Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау

1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?2. Тармақталу операторының толымды түрі? 3. Тармақталу операторының толымсыз түрі? 4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері? 5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады? 6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі  Жаңа сабақ    Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайта...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Апта:

Күні:

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Нарымбекова Ә

Сарыкемер орта мектебі

8 «а,ә,» - сыныптары

Оқу-ісінің меңгерушісі


__________Танабаева Қ

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау.

Сілтеме:

  • 8-сынып оқулығы;

  • 9-сынып электронды оқулығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.

Дамытушылық мәні:

Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру , ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,

Пәнаралық байланыс:

Математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?
2. Тармақталу операторының толымды түрі?
3. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?
5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

8-сыныпқа арналған электронды оқулық

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша стикерге жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты сан арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Жаңа сабақ

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 - цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do - цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; - цикл тұлғасы.
FOR - ҮШІН, TO - ДЕЙІН, DO - ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN - төмен, TO - дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 - ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.


Ой толғаныс (4 мин.)



Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Ақпараттық алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.



© 2010-2022