Ағылшын тілін ерте жастан оқыту

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшіліктері.

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан халқының алдына жоғарғы талап қойды. Бұнда Қазақстан халқы бәсекелестікке қабілетті, көптілді ортаны дамыту керек делінген.Ұлттық тілдің құнарлығын сақтай отырып, басқа тілдерді оқытудың озық тәжірибелерін ала отырып көптілді тұлғаны қалыптастыру. Көптілділік дегеніміз бұл полимәдениеттілік ,ал бұл тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың негізі болып саналады.

Абай атамыз «Тіл жүректің айтқанына көнсе,жалған шықпайды» деген нақыл сөзіне сүйене отырып ,қазіргі заманға сай айтылған сияқты,тілді меңгергіміз келсе «тіл үйрену үшін тілек те, жүрек те керек» екенін ұғынамыз .

Көптілділіктің негізі ана тілден бастау алу керек. Ата-бабамыз «Баланы -жастан » десе, ана тілі ананың сүтімен сіңеді, өз ана тілін әбден толық меңгермеген балағ ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Көптілді қоғамдағы білім мақсаты бұл көпұлтты мемлекеттегі ұлттардың сыйластығы, бір-бірін түсіне білудің коммуникативті қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

«Жеті тілді білген, жеті қат жер астындағын біледі» немесе «Жеті жұрттың тілін біл, жетпіс түрлі білім біл» - деген ата-бабамыз сол ерте заманда көрегенділік көрсетіп, көп тілді білудің маңыздылығын атап көрсетіп, келешек ұрпаққа басқа ұлт тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін үйренуге өсиет еткен.

«Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» дегендей көптілді азаматтың көп нәрсеге қол жеткізетіндігі, басқаларға қарағанда бәсекеге қабілетті, қалаған жерінде жұмыс істеп, қай елге барса да еркін сөйлеп, өзінің ойын айта алатындығын көрсетеді. Нарықтық экономиканың дамуы, бизнес саласының ауқымының кеңеюі, әртүрлі елдер арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастың өсуі қазақстандықтардың алдына жаңа талаптар,бағыт-бағдар, жоспарлар қояды және азаматтар көптілді меңгеруі бұл заман талабы екенін түсіне білу керек. Қазір қоғамның қай саласы болмасын көптілді білу өмір талабы, мыс:қазіргі кезде медицина саласында дәрігерлердің ағылшын тілін білуі алғы шарт болып тұр, жаңа мед аспаптармен, аппаратпен жұмыс істеу, дамыған елдердің озық тәжірибесін алуда, коммуникацияға түсуде ең керегі басқа тілдерді білу, түсіну.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мынадай міндеттерін атауға болады:

-Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;

-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;

- Оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;

-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

- оқушылардың алған теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту, оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу, баланың білім деңгейін саралап, шығаомашылық жұмысқа тарту;оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру, әр оқушыға жеке әдіс амал қолдану.

Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.

Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Мысалы: Жанұя, түр-түс, 1-10 дейінгі сан, жануарлар, ауа-райы, спорт, дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер, модалды етістік, «болу» «бар болу» етістіктерін қолдану. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Баламен ойнай отырып үйретсе бала сол тілдердің барлығында еркін меңгеріп кетеді -дейді академик,профессор Ш.А.Амонашвили. олай болса

ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім -біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады - қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну - сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді.

Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.

Міндеттері:

1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.

2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.

3.Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.

2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек

3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек

4.Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз -ақыл -ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс -тәсілдерді, сондай -ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.

Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.

Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.

Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.3 тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда жоғары болуынан және оқулықтан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындағанда тиянақты, ұқыпты орындайтындарын байқауға болады. Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі тағы бір жақсы жағы - бастауыш сынып оқушыларында сөз қоры едәуір ұлғаяды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Қорыта айтқанда шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмейемін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.Қазақтың қахарманы Б.Момышұлы:: «Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің қорын игерумен бірге, басқа тілдердің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал» дегендей қазіргі кезде ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің маңызы зор.

Әдебиеттер:

1.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.

2.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.

3.Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.

4.Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.

5.Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.

6. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2

7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5

8.Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. - Алматы:

9.Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.

Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Баяндама.

Тақырыбы: «Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшеліктері»

Дайындаған: Мұғалжар ауданы, Құмсай орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі : Бухарбаева Сандуғаш Мейрхановна



Ақтөбе, 2015ж

© 2010-2022