План урока по английскому языку на тему My flat (5 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Lesson plan

Class 5

Title: My flat

Мақсаты

Үйге байланысты жаңа сөздерді меңгерту, қатесіз айта алу, жаза алу.

Қүтілетін нәтиже

Үйге байланысты жаңа сөздерді қатесіз жаза,айта алады

Жаңа сөздерді пайдалана отырып, 5 сөйлем құрай алады

Жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөйлем немесе диалог құрастыра алады

Cөздік қорын кеңейте алады;

Ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін дамыта алады;

Адамгершілік сезімдерге тәрбиеленеді;

Оқушыларды жеке, топпен жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді;

Өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын сыныптастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады.

Шығармашылық қабілеттерін дамытады

Сабақтың түрі

Суретпен жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс

Қолданатын әдіс-тәсілдер

СТО, диалогтік оқыту, өзін - өзі реттеу, АКТ,ой толғау, бағалау,

Керекті жабдықтар

Флипчарт,презентация, картинка, маркер, стикерлер, смайликтер,бағалау парағы

Негізгі дереккөздер:

Оқулық Аяпова 5 сынып, Интернет көздері, суреттер

Сабақ мазмұны

КЕЗЕҢДЕРІ

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

7 минут


Сыныппен амандасу

Кезекші есебін сұрау, психалогиялық атмосфера қалыптастыру.

Суреттер арқылы 3 топқа бөлу

«Табыс критерийлерімен» таныстыру

Бағалау бетшелері таратылады

Үй тапсырмасын сұрайды

Амандасады

Сабаққа дайындығын смайликтер арқылы көрсетеді, Бөлме жиһаздарының суреттері арқылы 3 топқа (kitchen, living room, bed room) бөлініп отырады

«Табыс критерийлерімен» танысады

Бағалау бетшелері арқылы сабақ бойына өзара бағалау жүреді,

Үй тапсырмасын интерактивті тақтамен тексертеді

Қызығушылықты ояту

(15минут)

Үй бөлмелері мен жиһаздарының суреттерін көрсету арқылы жаңа сөздерді таныстырып, жаңа тақырыпқа көшу

Оқушыларды жаңа сөзбен таныстырады,

Оқушыларға тақырып бойынша видео,флипчарт көрсетіледі.

Суреттерді көру арқылы жаңа сөздерді қайталайды, жаңа тақырыпты тауып жазады. Мысалы:

A corridor, an armchair, a bedroom, etc.

Today's new theme is "My flat"

Жаңа сөздері бар парақшаларды сөздіктеріне жабыстырып алады, Видео көріп болған соң, видео бойынша ұсынылған тапсырманы орындайды.

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

Мағынаны тану

(13 минут)

Берілген жиһаз суреттерін топтастыра отырып, үш топ үш түрлі бөлмелерді бейнелеу, призентациялау

1топ- a living room

2топ- a bed room

3топ- a kitchen

"There is, There are" құрылымын пайдалана отырып, әңгіме немесе диалог құрастыру.

Алдын-ала берілген суреттерді топтастыра отырып, әр топ өз бөлмелерін презентациялайды.

Әр топ "There is, There are" құрылымын пайдалана отырып өз бөлмелерін қорғайды. (жоғарғы деңгейдегі оқушылар әңгіме құрастыруы мүмкін)

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

Сергіту сәті

(2 минут)

«Head Shoulders Knees and Toes» әнін қояды

«Head Shoulders Knees and Toes" әніне ілесе отырып жаттығу жасайды

Ой толғау

8 минут

Сөйлемдегі қалдырылып кеткен сөздер суретпен көрсетілген,суреттерді сөзбен жазу арқылы жаттығу орындатады.

Бұл тапсырмада оқушылар ағылшын тілі грамматикасын еске түсіре отырып, сөйлемдегі қалдырылып кеткен сөздер суретпен көрсетілген,суреттерді сөзбен жазу арқылы жаттығу орындайды.

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

Рефлексия

(6 минут)

Ойын «Кім тапқыр» ойналады. Бір оқушы бір сөздің басқы әрпін айтады да допты келесі оқушыға лақтырады. Допты қабып алған оқушы сол әріптен басталатын кез-келген ағылшынша сөз айтуы керек.

«Кім тапқыр» ойынында оқушылар допты лақтырып отырып, бір-бірінің сөзін жалғастырады. Бұл ойында оқушылар өткен тақырып бойынша жаңа сөздерді тез еске түсіреді,

оларды қатесіз айтады және шапшаңдыққа үйренеді.

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

Бағалау

(2 минут)

Ашық сұрақ:

1.Which room do you like and why?

Сабақ бойына жұлдызшалар берілу арқылы формативті бағалау жүрген болатын. Сонымен қатар оқушылар табыс критерийлері арқылы өзара бағалау жүргізеді.

«2 жұлдыз, 1 тілек»

2 жұлдыз - оқушылар ұнаған нәрселерді стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.

1 тілек - оқушылар ұсыныстарын стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Ашық сұраққа жауап береді. Жұлдызшалар арқылы оқушылар сабаққа ынталанады. Сонымен қатар табыс критерийінің ең жоғарғы деңгейіне жетуге талпынады. Өзара және өзін- өзі бағалау жүреді. Өздерін реттей алады. Бірін-бірі оқытады, үйретеді. Топтық жұмыста біріне-бірі көмектеседі. Бағалау бетшесінің құрылыма қарай ұпай арқылы сумативті бағалау жүреді.

«2 жұлдыз, 1 тілек»

Бұл әдісте оқушылар өздеріне және сабаққа кері байланыс жасайды. Және мұғалімге келесі сабағын жоспарлауға көмектеседі

Сабақ соңында сабақтан алған әсерін суреттер арқылы көрсетеді

Үйге тапсырма

(1 минут )

Әр оқушы өз үйлерін суретке бейнелеп келу немесе үйлері мен сүйікті бөлмесі туралы әңгіме жазу

.



© 2010-2022