Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Ысқақұлы БегалинБала Шоқан (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 23.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали .Бегалин «Бала Шоқан» повесі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Шоқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география, мүсін өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан - жақты білім алуға тарту.

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнер сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалықсезімін дамыту.

Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау, интеграциялау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар,

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» туралы түсінік.

Білім тексеру:
1. Ғ. Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2. Оқушылардан шығарма кейіпкерлерін сұрау.

3. Кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
4. Шеген өзінің үш шартын қандай шартпен аяқтады?
5. Шегеннің асылғышқа тартылып ойнағанын көрген анасы Қайрошқа қандай өтініш айтады?
6. Анасы Қайрошқа қандай істі аманат етті?
7. Қайроштың прототипі кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.Сапарғали .Бегалин «Бала Шоқан» повесі.

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Ысқақұлы БегалинБала Шоқан (5 сынып)

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин(1895 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы-1983) Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 - 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

Еңбектері:

Алғашқы өлеңі - «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды.«Қыран кегі» (1943),«Цимлян теңізі» (1953),«Таңдамалы» (1956),«Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар,«Көксегеннің көргендері» (1948),«Ермектің алмасы» (1955, 1985),«Сәтжан» (1947, 1973, 1978),«Жас бұтақ» (1953),«Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961),«Шоқан асулары» (1971),«Қыран туралы аңыз» (1976),«Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары,«Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Аудармалары

Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.

Жетістіктері:

Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Жазушы естелігі

"Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұмтылдырды. "Бала Шоқанды" осылай жаздым"

Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау

1

Шығарманың авторы

Сапарғали Бегалин

2

Шығарманың тақырыбы

«Бала Шоқан»

3

Жазушы идеясы

Шоқанның досқа деген адалдығы, Мысықтың өнеріне байқап,оны оқуға бірге алып кету арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.

4

Жанр түрі

Повес -эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.

5

Оқиға орны

Құсмұрын бекеті, Шыңғыс күзегі

6

Кейіпкерлер

Жақып Шоқан Шыңғыс Мысық Сары бәйбіше Сыдық

7

Әңгіменің басталуы

Сары бала қуанышы.

8

Әңгіменің дамуы

Мысықтың жасаған ойыншықтары.

9

Әңгіменің байланысуы

Бала Шоқанның үйіне ертіп әкелуі.

10

Әңгіменің шиеленісуі

Ерке, тентек Жақыптың мінезі.

11

Әңгіменің шарықтау шегі

Мысықтың Шоқанды мазасыздана күтуі.

12

Әңгіменің шешімі

Шоқанның қайырымдылығы.

13

Қиын сөздер:

Күзек- қойдың күзем жүнін қырқатын қоныс

Аға сұлтан- ел басқарушы

Арлан-қасқырдың еркегі;

Пәуеске арба - адам отыру үшін арнайы дайындалған күймеге ұқсас арба

Қаршығаның аяқбауы -қолға үйретілген жыртқыш құсты қолға қондыру үшін аяғына байланатын жіп.

Кейіпкерлерге мінездеме бер

Кейіпкер

Мінездеме

Шығармада

1

Шоқан

Қайырымды

әділ

уәдеге берік

өнерді құрметтеу

Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әркеттеріне тоқсау салады. Мысықтың өнеріне қызығады

2

Мысық

Өнерлі

зерек

Мүсін жасайды

Көргенін пайымдай алады

3

Жақып

Тентек

Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді

Шоқан

Саяхатшы

Ғалым

Тарихшы

Әдебиетші

Суретші

Ассоциация құру


.

"Зерделі сұрақ, ұтымды жауап"

Мысық деп кімді айтады?

Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?

Мысық неге сонша жасқаншақ болды?

Мысық Шоқан ауылына баруға неге қорқады?

"Әй,жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы"

Шоқан қандай?

1.Мысық Шоқанды неге асыға күтті?

Осы оқиға үстінде Шоқанға қандай мінез сай келеді? ( өнертанығыш, аңғарғыш)

2. Жақып мысықты неге соға алмады?

Шоқан тағы қандай қырынан көрінді?( әлсізді қорғаушы)

3. Шоқан әкесімен неге бөлініп кетті? ( уәдеге беріктік)

4. Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді? ( кітаптан тауып оқыңдар) ( қайырымды)

1.Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда алдарынан кім шығады?

( Шоқанның інісі Жақып шығады)

2. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?( сырттан үйге кіріп келе жатқан Шоқанның әкесінің тізесіне соқтығып, етпетінен құлады)

3. Бауырсақты бір-бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?

( - Сен немене, әлі қорқып отырсың ба? Жеп қой бауырсақты,қалғанын етегіңе салып ал,-деді оған тостағанды ысырып.

4. Кімнің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады? ( Үлкен ақ сары әйелдің)

ІV. Енді шығарманы оқушыларға сұрақ - жауап беру арқылы пысықтау
1. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар Ол - төре баласы - Шоқан
2. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды. Күзетшілері кімдер еді? Сол үйдің жазғы - қысқы күзетшісі - сары баланың әке - шешесі
3. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенен тосырқап қалған сары бала балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойды. Орнынан түрегелді. Шоқан не деді?
- Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді, - деп Шоқан сары балаға жылы амандасып, күлімсірей қарады.
4. Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті.
- Сен, немене, мені жатырқап қалғанбысың? - деді Шоқан Мысықты өзіне тарта сөйлеп.
- Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың, - деп ойыншықтарын көйлегінің етегіне тыға бастады.
5. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда, алдарынан кім шығады?
6. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?
7. Бауырсақты бір - бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?
8. Қандай әйелдің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады?
9. Шоқанның бұл күнгі ертіп келуінде қандай себеп бар еді?
10. Мысықтың өне бойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше оның кіші көйлегенің жағасы дал - дұл болып жыртылып тұрғанын көрді де, әлгі жұмыскер әйелге не айтты?
11. Көк қаршыға шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық онан көзін алмай, қорқып қарайды. Мысықтың бағадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол не еді?

Семантикалық карта №1

Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді

Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпитет

1. Сен істей ғой, шебер болсаң!


2. Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.


3. Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші


4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы


5. Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?


6. Жолбарыстай, балалардай


7. Кесек денелі



Семантикалық карта №2

Қай кейіпкердің сөзі?

Жақып

Шоқан

Мысық

Шыңғыс

Сары бәйбіше

Сыдық

-Не бересің,бауырсақ бересің бе,қант бересің бе?


-Өй,өзін қара,неге келдің,шық үйден


-Әй,жарайды,бара ғой екі айтпаған жақсы


-Өй,кет, былай жолдан!


-Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой,енді аман бол!


-Ей,сен қай ауылдың баласысың?Мұнда қайдан келдің?


Иә,дәл өзі.Бірақ мына қойының құлағы тым үлкен екен.



VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

  1. Шығарманы оқу, мазмұндау.


© 2010-2022