Урок конспект по казахскому языку на тему Бос уақыт

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 5 «б»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жаңа тақырыппен таныстырып, тақырып бойынша ауызекі сөйлей білуге үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін тәрбилеу.

Сабақтың әдісі: ойландыру, іздендіру, сұрақ- жауап, баяндау

Көрнекіліктер: суреттер, кәртішкелер, кестелер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмысы.

1. Оқушыларға сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазу.

Қалау - желание

Құмарта - страстно

Жиын - собрание

Жүлделі орын - призовое место

Ие болу - завоевать

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

V. Лексикалық тақырып.

Бос уақыт.

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте «Шахматшылар», «Көркемөнерпаздар», «Математика әлемінде», т.б. үйірмелер бар. «Шахматшылар» үйірмесі жақында ашылды. Шахматты қыздар да, ұлдар да қызыға ойнайды. «Көркемөнерпаздар» үйірмесіндегі жас «әртістер» мектепте ғана емес, жиындарда, ата-аналар алдында да ойын көрсетіп тұрады.

Мен Айдар досыммен бірге «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамын. Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Бұл күндері сабақ біткен соң, үйге барып біраз демаламыз. Сағат үшке он бес минут қалғанда мектепке келеміз. Үйірмеге өз жұмысын тура сағат үште бастайды. Үйірме жұмысы сағат беске дейін созылады. Айдар екеуміз жуықта өткен математикалық викторинаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық.

(Бос уақыт мәтініне сұрақтар құрастырып, жауап беру.)

1-тапсырма. Сызба бойынша әңгіме құрау.

VI. Үш деңгейлік тапсырмалармен жеке, топтық жұмыс.

1-топ.

1. Дос, кісі, бала, адам сөздеріне көптік жалғауын жалғандар.

2. 5 сөйлеммен өзің туралы айтып бер.

3. «Бос уақыт» мәтініндегі көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, жасалу жолдарын түсіндіріндер.

4. Достарының адалдығы туралы айтып беріндер.

2-топ.

1. Кітапхана, мұражайға, спортзалға сөздерін сөз құрамына талда.

2. «Досым» тақырыбы бойынша 15 сөз жазып, көптік жалғауын жалғаңдар.

3. Достарының бос уақыты туралы айтып беріңдер.

4. Достарының адалдығы туралы айтып беріндер.

VII. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағыналарын түсіндіріп, орыс тіліне аудару.

1. Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.

2. Адал дос алтыннан да қымбат.

3.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

4. Жүз теңгең болғанша

Жүз досың болсын.

5. Досына қарап, жолдасын таны.

Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. 43-бет, 4-тапсырма. Сөздіктерді жатқа айту.


© 2010-2022