралас)

Көрнекілігі: Кестелер, сызбалар, слайдтар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа қажетті құралдарды дайындау, тыныштықты талап ету.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Ережелерді сұрау

а)Түбір деген не?

ә) Қосымша нешеге бөлінеді?

б) Жұрнақ, жалғау деген не?

Өткенді пысықтау.

Кесте толтыру.

Абай, еңбекші, көмір, аспаз, суретшілер,ақылды, тау, білім, саыншы, кеншілер.

(Құрамына қарай сөздерді кестеге жазу)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1)Қыз,ана-кім? Құлын ше?

Заттың атын білдіретін сөздерге кім? Не? Деген сұрақ қойылады.

2) Сұрақ бойынша қоянды сипатта.

Қандай? -деген сұраққа жауап беріп, заттың сынын, сапасын,түрін, түсін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

3) Не істеді? Сурет бойынша сөйлем құра.

Дауыл............. (тұрды)

Толқын.............(соқты)

Кеме...............(жүзді)

Шағала.............(ұшты)

Бұлт.................(басты).

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз, сұрағы не істеді?

4) Санамақты оқы. Сұрақтарға жауап бер.

-Адамда қанша бауыр бар?

-Біреу.

-Қанша өкпе бар?

-Екеу.

-Бір тоқсанда қанша ай бар?

-Үшеу.

-Есеп шығаратын амал қанша?

-Төртеу.

-Күнде оқитын намаз қанша?

-Бесеу.

-Әлемде қанша құрлық бар?

-Алтау.

-Бір аптада қанща күн бар?

-Жетеу.

-Малда қанша жілік бар?

-Сегіз.

-Домбыраның пернесі қанша?

-Тоғыз.

-Цифрлар қанша?

-Он.

-Міне, осылай жаңалап,

Айтып шықтық санамақ.

Нешеу?-сұрағына жауап беретінсөздерді ата. Заттың қанша? Неше?- екендігін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

IV. Ойын «Жылдам жауап». Барлық оқушы сөз табына байланысты сұраққа жауап береді. Мысалы: не?-айла?, кім?-оқушы, не істеді?-ойнады.

V .Ережені түсіндіру, оқыту.

Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, тағы басқа.

VI . Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу.

Сөздерді оқы.Әр топтағы артық сөзді тап.

а) жаңбыр,қарлығаш, отыз, дәптер.

ә) қызыл,жасыл,үлкен,елу, кең.

б) келді, барды, тоқсан, жүзді.

VII. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

Балалар бал берді.

3-жаттығу.Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз. Құрамына талда.

Адамы,Айгүл, Сараны, сурет, кесте, саусақтары.

VIII. Сергіті сәті. Ағылшын тілінде санамақ айту.

4-жаттығу. Мақалды көшіріп жазу.Қимылды білдіретін сөздерге сұрақ қой.

Ақыл көпке жеткізеді.

Өнер көкке жеткізеді.

IX. Шығармашылық тапсырма.

I топ II топ III топ

Синоним Антоним Омоним

Әдемі, сұлу, көркем. Биік-аласа, улкен-кіші. Жаз-мезгіл, жаз-қимыл

6-жаттығу.Сөйлемдерді оқы. Заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз.

Мысықтың есту қабілеті адамнан үш есе артық. Оның көзі адмның көзінен алты есе жақсы көреді.

Көлбақа өз жұмырында үш тонна маса жейді екен.

Біздің елімізде құстардың төрт жүз жетпістей түрі бар.

Қорытынды: Тест алу.

Үйге: 5-жаттығу. Сөз таптарына төрт сөйлем құрау.



© 2010-2022