Урок по английскому языку на тему «Our travelling to the Zoo»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Узакбаева Злиха Муратовна

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

№202 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

The Theme: «Our travelling to the Zoo»

Aims:

- жаңа сөздерді бекіту: a car, a bus; red, yellow, green; a lion, a tiger; jump, run, sit down, stand up;

-әнді қайталау '' A rainbow '';

- «My name is…» құрылымын қайталату;

Сабақ барысы:

  1. Organization

- Балалар бүгін біз зоопаркке аңдарды көруге барамыз. Ал зоопаркке біз сиқырлы көлікпен барамыз.

2.Негізгі бөлім

1. ''My name is…''. Құрылымын бекіту

- Ал сиқырлы көлікке міну үшін өз атыңды ағылшын тілінде айтуың қажет, сонда оның есігі саған ашылады. Ал онда ағылшын тілінде «Менің атым...» дегенді қалай айтамыз?

- My name is.

-Олай болса кезектесіп атымызды айтайық. You, please. Ok. Go to the bus and take your seat.

2. Фонетикалық жаттығу

-көлігіміз жүрді, қандай дыбыс шығарып жатыр балалар? '' [ r-r-r ] ''

-Ал енді төбеге шығып жатырмыз оған қиын : '' [t-t-t ] ''

3. Жаңа сөздерді бекіту a car, a bus, yellow.

-Ал балалар біз автобус көлігімен бара жатырмыз Оның ағылшын тілінде қалай айтылатытын еске түсірейік.

- автобус жайлы мына тақпақты айтайық:

Зообаққа барады біздің класс!

Бізді алып баратын автобус- a bus.

Ал енді арттарыңа қараңдар, біздің автобусты жеңіл машина қуып жетті -...what is this?(Машина(car)

-Мен барамын зообаққа

Бізді қуып жеткен машина- саr

- What colour is the car? (cары (yellow) -

4. orange, lion, tiger.

-Біз сұрақтарға жауап беріп отырғанымызда сиқырлы автобус бізді зообаққа алып та келді.

Ол жақта қандай аңдар бар екенін көрейік

-Мынау отырған кім?.Who is this? (арыстан ( lion)

-Ал мынау қандай аң? What is this?(Тигр( tiger )

-

5. parrot, crocodile, red,green.

- What colour is our crocodile?(жасыл ( green )

What colour is our parrot? (қызыл (red)

6. Сергіту сәті: (jump, run, sit down, stand up- етістіктерін бекіту).

- Біз көп жүрдік, шаршадық, кішкене ойын ойнап жіберейік! Let's jump, run, sit down, stand up.

7. Ән ''A rainbow''.

- Міне біз түстерді біраз қайталау үшін «Кемпірқосақ» әнін есімізге түсіріп, бірге айтайық!

Red, and yellow

And pink, and green

Purple, and orange, and blue,

I can sing a rainbow,

Sing a rainbow, too.

3. Қорытынды

- Олай болса біз сиқырлы автобусымызға мініп, үйімізге қайтайық, көргендеріңді ата-аналарыңа айтып беріңдер.




© 2010-2022